Пилоттық режимде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды сынақтан өткізудің кейбір мәселелері және "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 655 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысымен

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 672 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Пилоттық режимде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды сынақтан өткізу медициналық көрсетілетін қызметтерінің есебін бөлек жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысы үшін:

      1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 1-тізбесі;

      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 2-тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Қарағанды облысының әкімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылғы 1 қарашаға дейінгі және 2019 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне іске асыру қорытындылары туралы ақпарат берсін.

      4. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы қаулының қолданысы Қарағанды облысы үшін 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.";

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне қосымшада:

      "Консультациялық-диагностикалық көмек" деген 2-бөлімде:

      "Көрсетілетін қызметтердің атауы" деген 2-баған:

      мына:

      "


8. Ангиография

Айғақтар бойынша

  "

      деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "


Мамандардың жолдамасы бойынша онкологиялық ауруларға күдігі бар пациенттерге арналған қымбат тұратын диагностикалық қызметтердің түрлері:

Айғақтар бойынша


1. Компьютерлік томография

Айғақтар бойынша


2. Магниттік-резонанстық томография

Айғақтар бойынша

  ".

      5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс, осы қаулыға қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілетін 4-тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2019 жылғы 3 қыркүйектегі
  № 655 қаулысымен
  бекітілген

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 1-тізбесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 1-тізбесі (бұдан әрі – 1-ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға немесе өндірістік базасы Қарағанды облысының аумағында орналасқан денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық көмек алатын адамдарға ұсынылады.

      2. 1-ТМККК-ге:

      1) жедел медициналық көмек;

      2) санитариялық авиация;

      3) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК);

      4) МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

      5) стационарды алмастыратын көмек;

      6) стационарлық көмек;

      7) медициналық көрсетілімдер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;

      8) туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;

      9) халықтың жекелеген санаттарына арналған паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім;

      10) патологиялық-анатомиялық диагностика;

      11) тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында мәйітті ағзаларды және (немесе) тіндерді алуға дайындау, тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау кіреді.

2-тарау. 1-ТМККК тізбесі

      3. Жедел медициналық көмек уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тәулік бойы көрсетіледі және мыналарды қамтиды:

      1) шұғыл көрсетілімдер бойынша медициналық көмек көрсету;

      2) шұғыл көрсетілімдер бойынша пациенттерді медициналық ұйымдарға жеткізу;

      3) кейіннен транспланттау үшін қажет болған кезде пациентті (пациенттерді), сондай-ақ ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөлігін) тасымалдау.

      4. Санитариялық авиация:

      1) пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті мамандығы және (немесе) біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді;

      2) білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не пациентті (пациенттерді), сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіндердің бөлігін) тиісті медициналық ұйымға әуе көлігімен тасымалдауды қамтиды.

      5. МСАК – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтердің кешенін қамтитын, тәулік бойы медициналық байқау болмайтын, дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.

      МСАК мыналарды:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелерді;

      2) Кодекстің 155-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен халықтың нысаналы топтарын ("Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген адамдарды қоспағанда) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді, оның ішінде:

      балаларды тісті және ауыз қуысының сілемейлі қабығына күтім жасау бойынша санитариялық-гигиеналық дағдыларға оқытуды – профилактикалық мақсатта жылына бір рет;

      мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеріп-қарауды профилактикалық мақсатта жылына бір рет;

      3) бір жасқа дейінгі балаларға патронажды;

      4) жүктілікті байқауды және отбасын жоспарлауды;

      5) Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 127) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша созылмалы аурулары бар науқастарды динамикалық байқауды, оның ішінде:

      диагностикалық зерттеулердің міндетті ең аз мөлшерін (асқынудан тыс);

      созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларына сәйкес науқастарды және олардың отбасы мүшелерін өзін-өзі бақылауын, өзіне және өзара көмек көрсетуге оқытуды;

      6) Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 92) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық-әлеуметтік көмекті;

      7) кезек күттірмейтін медициналық көмекті, оның ішінде:

      Кодекстің 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен төртінші күрделілік санатындағы жедел медициналық көмек шақыртуларына қызмет көрсетуді;

      8) МСАК маманының, оның ішінде жіті аурулар немесе созылмалы аурулар асқынған кездегі қабылдауын, консультациясын, оның ішінде:

      уәкілетті орган бекіткен тәртіппен МСАК деңгейінде көрсетілетін медициналық манипуляциялар мен ем-шаралар жүргізуді;

      Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына рецепт жазуды, уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуді;

      МСАК мамандарының үйде пациенттерге қызмет көрсетуі – Кодекстің 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде көзделген көрсетілімдер бойынша;

      осы Тізбенің 7-тармағына сәйкес стационарды алмастыратын, оның ішінде үйде көмек көрсетуді;

      Кодекстің 59-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптаманы;

      9) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша диагностикалық қызметтерді, оның ішінде зертханалық диагностиканы;

      10) саламатты өмір салты, ұрпақты болу денсаулығы және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша пациенттерге консультация беруді, оның ішінде:

      профилактикалық кабинеттерде және МСАК ұйымдарының денсаулық мектептерінде оқытуды қамтиды.

      6. МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек:

      1) әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін адамдарды динамикалық байқауды қоса алғанда, оларға медициналық-әлеуметтік көмекті, оның ішінде Кодекстің 7-бабының 89) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бейінді мамандардың қабылдауын және консультациясын;

      2) бейінді мамандардың динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулары бар адамдарды қабылдауын және консультациясын;

      3) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын халықтың нысаналы топтарын Кодекстің 155-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және осындай қарап-тексерулер өткізу кезеңділігімен профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді (оның ішінде скринингтер);

      4) уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бейінді мамандардың медициналық манипуляциялар мен ем-шараларды орындауын;

      5) жіті және созылмалы аурулар, жарақаттанулар, уланулар немесе басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлер кезінде пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;

      6) "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүкті әйелдерге және он сегіз жасқа дейінгі балаларға медициналық-генетикалық консультация беруді;

      7) Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес ағымы асқынған жүктілікті медициналық байқауды және патронажды;

      8) Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға рецепт жазуды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуді;

      9) бейінді мамандардың пациенттерге үйде қызмет көрсетуі – Кодекстің 32-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде айқындалған көрсетілімдер бойынша;

      10) Кодекстің 42-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен көрсетілетін жоғары технологиялы медициналық қызметтерді қолдануды;

      11) осы Тізбенің 7-тармағына сәйкес стационарды алмастыратын көмек көрсетуді;

      12) Кодекстің 59-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптаманы;

      13) құқық қорғау органдары, тергеу және анықтау органдары жолдаған кезде психикалық белсенді заттарды тұтынуы тұрғысынан медициналық куәландыруды қоса алғанда, уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша диагностикалық көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде зертханалық диагностиканы қамтиды.

      7. Стационарды алмастыратын медициналық көмек:

      1) әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеуге;

      2) динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеуге;

      3) тәулік бойы стационар жағдайында емдеуді талап етпейтін диагноз қойылғанға дейін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізуге арналады.

      8. Стационарлық медициналық көмек:

      1) шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызылған пациенттерді;

      2) әлеуметтік мәні бар ауруларды;

      3) Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 89) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларды;

      4) динамикалық байқауға жататын созылмалы ауруларды емдеуді қамтиды.

      9. Стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде қанды және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасына сәйкес және тәртіппен медициналық көрсетілімдер бойынша қан препараттарымен және оның компоненттерімен, сондай-ақ Кодекстің 162-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен оларды сақтау, құю тәртібіне сәйкес қанмен, оның компоненттерімен, препараттарымен қамтамасыз ету.

      10. Стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган бекіткен туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес туберкулезбен ауыратын және туберкулезбен ауырған науқастарды қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту.

      11. Стационарды алмастыратын және стационарлық медициналық көмек көрсету кезінде Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 99) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен халықтың жекелеген санаттарына арналған паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім.

      12. Патологиялық-анатомиялық диагностика:

      1) патологиялық-анатомиялық ашу;

      2) динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар, әлеуметтік мәні бар аурулар, оның ішінде шұғыл түрде емдеуге жатқызу;

      3) инфекциялық аурулар мен айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар, оның ішінде шұғыл түрде емдеуге жатқызу кезінде жүзеге асырылады.

      13. Тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында мәйітті ағзаларды және (немесе) тіндерді алуға дайындау, тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.

      14. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу көрсетілімдері бар болған кезде және Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 80) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен көрсетіледі.

      15. 1-ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету:

      1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде – денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес;

      2) МСАК көмек көрсету кезінде – Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес белгілі бір аурулары (жай күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекіткен дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      1-ТМККК ұсыну кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен бейімделген емдік өнімдерді пайдаланады. Дәрілік заттар Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілуге тиіс.

      Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 32) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды нақты пациенттің тіршілік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қолдануға жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 655 қаулысымен
бекітілген

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 2-тізбесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 2-тізбесі (бұдан әрі – 2-ТМККК) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға немесе өндірістік базасы Қарағанды облысының аумағында орналасқан денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық көмек алатын адамдарға ұсынылады.

      2. 2-ТМККК шеңберінде медициналық көмек халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған дәрі-дәрмектік көмекті қамтитын медициналық көрсетілетін қызметтер кешені түрінде ұсынылады.

      3. 2-ТМККК шеңберінде:

      1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;

      2) МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша ауруларды 1-ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, стационарды алмастыратын көмек;

      3) емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған саны шеңберінде МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша ауруларды 1-ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы стационарлық көмек;

      4) уәкілетті орган бекіткен аурулар (жай-күйлер) тізбесі бойынша МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру емі;

      5) 1-ТМККК-ге кірмейтін аурулардың патологиялық-анатомиялық диагностикасы ұсынылады.

2-тарау. 2-ТМККК шеңберіндегі медициналық көмектің тізбесі

      4. МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 155-бабының 7-тармағына сәйкес он сегіз жасқа дейінгі балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексерулер;

      2) бейінді мамандардың 1-ТМККК шеңберінде динамикалық байқауға жатпайтын аурулары бар адамдарды қабылдауы және консультациялары, оның ішінде:

      диагностикалық қызметтер, оның ішінде көрсетілімдер бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен маманның жолдамасы бойынша зертханалық диагностика;

      Кодекстің 42-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ұсынылатын жоғары технологиялы медициналық қызметтерді қолдану;

      уәкілетті орган бекіткен тәртіппен бейінді мамандардың медициналық манипуляциялар мен ем-шараларды орындауы;

      осы Тізбенің 5-тармағына сәйкес стационарды алмастыратын көмек көрсету;

      дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға рецепт жазу;

      Кодекстің 59-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама;

      3) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету.

      5. Ауруларды 1-ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, стационарды алмастыратын көмек МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша ұсынылады және мыналарды:

      1) бейінді мамандардың қарап-тексеруін, консультацияларын;

      2) диагностикалық қызметтерді, оның ішінде зертханалық диагностиканы;

      3) медициналық манипуляцияларды, ем-шараларды және хирургиялық операцияларды (эстетикалық пластикалық операцияларды қоспағанда) жүргізу арқылы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, емдеуге жатқызуға себеп болған ауруды және оның асқынуларын, өмірге қауіп төндіретін қосарласқан ауруларды емдеуді;

      4) Кодекстің 42-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ұсынылатын жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдануды;

      5) уәкілетті орган бекіткен аурулар (жай-күйлер) тізбесі бойынша МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалтуды және қалпына келтіру емін;

      6) қозғалысы шектеулі адамдарға жіті жай-күйлер және созылмалы аурулардың асқынуы кезінде үйдегі стационарды ұйымдастыруды қамтиды.

      6. Емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған саны шеңберінде ауруларды 1-ТМККК шеңберінде емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы стационарлық көмек МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша ұсынылады және мыналарды:

      1) медициналық көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың қарап-тексеруін, консультацияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы;

      2) диагностикалық қызметтерді, оның ішінде медициналық көрсетілімдер бойынша зертханалық диагностиканы;

      3) медициналық манипуляцияларды, ем-шараларды және хирургиялық операцияларды (эстетикалық пластикалық операцияларды қоспағанда) жүргізу арқылы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, емдеуге жатқызуға себеп болған ауруды және оның асқынуларын, өмірге қауіп төндіретін қосарласқан ауруларды емдеуді;

      4) Кодекстің 162-бабының 5-тармағына сәйкес қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасына, қағидаларына сәйкес қанмен, оның компоненттерімен, препараттарымен сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен қанды, оның компоненттерін, препараттарын сақтау, құю қағидаларына сәйкес қанмен және оның компоненттерімен, препараттарымен қамтамасыз етуді;

      5) Кодекстің 42-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен ұсынылатын жоғары технологиялы медициналық қызметтерді қолдануды;

      6) уәкілетті орган бекіткен аурулар (жай-күйлер) тізбесі бойынша МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалтуды және қалпына келтіру емін;

      7) Кодекстің 59-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүргізілетін еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптаманы;

      8) "Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысымен бекітілген тамақтанудың заттай нормаларына сәйкес ұсынылатын емдік тамақтануды;

      9) стационар палатасында қосымша сервистік көрсетілетін қызметтерді (теледидар, тоңазытқыш, телефон байланысы, тапсырыс бойынша тағам, медициналық көрсетілімдерге байланысты жағдайларды қоспағанда, палатада жалғыз жатқызу) ұсынусыз пациентке емдеуге жатқызудың барлық кезеңіне төсек-орын беруді;

      10) үш жасқа дейінгі баланы, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты бере отырып, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігін ұсынуды;

      11) медициналық ұйымда баланы күтіп-бағу үшін болған барлық кезеңде бір жасқа дейінгі баланы емізетін ананы тегін тамақпен қамтамасыз етуді;

      12) балалар стационарлық медициналық ұйымдарында ойнау, демалу және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтиды.

      7. Уәкілетті орган бекіткен тәртіппен МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру емі.

      8. 1-ТМККК-ге кірмейтін аурулардың патологиялық-анатомиялық диагностикасы.

      9. 2-ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, бейімделген емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.

      2-ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, бейімделген емдік өнімдерді, иммундық-биологиялық препараттарды пайдаланады. Дәрілік заттар Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға енгізілуге тиіс.

      Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 32) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды нақты пациенттің тіршілік көрсетілімдері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қолдануға жол беріледі.

О некоторых вопросах апробирования обязательного социального медицинского страхования в пилотном режиме и внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2136 "Об утверждении перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 сентября 2019 года № 655. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2020 года № 672 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 16.10.2020 № 672 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Действовало до 31.12.2019 включительно, за исключением абзацев четвертого, пятого, шестого, седьмого, восьмого, девятого и десятого пункта 4, которые вводятся в действие со дня подписания настоящего постановления.
      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.5

В целях раздельного учета медицинских услуг апробирования обязательного социального медицинского страхования в пилотном режиме Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1. Утвердить прилагаемые для Карагандинской области:

1) перечень гарантированного объема бесплатной медицинской помощи-1;

2) перечень гарантированного объема бесплатной медицинской помощи-2.

2. Министерству здравоохранения Республики Казахстан и акиму Карагандинской области принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

3. Министерству здравоохранения Республики Казахстан представить в Администрацию Президента Республики Казахстан и Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан информацию об итогах реализации в срок до 1 ноября 2019 года и 20 декабря 2019 года.

4. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2009 года № 2136 "Об утверждении перечня гарантированного объема бесплатной медицинской помощи" (САПП Республики Казахстан, 2009 г., № 59, ст. 529) следующие дополнения:

пункт 4 дополнить частью второй следующего содержания:

"Приостановить до 31 декабря 2019 года включительно действие настоящего постановления для Карагандинской области.";


      в приложении к перечню гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденному вышеуказанным постановлением:

      в разделе 2 "Консультативно-диагностическая помощь":

      графу 2 "Наименование услуги":

      после строки:

      "


8. Ангиография

По показаниям

  "

      дополнить строками следующего содержания:

      "


Дорогостоящие виды диагностических исследований для пациентов с подозрением на онкологические заболевания по направлению специалистов:

По показаниям


1. Компьютерная томография

По показаниям


2. Магнитно-резонансная томография

По показаниям

  ".

5. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию, вводится в действие с 1 сентября 2019 года и действует до 31 декабря 2019 года, за исключением абзацев четвертого, пятого, шестого, седьмого, восьмого, девятого и десятого пункта 4, которые вводятся в действие со дня подписания настоящего постановления.

Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утвержден
постановлением Правительства

Республики Казахстан

от 3 сентября 2019 года № 655

Перечень гарантированного объема бесплатной медицинской помощи-1

Глава 1. Общие положения

1. Перечень гарантированного объема бесплатной медицинской помощи-1 (далее – ГОБМП-1) предоставляется гражданам Республики Казахстан, оралманам, иностранцам и лицам без гражданства, постоянно проживающим на территории Карагандинской области Республики Казахстан или получающим медицинскую помощь в субъектах здравоохранения, производственные базы которых расположены на территории Карагандинской области.

2. В ГОБМП-1 входят:

1) скорая медицинская помощь

2) санитарная авиация;

3) первичная медико-санитарная помощь (далее – ПМСП);

4) консультативно-диагностическая помощь по направлению специалиста ПМСП и профильных специалистов;

5) стационарозамещающая помощь;

6) стационарная помощь;

7) обеспечение препаратами крови и ее компонентами по медицинским показаниям;

8) восстановительное лечение и медицинская реабилитация больных туберкулезом и перенесших туберкулез;

9) паллиативная помощь и сестринский уход для отдельных категорий населения;

10) патологоанатомическая диагностика;

11) подготовка трупа к изъятию органов и (или) тканей, изъятие, консервация, заготовка, хранение, транспортировка ткани (части ткани) и (или) органов (части органов) с целью трансплантации тканей (части ткани) или органов (части органов).

Глава 2. Перечень ГОБМП-1

3. Скорая медицинская помощь оказывается круглосуточно в порядке, установленном уполномоченным органом, и включает:

1) оказание медицинской помощи по экстренным показаниям;

2) доставку пациентов в медицинские организации по экстренным показаниям;

3) при необходимости транспортировку пациента (ов), а также органов (части органов) и (или) тканей (части тканей) для последующей трансплантации.

4. Санитарная авиация включает:

1) предоставление экстренной медицинской помощи населению при невозможности оказания медицинской помощи из-за отсутствия медицинского оборудования и (или) специалистов соответствующей специальности и (или) квалификации в медицинской организации по месту нахождения пациента;

2) доставку квалифицированных специалистов к месту назначения либо транспортировку пациента (ов), а также органов (части органов) и (или) тканей (части тканей) для последующей трансплантации в соответствующую медицинскую организацию воздушным транспортом.

5. ПМСП – доврачебная или квалифицированная медицинская помощь без круглосуточного медицинского наблюдения, включающая комплекс доступных медицинских услуг, оказываемых на уровне человека, семьи и общества.

ПМСП включает:

1) профилактические прививки против инфекционных и паразитарных заболеваний согласно перечню, утвержденному Правительством Республики Казахстан, в соответствии с подпунктом 18) статьи 6 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс);

2) профилактические медицинские осмотры целевых групп населения, утвержденные уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 7 статьи 155 Кодекса (за исключением лиц, указанных в Законе Республики Казахстан "Об обязательном социальном медицинском страховании"), в том числе:

обучение детей санитарно-гигиеническим навыкам по уходу за зубами и слизистой оболочкой полости рта – один раз в год с профилактической целью;

профилактические осмотры полости рта детей в детских дошкольных образовательных организациях, учащихся средних общеобразовательных организаций, женщин, вставших на учет по беременности, – один раз в год с профилактической целью;

3) патронаж детей в возрасте до одного года;

4) наблюдение беременности и планирование семьи;

5) динамическое наблюдение больных с хроническими заболеваниями по перечню, утвержденному уполномоченным органом, в соответствии с подпунктом 127), пункта 1 статьи 7 Кодекса, в том числе:

обязательный минимум диагностических исследований (вне обострения);

обучение больных и членов их семей самоконтролю, само- и взаимопомощи в соответствии с программами управления хроническими заболеваниями;

6) медико-социальную помощь при социально значимых заболеваниях по перечню, утвержденному уполномоченным органом, в соответствии с подпунктом 92) пункта 1 статьи 7 Кодекса;

7) неотложную медицинскую помощь, в том числе:

обслуживание вызовов скорой медицинской помощи четвертой категории сложности в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 4-1 статьи 45 Кодекса;

8) прием, консультацию специалиста ПМСП, в том числе при острых или обострении хронических заболеваний, включая:

проведение медицинских манипуляций и процедур, оказываемых на уровне ПМСП в порядке, утвержденном уполномоченным органом;

выписку рецептов на лекарственные средства и медицинские изделия, в том числе отдельным категориям граждан с определенными заболеваниями (состояниями), обеспечение бесплатными или льготными лекарственными средствами и специализированными лечебными продуктами на амбулаторном уровне согласно перечню, утвержденному уполномоченным органом, в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 88 Кодекса;

обслуживание пациентов на дому специалистами ПМСП – по показаниям, предусмотренным положением о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих амбулаторно-поликлиническую помощь, утвержденным уполномоченным органом, в соответствии с подпунктом 1) пункта 3 статьи 32 Кодекса;

оказание стационарозамещающей помощи, в том числе на дому, в соответствии с пунктом 7 настоящего перечня;

экспертизу временной нетрудоспособности, проводимую в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 2 статьи 59 Кодекса;

9) диагностические услуги, в том числе лабораторную диагностику по перечню, утвержденному уполномоченным органом;

10) консультирование пациентов по вопросам здорового образа жизни, репродуктивного здоровья и планирования семьи, в том числе:

обучение в профилактических кабинетах и школах здоровья организаций ПМСП.

6. Консультативно-диагностическая помощь по направлению специалиста ПМСП и профильных специалистов включает:

1) медико-социальную помощь лицам, страдающим социально значимыми заболеваниями, включая их динамическое наблюдение, в том числе прием и консультацию профильных специалистов в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с подпунктом 89) статьи 7 Кодекса;

2) прием и консультации профильных специалистов лиц с хроническими заболеваниями, подлежащими динамическому наблюдению;

3) профилактические медицинские осмотры (в том числе скрининги) целевых групп населения, подлежащих профилактическим медицинским осмотрам, в порядке и с периодичностью проведения данных осмотров, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 7 статьи 155 Кодекса;

4) выполнение профильными специалистами медицинских манипуляций и процедур в порядке, утвержденном уполномоченным органом;

5) предоставление пациентам специализированной медицинской помощи при острых и хронических заболеваниях, травмах, отравлениях или других неотложных состояниях;

6) медико-генетическое консультирование беременных и детей до восемнадцати лет в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с подпунктом 1) статьи 5 Закона Республики Казахстан "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями";

7) медицинское наблюдение и патронаж осложненной беременности в соответствии со стандартом организации оказания акушерско-гинекологической помощи, утвержденным уполномоченным органом, согласно подпункту 6) пункта 1 статьи 7 Кодекса;

8) выписку рецептов на лекарственные средства и медицинские изделия, в том числе отдельным категориям граждан с определенными заболеваниями (состояниями), обеспечение бесплатными или льготными лекарственными средствами и специализированными лечебными продуктами на амбулаторном уровне согласно перечню, утвержденному уполномоченным органом, в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 88 Кодекса;

9) обслуживание пациентов на дому профильными специалистами – по показаниям, определенным положением о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих амбулаторно-поликлиническую помощь, утвержденным уполномоченным органом, в соответствии с подпунктом 1) пункта 3 статьи 32 Кодекса;

10) применение высокотехнологичных медицинских услуг, предоставляемых в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 2 статьи 42 Кодекса;

11) оказание стационарозамещающей помощи в соответствии с пунктом 7 настоящего перечня;

12) экспертизу временной нетрудоспособности, проводимую в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 2 статьи 59 Кодекса;

13) диагностические услуги, в том числе лабораторную диагностику, по перечню, утвержденному уполномоченным органом, включая медицинское освидетельствование на предмет употребления психоактивных веществ – при направлении правоохранительных органов, органов следствия и дознания.

7. Стационарозамещающая медицинская помощь для:

1) лечения социально значимых заболеваний;

2) лечения хронических заболеваний, подлежащих динамическому наблюдению;

3) проведения лечебно-диагностических мероприятий в приемном отделении стационара до установления диагноза, не требующего лечения в условиях круглосуточного стационара.

8. Стационарная медицинская помощь, включающая лечение:

1) пациентов, госпитализированных по экстренным показаниям;

2) социально значимых заболеваний;

3) инфекционных заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих, по перечню, утвержденному уполномоченным органом, в соответствии с подпунктом 89) пункта 1 статьи 7 Кодекса;

4) хронических заболеваний, подлежащих динамическому наблюдению.

9. Обеспечение препаратами крови и ее компонентами по медицинским показаниям в соответствии с номенклатурой и в порядке их заготовки, переработки, хранения, реализации, а также кровью, ее компонентами, препаратами в соответствии с порядком их хранения, переливания, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 5 статьи 162 Кодекса при оказании стационарозамещающей и стационарной медицинской помощи.

10. Восстановительное лечение и медицинская реабилитация больных туберкулезом и перенесших туберкулез согласно стандарту организации оказания медицинской помощи при туберкулезе, утвержденному уполномоченным органом, при оказании стационарозамещающей и стационарной медицинской помощи.

11. Паллиативная помощь и сестринский уход для отдельных категорий населения в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с подпунктом 99) пункта 1 статьи 7 Кодекса при оказании стационарозамещающей и стационарной медицинской помощи.

12. Патологоанатомическая диагностика осуществляется при:

1) патологоанатомическом вскрытии;

2) хронических заболеваниях, подлежащих динамическому наблюдению, социально значимых заболеваниях, в том числе при экстренной госпитализации;

3) инфекционных заболеваниях и заболеваниях, представляющих опасность для окружающих, в том числе при экстренной госпитализации.

13. Подготовка трупа к изъятию органов и (или) тканей, изъятие, консервация, заготовка, хранение, транспортировка ткани (части ткани) и (или) органов (части органов) с целью трансплантации тканей (части ткани) или органов (части органов).

14. Лечение граждан Республики Казахстан за рубежом оказывается при наличии показаний и в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с подпунктом 80) пункта 1 статьи 7 Кодекса.

15. Обеспечение лекарственными средствами, медицинскими изделиями, специализированными лечебными продуктами, иммунобиологическими препаратами в рамках ГОБМП-1 осуществляется:

1) при оказании скорой, стационарной и стационарозамещающей помощи − в соответствии с лекарственными формулярами организаций здравоохранения;

2) при оказании ПМСП − в соответствии с утвержденным уполномоченным органом перечнем лекарственных средств, медицинских изделий и специализированных лечебных продуктов для бесплатного и льготного обеспечения отдельных категорий граждан с определенными заболеваниями (состояниями) в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 88 Кодекса.

При предоставлении ГОБМП-1 субъектами здравоохранения используются лекарственные средства, медицинские изделия и специализированные лечебные продукты, зарегистрированные в Республике Казахстан. Лекарственные средства должны быть включены в казахстанский национальный лекарственный формуляр.

Допускается применение не зарегистрированных в Республике Казахстан лекарственных средств и медицинских изделий для оказания медицинской помощи по жизненным показаниям конкретного пациента либо оказания медицинской помощи ограниченному контингенту пациентов с редкой и (или) особо тяжелой патологией в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с подпунктом 32) пункта 1 статьи 7 Кодекса.

  Утвержден
постановлением Правительства

Республики Казахстан

от 3 сентября 2019 года № 655

Перечень гарантированного объема бесплатной медицинской помощи-2

Глава 1. Общие положения

1. Перечень гарантированного объема бесплатной медицинской помощи-2 (далее – ГОБМП-2) предоставляется гражданам Республики Казахстан, оралманам, иностранцам и лицам без гражданства, постоянно проживающим на территории Карагандинской области Республики Казахстан или получающим медицинскую помощь в субъектах здравоохранения, производственные базы которых расположены на территории Карагандинской области.

2. Медицинская помощь в рамках ГОБМП-2 предоставляется в виде комплекса медицинских услуг, включающих лекарственную помощь, направленных на сохранение и восстановление здоровья населения.

3. В рамках ГОБМП-2 предоставляются:

1) консультативно-диагностическая помощь по направлению специалиста первичной медико-санитарной помощи (далее – ПМСП) и профильных специалистов;

2) стационарозамещающая помощь, за исключением случаев лечения заболеваний в рамках ГОБМП-1, по направлению специалиста ПМСП или медицинской организации;

3) плановая стационарная помощь, за исключением случаев лечения заболеваний в рамках ГОБМП-1, по направлению специалиста ПМСП или медицинской организации в рамках планируемого количества случаев госпитализации;

4) медицинская реабилитация и восстановительное лечение по направлению специалиста ПМСП или медицинской организации по перечню заболеваний (состояний), утвержденному уполномоченным органом;

5) патологоанатомическая диагностика заболеваний, не входящих в ГОБМП-1.

Глава 2. Перечень медицинской помощи в рамках ГОБМП-2

4. Консультативно-диагностическая помощь по направлению специалиста ПМСП и профильных специалистов включает:

1) профилактические медицинские осмотры детей в возрасте до восемнадцати лет и лиц старше восемнадцати лет в порядке и с периодичностью, утвержденными уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 7 статьи 155 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс);

2) прием и консультации профильными специалистами лиц с заболеваниями, не подлежащими динамическому наблюдению в рамках ГОБМП-1, в том числе:

диагностические услуги, в том числе лабораторную диагностику, по показаниям, по направлению специалиста в порядке, утвержденном уполномоченным органом;

применение высокотехнологичных медицинских услуг, предоставляемых в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 2 статьи 42 Кодекса;

выполнение профильными специалистами медицинских манипуляций и процедур в порядке, утвержденном уполномоченным органом;

оказание стационарозамещающей помощи в соответствии с пунктом 5 настоящего перечня;

выписку рецептов на лекарственные средства и медицинские изделия;

экспертизу временной нетрудоспособности, проводимую в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 2 статьи 59 Кодекса.

3) оказание экстренной и плановой стоматологической помощи отдельным категориям населения по перечню, утвержденному уполномоченным органом.

5. Стационарозамещающая помощь предоставляется, за исключением случаев лечения заболеваний в рамках ГОБМП-1, по направлению специалиста ПМСП или медицинской организации и включает:

1) осмотр, консультации профильных специалистов;

2) диагностические услуги, в том числе лабораторную диагностику;

3) лечение заболевания, послужившего причиной госпитализации, и его осложнений, сопутствующих заболеваний, представляющих угрозу жизни, с использованием лекарственных средств, медицинских изделий, путем проведения медицинских манипуляций, процедур и хирургических операций (за исключением эстетических пластических операций);

4) применение высокотехнологичных медицинских услуг, предоставляемых в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 2 статьи 42 Кодекса;

5) медицинскую реабилитацию и восстановительное лечение по направлению специалиста ПМСП или медицинской организации по перечню заболеваний (состояний), утвержденному уполномоченным органом;

6) организацию стационара на дому при острых состояниях и обострениях хронических заболеваний лицам с ограниченной подвижностью.

6. Плановая стационарная помощь предоставляется, за исключением случаев лечения заболеваний в рамках ГОБМП-1, по направлению специалиста ПМСП или медицинской организации в рамках планируемого количества случаев госпитализации и включает:

1) осмотр, консультации профильных специалистов по медицинским показаниям, в том числе с использованием информационно-коммуникационных технологий;

2) диагностические услуги, в том числе лабораторную диагностику, по медицинским показаниям;

3) лечение заболевания, послужившего причиной госпитализации, и его осложнений, сопутствующих заболеваний, представляющих угрозу жизни, с использованием лекарственных средств, медицинских изделий, путем проведения медицинских манипуляций, процедур и хирургических операций (за исключением эстетических пластических операций);

4) обеспечение кровью, ее компонентами в соответствии с номенклатурой, правилами их заготовки, переработки, хранения, реализации, а также кровью, ее компонентами, препаратами в соответствии с правилами их хранения, переливания, утвержденными уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 5 статьи 162 Кодекса;

5) применение высокотехнологичных медицинских услуг, предоставляемых в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 2 статьи 42 Кодекса;

6) медицинскую реабилитацию и восстановительное лечение по направлению специалиста ПМСП или медицинской организации по перечню заболеваний (состояний), утвержденному уполномоченным органом;

7) экспертизу временной нетрудоспособности, проводимую в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с пунктом 2 статьи 59 Кодекса;

8) лечебное питание, предоставляемое согласно натуральным нормам на питание, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 января 2002 года № 128 "Об утверждении натуральных норм на питание и минимальных норм оснащения мягким инвентарем государственных организаций здравоохранения республики";

9) предоставление пациенту на весь период госпитализации койко-места, без предоставления дополнительных сервисных услуг в палате стационара (телевизор, холодильник, телефонная связь, заказное питание, индивидуальное пребывание в палате, за исключением случаев, обусловленных медицинскими показаниями);

10) предоставление возможности находиться в медицинской организации матери (отцу) или иному лицу, непосредственно осуществляющему уход за ребенком в возрасте до трех лет, а также за тяжелобольными детьми старшего возраста, нуждающимися по заключению врача в дополнительном уходе, с выдачей листа о временной нетрудоспособности;

11) обеспечение кормящей матери ребенка в возрасте до одного года бесплатным питанием в медицинской организации на весь период пребывания по уходу за ребенком;

12) создание необходимых условий для игр, отдыха и проведения воспитательной работы в детских стационарных медицинских организациях.

7. Медицинская реабилитация и восстановительное лечение по направлению специалиста ПМСП или медицинской организации в порядке, утвержденном уполномоченным органом.

8. Патологоанатомическая диагностика заболеваний, не входящих в ГОБМП-1.

9. Обеспечение лекарственными средствами, медицинскими изделиями, специализированными лечебными продуктами, иммунобиологическими препаратами при оказании медицинской помощи в рамках ГОБМП-2 осуществляется при оказании стационарной и стационарозамещающей помощи – в соответствии с лекарственными формулярами организаций здравоохранения.

При оказании медицинской помощи в рамках ГОБМП-2 субъектами здравоохранения используются лекарственные средства, медицинские изделия, специализированные лечебные продукты, иммунобиологические препараты, зарегистрированные в Республике Казахстан. Лекарственные средства должны быть включены в казахстанский национальный лекарственный формуляр.

Допускается применение не зарегистрированных в Республике Казахстан лекарственных средств, медицинских изделий для оказания медицинской помощи по жизненным показаниям конкретного пациента либо оказания медицинской помощи ограниченному контингенту пациентов с редкой и (или) особо тяжелой патологией в порядке, утвержденном уполномоченным органом, в соответствии с подпунктом 32) пункта 1 статьи 7 Кодекса.