Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2018 – 2021 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 562 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2018 – 2021 жылдарға арналған кешенді жоспарында:
он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Көшіп келушілерге 2 142 үй салу республиканың жұмыс күші көп өңірлерінен 10 мыңға жуық адамды қабылдауға мүмкіндік береді, бұл еңбек нарығындағы жағдайды жақсартуға, ауылдардағы білім беретін мектептер желісін сақтап қалуға ықпал етеді.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |