2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) жалпы ауданы 9,953 гектар жер учаскесі орман қоры жерлерінен өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Қарағанды облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің "РФ (Екатеринбургке) – Алматы шекарасы" автомобиль жолының "Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы" Орталық – Оңтүстік дәлізі Қарағанды – Теміртау учаскесінің 1444–1457,4 км реконструкциялау үшін "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – комитет) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығасылары мен шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің балансына бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 562 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы ауданы, | оның ішінде: | |||
орман | жайылымдар | алаңқайлар | жыра | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 9,953 | 3,5522 | 2,3016 | 1,1798 | 2,9194 |
Барлығы: | 9,953 | 3,5522 | 2,3016 | 1,1798 | 2,9194 |