"Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 704 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 78 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 11-12-13, 51-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсету қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2019 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 704 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2016 жылғы 18 ақпандағы
№ 78 қаулысымен
бекітілген

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін, зейнеткерлерін, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларын олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне және көрсетілген органдардың қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкерлерінің балаларына олар кәмелеттік жасқа толғанға дейін (бұдан әрі – контингент) медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекітетін қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық көмек Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында:

      1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      3. Қағидаларда қызметкерлерінің отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), екеуінің немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған балалары (асырап алған, асырауындағы немесе қамқоршылығындағы); балалары (асырап алған, асырауындағы немесе қамқоршылығындағы) және жұбайының (зайыбының) білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын жиырма үш жасқа толмаған балалары; жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары (асырап алған, асырауындағы немесе қамқоршылығындағы) және он сегіз жасқа дейін мүгедек болған мүгедек балалары; қызметкердің асырауындағы ата-аналары және жұбайының (зайыбының) ата-аналары түсініледі.

      Қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкердiң балалары кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн олардың ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық және санаторий-курорттық қамтамасыз ету құқығы сақталады.

      4. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық қамтамасыз ету ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Қызметкерлер құқық қорғау қызметін өткеретін жерде немесе тұратын жерінде ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнаулы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша қызметкерлерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:

      1) Кодекске сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.

      5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметкерлерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне медициналық көмек ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында көрсетіледі.

      Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне және құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету бойынша ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:

      1) Кодекске сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;

      2) Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.

      7. Кодекстің 135-1-бабына және Заңның 6-бабына сәйкес ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары ұсынбайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу үшін контингент алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеледі.

2-тарау. Медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

      8. Ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары медициналық көмектiң мынадай:

      1) амбулаториялық-емханалық көмек: алғашқы медициналық-санитариялық көмек және консультациялық-диагностикалық көмек;

      2) стационарлық көмек;

      3) стационарды алмастыратын көмек түрлерін көрсетеді.

      9. Ішкі істер органдары медициналық ұйымдарының стационарларында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қазақстандық ұлттық дәрiлік формулярға сәйкес тегiн көрсетiледi.

      10. Ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында контингентке медициналық көмек денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес көрсетiледi.

      11. Контингент арасындағы пациентті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы медициналық ұйымдарға стационарлық емдеуге ауыстыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Контингентті шетелге емдеуге жiберу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан тыс жерлерде тұратын контингентті стационарлық ем алуға Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдары медициналық ұйымдарына емдеуге жатқызу ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары мамандарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.

      Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында орналасқан ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына контингентті жіберу тәртібін Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi белгілейді.

      14. Медициналық көмек алу үшiн контингентті ресiмдеуді ішкі істер органдары медициналық ұйымдары құқық қорғау органдарының кадр қызметтері ұсынған контингенттің тiзiмдері негiзiнде жүргiзедi.

      Медициналық қамтамасыз етуге ресімдеу жеке басын куәландыратын құжат (құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін – жеке куәлігі және қызметкердің қызметтік куәлігі; қызметкердің отбасы мүшелері үшін – жеке куәлігі; қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан қызметкердiң балалары үшін – туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі; құқық қорғау органдары зейнеткерлері үшін – жеке куәлігі және зейнеткерлік куәлігі) негізінде медициналық ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады.

      Контингент арасынан әр адамға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес амбулаторлық пациенттің медициналық картасы ресімделеді, ол ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары емханаларының тiркеу бөлiмiнде сақталады.

3-тарау. Санаторий-курорттық қамтамасыз ету

      15. Контингентті санаторий-курорттық емдеу санаторий-курорттық ұйымдарда Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      16. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) қызметкерлер қалпына келтіру кезеңінде бюджет қаражаты есебінен ішкі істер органдарының санаторий-іріктеу комиссияларының шешімі бойынша санаторий-курорттық емдеуге жіберіледі.

      17. Санаторий-курорттық емдеуге жіберу кезінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық құжаттама ресiмделедi.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2016 года № 78 "Об утверждении Правил медицинского и санаторно-курортного обслуживания сотрудников и членов их семей, проживающих совместно с ними, пенсионеров правоохранительных органов, а также детей сотрудников, погибших при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия, в соответствующих государственных организациях здравоохранения"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2019 года № 704.

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.01.2020.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2016 года № 78 "Об утверждении Правил медицинского и санаторно-курортного обслуживания сотрудников и членов их семей, проживающих совместно с ними, пенсионеров правоохранительных органов, а также детей сотрудников, погибших при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия, в соответствующих государственных организациях здравоохранения" (САПП Республики Казахстан, 2016 г., № 11-12-13, ст. 51) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил медицинского и санаторно-курортного обеспечения сотрудников и членов их семей, проживающих совместно с ними, пенсионеров правоохранительных органов, а также детей сотрудников, погибших при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия, в соответствующих государственных организациях здравоохранения";

      Правила медицинского и санаторно-курортного обслуживания сотрудников и членов их семей, проживающих совместно с ними, пенсионеров правоохранительных органов, а также детей сотрудников, погибших при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия, в соответствующих государственных организациях здравоохранения, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2020 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 25 сентября 2019 года № 704
  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 18 февраля 2016 года № 78

Правила медицинского и санаторно-курортного обеспечения сотрудников и членов их семей, проживающих совместно с ними, пенсионеров правоохранительных органов, а также детей сотрудников, погибших при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия, в соответствующих государственных организациях здравоохранения

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила медицинского и санаторно-курортного обеспечения сотрудников и членов их семей, проживающих совместно с ними, пенсионеров правоохранительных органов, а также детей сотрудников, погибших при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия, в соответствующих государственных организациях здравоохранения (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 6 января 2011 года "О правоохранительной службе" и определяют порядок медицинского и санаторно-курортного обеспечения сотрудников правоохранительных органов и государственной фельдъегерской службы, членов их семей, проживающих совместно с ними, пенсионеров и детей сотрудников указанных органов, погибших при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия (далее – контингент).

      2. Медицинская помощь отдельным категориям сотрудников, перечень которых утверждается Управлением Делами Президента Республики Казахстан по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан, оказывается в медицинских организациях Управления Делами Президента Республики Казахстан:

      1) в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс);

      2) в системе обязательного социального медицинского страхования в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года "Об обязательном социальном медицинском страховании (далее – Закон);

      3) за счет бюджетных средств по видам и в объемах, определяемых Управлением Делами Президента Республики Казахстан.

      3. В Правилах под членами семьи сотрудников понимаются: супруг (супруга), совместные или одного из супругов несовершеннолетние дети (усыновленные, находящиеся на иждивении или под опекой); дети (усыновленные, находящиеся на иждивении или под опекой) и дети супруга (супруги), обучающиеся в организациях образования по очной форме обучения, в возрасте до двадцати трех лет; дети-инвалиды (усыновленные, находящиеся на иждивении или под опекой) и дети-инвалиды супруга (супруги), ставшие инвалидами до восемнадцати лет; родители и родители супруга (супруги), находящиеся на иждивении сотрудника.

      За детьми сотрудника, погибшего при исполнении служебных обязанностей, до достижения ими совершеннолетия сохраняется право на медицинское и санаторно-курортное обеспечение в медицинских организациях органов внутренних дел.

      4. Медицинское обеспечение сотрудников правоохранительных органов осуществляется в медицинских организациях органов внутренних дел за счет бюджетных средств.

      При отсутствии по месту прохождения правоохранительной службы или месту жительства сотрудников медицинских организаций органов внутренних дел или соответствующих отделений в них специалистов либо специального оборудования по медицинским показаниям медицинская помощь сотрудникам оказывается субъектами здравоохранения:

      1) в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи в соответствии с Кодексом;

      2) в системе обязательного социального медицинского страхования в соответствии с Законом.

      5. Оплата услуг субъектов здравоохранения по оказанию медицинской помощи сотрудникам правоохранительных органов в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования осуществляется фондом социального медицинского страхования.

      Возмещение затрат фонда социального медицинского страхования на оплату услуг субъектов здравоохранения по оказанию медицинской помощи сотрудникам в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования осуществляется за счет бюджетных средств, предусмотренных уполномоченному органу в области здравоохранения.

      6. Членам семей сотрудников правоохранительных органов, проживающим совместно с ними, а также пенсионерам правоохранительных органов медицинская помощь оказывается в медицинских организациях органов внутренних дел.

      Оплата услуг медицинских организаций органов внутренних дел по оказанию медицинской помощи членам семей сотрудников правоохранительных органов и пенсионерам правоохранительных органов осуществляется фондом социального медицинского страхования:

      1) в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи в соответствии с Кодексом;

      2) в системе обязательного социального медицинского страхования в соответствии с Законом.

      7. В соответствии со статьей 135-1 Кодекса и статьей 6 Закона для получения медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования, не предоставляемой медицинскими организациями органов внутренних дел, контингент прикрепляется к субъектам здравоохранения по месту постоянного или временного проживания с учетом права свободного выбора организации первичной медико-санитарной помощи.

Глава 2. Организация медицинского обеспечения

      8. Медицинские организации органов внутренних дел оказывают следующие виды медицинской помощи:

      1) амбулаторно-поликлиническая помощь: первичная медико-санитарная помощь и консультативно-диагностическая помощь;

      2) стационарная помощь;

      3) стационарозамещающая помощь.

      9. Лекарственное обеспечение в стационарах медицинских организаций органов внутренних дел оказывается бесплатно в соответствии с казахстанским национальным лекарственным формуляром, утвержденным уполномоченным органом в области здравоохранения.

      10. Медицинская помощь контингенту оказывается в медицинских организациях органов внутренних дел согласно стандартам в области здравоохранения.

      11. Перевод пациента из числа контингента на стационарную помощь в медицинские организации, находящиеся в ведении уполномоченного органа в области здравоохранения, осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области здравоохранения.

      12. Направление контингента на лечение за рубеж осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области здравоохранения.

      13. Госпитализация контингента, проживающего вне городов Нур-Султана, Алматы, на стационарное лечение в медицинские организации органов внутренних дел, дислоцированные в городах Нур-Султане и Алматы, осуществляется по направлению специалистов медицинских организаций органов внутренних дел.

      Порядок направления контингента в медицинские организации органов внутренних дел, дислоцированные в городах Нур-Султане и Алматы, устанавливается Министерством внутренних дел Республики Казахстан.

      14. Оформление контингента для получения медицинской помощи проводится медицинскими организациями органов внутренних дел на основании списков контингента, представляемых кадровыми службами правоохранительных органов.

      На медицинское обеспечение оформление осуществляется на основе документа, удостоверяющего личность (для сотрудника правоохранительных органов – удостоверение личности и служебное удостоверение сотрудника; для членов семей сотрудника – удостоверение личности; для детей сотрудника, погибшего при исполнении служебных обязанностей, – свидетельство о рождении или удостоверение личности; для пенсионеров правоохранительных органов – удостоверение личности и пенсионное удостоверение), в любое календарное время в соответствии с графиком работы медицинской организации.

      На каждое лицо из числа контингента оформляется медицинская карта амбулаторного пациента согласно форме, утвержденной уполномоченным органом в области здравоохранения, которая хранится в регистратуре поликлиники медицинской организации органов внутренних дел.

Глава 3. Санаторно-курортное обеспечение

      15. Санаторно-курортное лечение контингента осуществляется в санаторно-курортных организациях в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан в области здравоохранения и трудовым законодательством Республики Казахстан.

      16. Сотрудники, получившие увечья (ранения, травмы, контузии) при исполнении служебных обязанностей, в восстановительном периоде направляются на санаторно-курортное лечение за счет бюджетных средств по решению санаторно-отборочных комиссий органов внутренних дел.

      17. При направлении на санаторно-курортное лечение оформляется медицинская документация по форме, утвержденной уполномоченным органом в области здравоохранения.