Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті құрылсын.
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;";
елу екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ бағдарламалық қамтылым және электрондық өнеркәсіп өнімін сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;";
жүз жиырма алтыншы, жүз отызыншы және жүз елу сегізінші абзацтар алып тасталсын;
жүз сексен жетінші, жүз сексен сегізінші, жүз тоқсан төртінші, жүз тоқсан бесінші, екі жүз төртінші, екі жүз сегізінші, екі жүз тоғызыншы, екі жүз он екінші, екі жүз он үшінші, екі жүз он төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары мен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларын бекіту;";
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидаларын бекіту;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту;";
"аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту;";
"оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық нысанға көшіру мерзімін бекіту;
Бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
"рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту;
бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін бекіту;";
екі жүз он алтыншы, екі жүз он жетінші абзацтар алып тасталсын;
екі жүз он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;";
екі жүз жиырма бірінші, екі жүз жиырма екінші, екі жүз жиырма үшінші, екі жүз жиырма төртінші, екі жүз жиырма бесінші абзацтар алып тасталсын;
екі жүз жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;";
екі жүз жиырма жетінші абзац алып тасталсын;
екі жүз жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларды бекіту;";
екі жүз жиырма тоғызыншы және екі жүз отызыншы абзацтар алып тасталсын;
екі жүз отыз бірінші және екі жүз отыз екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін бекіту;
орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру тәртібін, ұсыну мерзімдерін және үлгілік нысандарын бекіту;";
екі жүз отыз үшінші абзац алып тасталсын;
екі жүз елу екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы екі жүз елу үшінші, екі жүз елу төртінші, екі жүз елу бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласындағы қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту;
орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректерінің тізбесін келісу;
сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымының және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу;";
2) тармақшада:
елу бесінші абзац алып тасталсын;
жүз жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"техникалық реттеу саласындағы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен саймандарға метрологиялық бақылау жүргiзу;";
жүз жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының және жергiлiктi жерлерде әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер шекараларының дұрыс көрсетiлуiн және олардың картографиялық материалдарда көрсетiлуiн қадағалауды жүзеге асыру;";
жүз жиырма төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы жүз жиырма бесінші, жүз жиырма алтыншы – жүз алпыс үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;
"электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын әзірлеу;
"электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін әзірлеу;
мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен форматын әзірлеу;
ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогын әзірлеу;
жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын әзірлеу;
"электрондық үкіметтің" веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлеу;
көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын әзірлеу;
жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін әзірлеу;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларын әзірлеу;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу;
аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін әзірлеу;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлеу;
балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкестендіру тәртібін және мерзімдерді әзірлеу;
оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық көрсету нысанына көшіру мерзімін әзірлеу;
Бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу;
Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты әзірлеу;
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлеу;
бір өтініштің негізінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесін әзірлеу;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы және (немесе) электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін тексеруді жүзеге асыру;
рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін және олардың қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеу және жүргізуді жүзеге асыру;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;
орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын және (немесе) регламенттерін әзірлеу жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу;
орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру тәртібін, ұсыну мерзімдері мен үлгілік нысанын әзірлеу;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;".
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |