Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
"18-1) өндірістік бақылау – қауiптi өндiрiстiк объектi басшыларының, мамандарының және жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының өнеркәсiптік қауiпсiздiк саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;";
мынадай мазмұндағы 29-1), 29-2), 29-3), 29-4) және 29-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"29-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі – қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге арналған авариялық-құтқару қызметі;
29-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметі – қауіпті өндiрiстiк объектiлерi бар ұйымның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын авариялық-құтқару қызметі;
29-3) тау-кен құтқару жұмыстары – шахталарда, кеніштерде, карьерлерде және разрездерде арнайы техниканы, аппаратура мен жабдықты қолдана отырып жүргізілетін, адамдарды құтқаруға және аварияларды жоюға, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетуге және зардап шеккендерді тасымалдауға, тау-кен телімі шегіндегі жерасты және жерүсті өрттерін сөндіруге, жарылыс қаупі бар атмосфераны инерттеуге, үйінділерден аршуға, тосқауылдарды тұрғызуға, бекітпелерді орнатуға, су басуды жоюға бағытталған жұмыстар және қауіпті өндірістік факторларды жою үшін қажетті басқа да жұмыстар;
29-4) газдан құтқару жұмыстары – қоршаған ортада уытты және (немесе) өрт қаупі және (немесе) жарылыс қаупі бар заттардың шекті жол берілетін шоғырлануынан асып кетуі жағдайында арнайы техниканы, аппаратураны және жабдықтарды, оқшаулағыш жеке қорғану құралдарын қолдана отырып орындау қажеттілігімен сипатталатын және газдалған ортада адамдарды іздестірумен, зардап шеккендерге көмек көрсетумен, аварияның орны мен себептерін, оның таралу шекараларын нақтылау мақсатында авария ошағына барлау жүргізумен, қауіпті өндірістік факторларды жою үшін қажетті жұмыстарды орындаумен байланысты қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою жөніндегі жұмыстар;
29-5) бұрқаққа қарсы жұмыстар – мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарда арнайы техниканы, аппаратура мен жабдықты қолдана отырып жүргізілетін, аварияны жоюға, адамдарды, материалдық құндылықтарды құтқаруға және бекіту жабдығының болмауы, бұзылуы немесе герметикаланбауы немесе грифон түзілу салдарынан ұңғыманың (газ және мұнай бұрқақтарының) сағасы арқылы қабаттық флюидтердің басқарылмайтын шығуының қауіпті факторларының әсерін төмендетуге бағытталған жұмыстар;";
32-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"32-1) қауіпті техникалық құрылғылар:
қауіпті өнеркәсіптік объектілерде пайдаланылатын, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қадағалауды жүзеге асыратын 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе судың 115 Цельсий градустан аса ысу температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіштер, сондай-ақ бұрғылау тереңдігі 200 метрден астам ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар, шахталық көтергіш құрылғылар мен көтергіш машиналар;
бақылауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) судың 115 Цельсий градустан аса қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіштер;";
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"48) оқыс оқиға – аварияға алып келмейтін, қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе зақымдануы, технологиялық процесті жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқу;";
2) 12-2-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жарылғыш материалдарды жоғалтуды техникалық тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды және қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат береді;";
10) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушыларын даярлаудың үлгілік бағдарламаларын бекітеді;
13-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптарды белгілейді;";
мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 14-3), 14-4), 14-5), 14-6), 14-7), 14-8), 14-9), 14-10), 14-11), 14-12), 14-13), 14-14), 14-15), 14-16), 14-17), 14-18), 14-19), 14-20, 14-21), 14-22), 14-23), 14-24), 14-25) және 14-26) тармақшалармен толықтырылсын:
"14-1) қауіпті өндірістік объектілердегі оқыс оқиғаларды, аварияларды есепке алуды және тергеп-тексеруді жүргізу, жарылғыш материалдардың жоғалуын техникалық тергеп-тексеру қағидаларын бекітеді;
14-2) көлбеу рельсті-арқанды көтергіштерді (фуникулерлерді) орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекітеді;
14-3) жолаушылар аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекітеді;
14-4) аспалы арқан жүк жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекітеді;
14-5) эскалаторларды орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекітеді;
14-6) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын бекітеді;
14-7) дәнекерлеушілерді және дәнекерлеу өндірісінің мамандарын аттестаттау қағидаларын бекітеді;
14-8) қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуына өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-9) қызмет ету мерзімі өтіп кеткен жүк көтергіш машиналарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйін қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекітеді;
14-10) қызмет ету мерзімі өткен өздігінен жүретін тізбекті көтергіштерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйін тексеруді жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-11) қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, цистерналарды, бөшкелерді және баллондарды техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-12) бу және ыстық су құбыржолдарын тексеру және техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-13) қызмет ету мерзімі өткен мұнаралы крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-14) қызмет ету мерзімі өткен монтаждық крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-15) қызмет ету мерзімі өткен көпір түріндегі крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-16) қызмет ету мерзімі өткен көтергіштерді (мұнараларды) одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-17) қызмет ету мерзімі өткен, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-18) қызмет ету мерзімі өткен лифтілерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-19) мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
14-20) мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға және жөндеуге арналған қызмет ету мерзімі өткен қондырғыларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларды техникалық диагностикалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-21) тұтқырлығы жоғары, күкіртті мұнайды өндіруге арналған жабдықты қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-22) жерасты құрылыстары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-23) қара металлургия кәсіпорындарының газ шаруашылығындағы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-24) технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-25) ауаны бөлу өнімдерін өндіру және қолдану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
14-26) қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;";
3) 16-бапта:
3-тармақта:
8) тармақша "оқиғалардың туындау" деген сөздерден кейін ", жарылғыш материалдардың жоғалу" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшадағы "өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне" деген сөздер "азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшадағы "аварияларды, оқыс оқиғаларды" деген сөздер "қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды, оқыс оқиғаларды, жарылғыш материалдардың жоғалуын" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге арналған шарттар жасасуға не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін құруға;";
19) тармақша алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"автожанармай құю станцияларын және элеваторлардан басқа, астық қабылдау пункттерін пайдалануға байланысты жұмыстарды;";
4) 25-бапта:
3-тармақта "объектілік кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын" деген сөздер "өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби, оның ішінде объектілік авариялық-құтқару қызметтері ғимараттар мен құрылыстардың мамандандырылған кешенінде орналастырылады, орындалатын авариялық-құтқару жұмыстарының ерекшеліктері ескеріле отырып, арнайы техникамен, аппаратурамен және жабдықпен жарақталады, құтқарушылармен жасақталады және оқу-жаттығу полигоны, шаң-газ талдау зертханасы болады, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келеді.";
5) 26-баптың 2-тармағындағы "және уәкілетті орган жүзеге асыратын аттестаттау, қайта аттестаттау мен тексерулер барысында тексеріледі" деген сөздер алып тасталсын;
6) 39-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарын, технологиялық құрылыстарын зерттеп-қарау, диагностикалау, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақтылығына;";
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "жүргізуге әзірлігіне жүзеге асырылады." деген сөздер "жүргізуге әзірлігіне;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ерекше жағдайларда, дара кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін сот шешімінсіз, үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде сотқа талап арызды міндетті түрде бере отырып, тоқтата тұруға немесе тыйым салуға құқығы бар.
Объектінің қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы шешім Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын тексерулер жүргізу кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылық фактілері расталған жағдайларда қабылданады.
Қабылданған шешім негізінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қызметті немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу не оларды тоқтата тұру туралы акт шығарады және объектіні пломбалауды жүргізеді.
Тыйым салу не тоқтата тұру туралы ресімделген акт тоқтатылып жатқан объектінің басшысына қолхат арқылы беріледі немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жолданады.
Объектінің басшысы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу не оларды тоқтата тұру туралы берілген актінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Объектінің басшысы немесе оның уәкілеттік берілген адамы объектінің қызметіне тыйым салу не оны тоқтата тұру туралы актіні орындамаған немесе осы актінің орындалуына кедергі жасаған кезде аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
Қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу не оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады.";
7) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
"39-1-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бармай профилактикалық қадағалауды жүргізу тәртібі
1. Қауіпті өндірістік объектілерде қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық қадағалау Кәсіпкерлік кодекске және осы бапқа сәйкес жүргізіледі.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық қадағалау:
1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша оның бұзылуы туралы ақпарат келіп түскен кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының сақталу мәселелеріне қатысты үшінші тұлғалардан келіп түсетін ақпаратты;
3) жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы әртүрлі дереккөздерден алынған мәліметтерді салыстыру нәтижесінде алынған ақпаратты талдау арқылы жүргізіледі.
3. Қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық қадағалау алдын алу-профилактикалық сипатта болады.
4. Қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық қадағалау нәтижелері бойынша қадағалау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.
5. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) алғаны туралы белгісі бар – қолма-қол;
2) хабарламасы бар тапсырыс хат жіберу арқылы – поштамен;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның қадағалау субъектісі уәкілетті органға бұрын табыс еткен құжаттарда көрсетілген қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберуі арқылы – электрондық тәсілмен табыс етілген болып есептеледі.
6. Қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды орындауға арналған мерзім ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрауға тиіс.
7. Қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ұсынымды жіберген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
8. Қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау қадағалау субъектісін (объектісін) ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізудің жартыжылдық кестесіне қосуға алып келеді.
9. Қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық қадағалау жартыжылдықта бір реттен жиілетпей жүргізіледі.";
8) 40-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылаудың міндеттері:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингін жүргізу;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін талдау және оны жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеу;
4) өндірістік жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін бұзушылықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау;
5) қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдаушы әсер етуінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру болып табылады.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау ұйым басшысының бұйрығымен бекітілетін, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік акт негізінде жүзеге асырылады.
Нормативтік актіде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамдарының мынадай өкілеттіктері қамтылуға тиіс:
1) жұмыскерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына бақылау жүргізу;
2) пайдаланушы ұйымның бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті және аварияларды жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру;
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізуді дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты жұмыскерлердің назарларына жеткізу;
7) пайдаланушы және мердігер ұйымдардағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін бағалау үшін қажетті құжаттарды алу;
8) қауіпті өндірістік объектіге тәуліктің кез келген уақытында еркін кіру;
9) ұйым басшысына:
өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу, өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бұзылып жүзеге асырылатын, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдаушы әсер етуіне алып келуі мүмкін жұмыстарды тоқтата тұру туралы;
өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша даярлаудан, қайта даярлаудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан шеттету туралы ұсыныстар енгізу;
10) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.";
9) 69-баптың 2-тармағында:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде қызмет көрсетуі;";
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) қауіпті өндірістік объектілерді уақтылы жаңарту және техникалық қайта жабдықтау арқылы қамтамасыз етiледi.";
10) 70-бапта:
1) тармақшаның он тоғызыншы абзацы "тасымалдау" деген сөзден кейін (құбыржолдық)" деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақша "тау-кен" деген сөздің алдынан "кең таралған пайдалы қазбаларды геологиялық барлауды және бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізбей оларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
11) 71-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "лифтілер жатады." деген сөздер "лифтілер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын бұрғылау тереңдігі 200 метрден астам ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар;
5) шахталық көтергіш құрылғылар мен көтергіш машиналар жатады.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қауіпті өндірістік объектілерге электржелілік шаруашылық, денсаулық сақтау және білім беру объектілерінде пайдаланылатын қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда, олардың өздері жатпайды.";
12) 72-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы "жүргізу құқығына аттестатталуға жатады." деген сөздер "жүргізу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) лифтілерге, эскалаторларға, фуникулерлерге, траволаторларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көтергіштерге техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестатталуға жатады.";
2-тармақтың 2) тармақшасы "ұсынады" деген сөзбен толықтырылып, 1) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
7-тармақтың екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтары алып тасталсын;
13) 73-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
14) 74-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"74-бап. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру
1. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және олардың қолданылу саласы туралы қысқаша ақпарат бар электрондық құжат нысанындағы өтінішті, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесін береді.
Қазақстан Республикасының резиденті емес – заңды тұлғалар қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға:
1) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты және олардың қолданылу саласы туралы қысқаша ақпарат бар өтінішті;
2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындыны ұсынады.
2. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, қауіпті техникалық құрылғылар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде оларды қолдануға рұқсат береді.
3. Пайдалану процесінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде, оларды қолдануға берілген рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қайтарып алады.
4. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген, қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алуды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, қауіпті техникалық құрылғылар туралы ақпарат өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Рұқсат Қазақстан Республикасының аумағында барлық құқық субъектiлерi үшiн қолданылады және оны қайта алу талап етілмейді.";
15) 76-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Декларация өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестатталған ұйымда сараптама жасалуға жатады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Декларацияланған қауіпті өндірістік объектілер туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.";
16) 77-бапта:
тақырыбы "құрылғыларды" деген сөзден кейін "және қауіпті өндірістік объектілерді" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпаратты қоса бере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді.
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйымның басшысы қауіпті техникалық құрылғының паспортын қоса бере отырып өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өтініш береді.
Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";
17) 78-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдаланатын ұйым басшысы" деген сөздер "Өтініш беруші" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қарау және келісу тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";
3-тармақ алып тасталсын;
18) 79-бапта:
4-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қауіпті өндірістік объектілерде жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер – ұзақтығы он сағаттан кем болмайтын бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, жыл сайын;
2) техникалық басшылар, мамандар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер – ұзақтығы қырық сағаттан кем болмайтын бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет даярлауға жатады.";
мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген адамдар оқытуды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайтын типтік бағдарлама бойынша өз бетінше жүзеге асыра алады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайтын типтік бағдарлама бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Өзге де заңды тұлғалардың басшылары мен тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері оқу ұйымының немесе қауіпті өндірістік объектінің оқу орталығының комиссиясына оқу курсы аяқталғаннан кейін тәуелсіздік қағидатын сақтай отырып, үш жылда бір рет емтихан тапсырады.";
19) 80-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару жөніндегі іс-шаралар, басшылар мен жұмыскерлердің, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің іс-қимылы көзделеді.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекітеді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісіледі.";
20) 81-бапта:
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұйым оқу дабылдарын өткізу туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне олар жүргізілетін күнге дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарлайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Оқу дабылын ұйымның техникалық басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесіп өткізеді.
Аварияға қарсы жаттығу персоналмен аварияны жою жоспарының әрбір позициясы бойынша өткізіледі.";
21) 82-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "объектіге қызмет көрсететін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне" деген сөздер "өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне, азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 83-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"83-бап. Тергеп-тексерудің мақсаттары мен міндеттері
1. Тергеп-тексеру – авария мен оқыс оқиғаның мән-жайлары мен туындау себептерін, кінәлі адамдарды анықтау мақсатында жүзеге асырылатын, сондай-ақ аварияны жою және оқыс оқиғаны жою жөніндегі іс-шараларды дайындау, осындай жағдайларға жол бермеу бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі қызмет.
2. Аварияға немесе оқыс оқиғаға алып келген мән-жайларды анықтау, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды, технологиялық процестерді пайдалану шарттарын бұзушылықтардың, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтардың сипатын анықтау, осындай авариялардың немесе оқыс оқиғалардың зардаптарын жою және оларды болдырмау жөніндегі іс-шаралар, авария (оқыс оқиға) келтірген материалдық залалды анықтау тергеп-тексерудің міндеттері болып табылады.
3. Тергеп-тексеруді тиісті комиссия аварияның немесе оқыс оқиғаның әрбір туындау фактісі бойынша жүргізеді.";
23) 84-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"84-бап. Авария мен оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, оның өкілеттіктері
1. Комиссия жұмысы ұйымдастыру іс-шараларын орындайтын және авария мен оқыс оқиғаны уақтылы, сапалы тергеп-тексеруді және оның нәтижелерін ресімдеуді қамтамасыз ететін комиссия төрағасы белгілеген регламентке сәйкес жүргізіледі.
2. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің мынадай өкілеттіктері бар:
1) авария немесе оқыс оқиға болған жерге, қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға және ондағы жұмыстарға тартылған персоналмен байланысты барлық құжаттамаға кедергісіз қол жеткізу;
2) авария немесе оқыс оқиға орнын қарап-тексеру және одан әрі зерттеп-қарау жүргізу;
3) куәгерлерден, персоналдан және аварияға немесе оқыс оқиғаға қатысы бар басқа да адамдардан жауап алу;
4) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауға және қамтамасыз етуге қатысты барлық мәселелерді зерделеу;
5) тиісті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан осы аварияға немесе оқыс оқиғаға байланысты мәселелер бойынша құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;
6) осындай авариялардың немесе оқыс оқиғалардың алдын алу, олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беру;
7) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның жұмыскерлері аварияны тергеп-тексеруді жүргізетін комиссияға, оқыс оқиғаларды
тергеп-тексеру жөніндегі комиссияға аталған комиссиялар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті барлық ақпаратты ұсынуға міндетті.
4. Комиссия төрағасының шешімі бойынша авариялар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруге техникалық есептеулер, зертханалық зерттеулер, сынақтар, сараптамалар және басқа да іс-шаралар жүргізу үшін мамандар тартылуы мүмкін.";
24) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"85-бап. Аварияны және оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны тағайындау
1. Аварияны тергеп-тексеру үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі аварияны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияны тағайындайды, комиссияны оның өкілі басқарады.
Аварияларды тергеп-тексеруді жүргізетін комиссияның құрамына:
жергілікті атқарушы органның өкілі;
қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның өкілі;
өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметінің өкілі енгізіледі.
Комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатураларды осы тармақтың екінші бөлігінің үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген ұйымдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне аварияның туындауы туралы ақпаратты алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
2. Қауіпті өндірістік объектідегі бестен көп адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиға орын алған аварияны тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік комиссия жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қауіпті өндірістік объектідегі аварияны тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны өзге негіздер бойынша да құруға құқылы.
3. Оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның техникалық басшысы басқаратын осы ұйымның комиссиясы жүргізеді.
Оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамына ұйымның өкілдері, сондай-ақ ұйым басшысының шешімі бойынша өзге де адамдар енгізіледі.";
25) 86-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"86-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелерін ресімдеу
1. Аварияны тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша комиссия ол тағайындалған күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде аварияны тергеп-тексеру актісін жасайды және аварияны тергеп-тексеру жөніндегі өзге де материалдарды дайындайды.
Аварияны тергеп-тексеруді жүргізу мерзімін комиссияны тағайындаған орган басшысы, комиссия төрағасының қызметтік жазбасы негізінде ұзарту себептерін көрсете отырып, бұйрықпен (өкімімен) 15 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін.
2. Аварияны тергеп-тексеру актісіне комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссия мүшесі аварияны тергеп-тексеру актісіне қол қоюдан бас тартқан жағдайда, комиссия төрағасы аварияны тергеп-тексеру актісінде комиссия мүшелерінің қатысуымен тиісті жазба жасайды. Комиссия мүшесінің өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқығы бар, ол комиссия төрағасы аварияны тергеп-тексеру актісіне қол қойғанға дейін оған қоса беріледі.
3. Аварияны тергеп-тексеру актісі және комиссияның шешімі бойынша өзге де ақпарат ұйымға қол қою және осы Заңның 87-бабының 5-тармағына сәйкес жіберу үшін, сондай-ақ комиссияның барлық мүшелеріне беріледі.
4. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы, егер тергеп-тексеру нәтижелеріне әсер еткен, тергеп-тексеру тәртібі мен қағидаларын бұзу фактілері анықталса немесе егер комиссияның тұжырымдары мен қорытындысын қате деп есептеуге негіздер бар болса, тергеп-тексеру актісін қайта қарау туралы шешім қабылдауға құқылы.
5. Оқыс оқиғаларға тергеп-тексеру жүргізудің нәтижелері бойынша оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісін жасайды.
6. Оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісіне комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
7. Оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісін және комиссияның шешімі бойынша өзге де ақпаратты ұйым осы Заңның 87-бабының 5-тармағына сәйкес, сондай-ақ комиссияның барлық мүшелеріне жібереді.
8. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісінде:
қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы);
қауіпті өндірістік объектінің атауы, оның орналасқан жері;
аварияның немесе оқыс оқиғаның себептері мен мән-жайлары;
келтірілген залалдың мөлшері;
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының жол берілген бұзушылықтары;
аварияны және оның салдарларын оқшаулау және жою жөнінде қабылданған шаралар;
аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жүргізілуге тиіс іс-шаралар;
қауіпті өндірістік объектіні пайдалану кезінде аварияның немесе оқыс оқиғаның алдын алу бойынша ұсыныстар;
комиссияның шешімі бойынша авария немесе оқыс оқиға туралы өзге де мәліметтер көрсетіледі.
9. Авариялар мен оқыс оқиғалардың санаттарын, оларды тергеп-тексеру тәртібін және тергеп-тексеру нәтижелері бойынша материалдардың нысандарын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";
26) 87-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"87-бап. Аварияны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейінгі ұйымның іс-әрекеті
1. Аварияны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым күнтізбелік он күн ішінде оның салдарларын жою бойынша шаралар, сондай-ақ осындай авариялардың алдын алу бойынша шаралар қолдануды көздейтін іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.
2. Ұйым 5 жұмыс күні ішінде бекітілген іс-шаралар жоспарын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструктивтік кемшіліктері салдарынан болса, қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйым дайындаушыға рекламация жібереді, ал оның көшірмесін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
4. Ұйымдар өздеріне тиесілі қауіпті өндірістік объектілердегі барлық авариялар мен оқыс оқиғалардың есебін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізуге міндетті.
5. Ұйым аварияны тергеп-тексеру актісін және комиссияның шешімі бойынша өзге де материалдарды не оқыс оқиғаны тергеп-тексеру актісін және комиссияның шешімі бойынша өзге де материалдарды, авариялар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша іс-шараларды жүргізу туралы мәліметтерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшесіне, сондай-ақ қажеттілігіне қарай құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.".
2. "Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат):
1) 1-баптың 14) тармақшасындағы "азаматтық қорғау" деген сөздер "өнеркәсіптік қауіпсіздік" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-бапта:
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Декларацияланған қауіпті өндірістік объектілер туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында белгіленген нысан бойынша орналастырылады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде объект Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен декларацияланатын объектілерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келмей қалса, сақтанушы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпаратты ұсынады.
Объектінің осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеуі сақтанушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату құқығын береді. Бұл ретте сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданылған уақытқа бара-бар бөлігіне құқығы болады.".
3. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар):
1) 2-қосымшаның 105-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
105. | Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру | Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға арналған рұқсат |
";
2) 3-қосымшаның 29-тармағы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |