2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы ауданы 145,965 гектар жер учаскесi "Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "Жаркент орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің орман қоры жерлері санатынан Қорғас өзенінде селден қорғау құрылысын салу үшін өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Алматы облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығынын республикалық бюджет кірісіне өтесін және алынған сүректі көрсетілген мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 612 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы | оның ішінде: | ||
орман | жайылымдар |
өзге | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
"Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "Жаркент орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі | 145,965 | 140,145 | 3,9 | 1,92 |
Барлығы: | 145,965 | 140,145 | 3,9 | 1,92 |