"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 674 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;

      2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.

      3. Мемлекеттік комиссия 2019 жылғы 25 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасын әзірлесін.

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2020 жылғы 30 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, зандарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшыдан және Мемлекеттік комиссия мүшелерінен тұрады.

      4. Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып табылады.

      5. Мемлекеттік комиссияның құрамы танымал мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың өкілдерінен қалыптасады.

      6. Төрағаның шешімі бойынша Мемлекеттік комиссияға республикалық және жергілікті деңгейлердегі қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдар дербес енгізілуі мүмкін.

2. Мемлекеттік комиссияның міндеті, функциялары және өкілеттіктері

      7. Мемлекеттік комиссияның міндеті 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық болып табылады.

      8. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.

      9. Мемлекеттік комиссия өз құзыреті шегінде:

      1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;

      2) Мемлекеттік комиссияның отырыстарында Мемлекеттік комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

      3) Мемлекеттік комиссияның құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында кіші комиссияларды, жұмыс топтарын құруға құқылы.

3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      10. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      11. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде Мемлекеттік комиссия отырыстарының құқықтық күші болады.

      12. Мемлекеттік комиссияның шешімдері отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

      13. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссия мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

      14. Мемлекеттік комиссия төрағасы Мемлекеттік комиссияның қызметіне жалпы басшылық етуді жүзеге асырады және оның отырыстарында төрағалық етеді.

      15. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.

      16. Мемлекеттік комиссияның хатшысы:

      1) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешімдердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;

      2) Мемлекеттік комиссия мүшелерін кезекті отырыстың өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабардар етеді, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

      3) Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімдердің уақтылы және сапалы орындалуын бағалай отырып, оның төрағасына атқарылған жұмыс туралы оның мүшелері дайындаған есепті ұсынады;

      4) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      17. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      18. Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік комиссияға жүктелген міндеттерді орындауда оған жәрдем көрсетуге міндетті.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының -      төраға

      Президенті


      Қазақстан Республикасының Президенті -      төрағаның орынбасары

      Әкімшілігінің Басшысы


      Қазақстан Республикасының Ақпарат -      хатшы

      және қоғамдық даму вице-министрі


      Мемлекеттік комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің Басшысы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Басшысы

      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшісі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісу бойынша)

      "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы (келісу бойынша)

      "Nur Otan" партиясының жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстанның азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (келісу бойынша)

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О создании Государственной комиссии по подготовке к празднованию 30-летия Независимости Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2019 года № 674

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О создании Государственной комиссии по подготовке к празднованию 30-летия Независимости Республики Казахстан".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

О создании Государственной комиссии по подготовке к празднованию 30-летия Независимости Республики Казахстан

      В целях организации празднования 30-летия Независимости Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Создать Государственную комиссию по подготовке к празднованию 30-летия Независимости Республики Казахстан (далее - Государственная комиссия).

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) Положение о Государственной комиссии;

      2) состав Государственной комиссии.

      3. Государственной комиссии до 25 декабря 2019 года разработать Концепцию празднования 30-летия Независимости Республики Казахстан.

      4. Правительству Республики Казахстан до 30 мая 2020 года разработать и утвердить План мероприятий по празднованию 30-летия Независимости Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      6. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К.Токаев

  Утверждено
Указом Президента
Республики Казахстан
от 10 сентября 2019 года № 674

ПОЛОЖЕНИЕ
о Государственной комиссии по подготовке к празднованию 30-летия Независимости Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Государственная комиссия по подготовке к празднованию 30-летия Независимости Республики Казахстан (далее - Государственная комиссия) является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан.

      2. Государственная комиссия руководствуется в своей деятельности Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Государственная комиссия состоит из председателя, заместителя председателя, секретаря и членов Государственной комиссии.

      4. Председателем Государственной комиссии является Президент Республики Казахстан.

      5. Состав Государственной комиссии формируется из числа известных государственных и общественных деятелей, представителей политических партий, неправительственного сектора.

      6. По решению Председателя в Государственную комиссию персонально могут быть включены представители общественных советов республиканского и местного уровней, а также иные лица.

2. Задача, функции и полномочия Государственной комиссии

      7. Задачей Государственной комиссии является подготовка к празднованию 30-летия Независимости Республики Казахстан в 2021 году.

      8. Государственная комиссия осуществляет следующие функции:

      1) выработку предложений по вопросам организации празднования 30-летия Независимости Республики Казахстан;

      2) координацию деятельности государственных органов по подготовке к празднованию 30-летия Независимости Республики Казахстан в 2021 году.

      9. Государственная комиссия в пределах своей компетенции вправе:

      1) запрашивать от центральных и местных государственных органов информацию, документы и материалы, необходимые для выполнения возложенной задачи;

      2) заслушивать на заседаниях Государственной комиссии представителей центральных и местных государственных органов и иных организаций по вопросам, входящим в компетенцию Государственной комиссии;

      3) в целях выработки предложений по конкретным проблемам и вопросам, отнесенным к компетенции Государственной комиссии, образовывать подкомиссии, рабочие группы.

3. Организация деятельности Государственной комиссии

      10. Заседания Государственной комиссии проводятся по мере необходимости.

      11. Заседания Государственной комиссии правомочны при наличии двух третей от общего числа членов Государственной комиссии.

      12. Решения Государственной комиссии принимаются большинством голосов от общего числа ее членов, присутствующих на заседании. При равенстве голосов членов Государственной комиссии голос председательствующего является решающим.

      13. На заседания Государственной комиссии могут приглашаться должностные лица, не являющиеся членами Государственной комиссии, а также представители общественных организаций и средств массовой информации.

      14. Председатель Государственной комиссии осуществляет общее руководство деятельностью Государственной комиссии и председательствует на еҰ заседаниях.

      15. В отсутствие председателя его обязанности исполняет заместитель председателя.

      16. Секретарь Государственной комиссии:

      1) организует подготовку материалов к заседаниям Государственной комиссии, а также проектов протокольных решений;

      2) информирует членов Государственной комиссии о месте, времени проведения и повестке дня очередного заседания, своевременно обеспечивает их необходимыми материалами;

      3) представляет председателю Государственной комиссии подготовленный ее членами отчет о проделанной работе с оценкой своевременного и качественного исполнения принятых ею решений;

      4) осуществляет по поручению председателя Государственной комиссии иные функции.

      17. Рабочим органом Государственной комиссии является Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан.

      18. Центральные государственные органы и местные исполнительные органы обязаны оказывать содействие Государственной комиссии в выполнении возложенных на нее задач.

  Утвержден
Указом Президента
Республики Казахстан
от 10 сентября 2019 года № 674

СОСТАВ
Государственной комиссии по подготовке к празднованию 30-летия Независимости Республики Казахстан

Президент Республики Казахстан

-

председатель

Руководитель Администрации Президента Республики Казахстан

-

заместитель председателя

вице-министр информации и общественного развития Республики Казахстан

-

секретарь

      члены Государственной комиссии:

      Премьер-Министр Республики Казахстан

      Председатель Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

      Председатель Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

      Государственный секретарь Республики Казахстан

      Руководитель Канцелярии Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы (по согласованию)

      Первый заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан - Министр финансов Республики Казахстан

      Первый заместитель Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан

      Руководитель Канцелярии Президента Республики Казахстан

      Помощник Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы (по согласованию)

      Председатель Агентства по делам государственной службы Республики Казахстан

      Министр иностранных дел Республики Казахстан

      Министр обороны Республики Казахстан

      Министр внутренних дел Республики Казахстан

      Министр юстиции Республики Казахстан

      Министр информации и общественного развития Республики Казахстан

      Министр образования и науки Республики Казахстан

      Министр здравоохранения Республики Казахстан

      Министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      Министр индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

      Министр культуры и спорта Республики Казахстан

      Министр национальной экономики Республики Казахстан

      акимы городов Нур-Султана, Алматы, Шымкента и областей

      заведующий Отделом внутренней политики Администрации Президента Республики Казахстан

      заместитель Председателя Ассамблеи народа Казахстана, заведующий Секретариатом Ассамблеи народа Казахстана Администрации Президента Республики Казахстан

      директор республиканского государственного учреждения "Служба центральных коммуникаций" при Президенте Республики Казахстан (по согласованию)

      первый заместитель Председателя партии "Nur Otan" (по согласованию)

      председатель Демократической партии Казахстана "Ак жол" (по согласованию)

      секретарь Центрального комитета Коммунистической Народной партии Казахстана (по согласованию)

      председатель молодежного крыла "Жас Отан" при партии "Nur Otan" (по согласованию)

      президент объединения юридических лиц "Гражданский альянс Казахстана" (по согласованию)

      исполнительный директор Фонда Первого Президента Республики Казахстан (по согласованию)

      директор Казахстанского института стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан (по согласованию)