Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартқа қол қою туралы ұсыныс енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Жоба |
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шарт
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан,
екі мемлекет арасындағы тарихи достық байланыстарды нығайтуға ниет білдіре отырып,
2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартқа, сондай-ақ 2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімге негізделе отырып,
2018 жылғы 12 тамыздағы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) ережелерін, сондай-ақ халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі мемлекеттік шекара сызықтарының өтуін және балық аулау аймақтарын бөлуді айқындауға ниет білдіре отырып,
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекара екі бауырлас халықтың мемлекеттері арасындағы бейбітшілік пен келісім шекарасы болып табылатынын атап өте отырып,
осы Шарт Тараптар арасындағы тату көршілікті одан әрі нығайтуға және өзара тиімді және тең құқықты ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сене отырып,
су биологиялық ресурстары кәсіпшілігіне Тараптардың айрықша құқықтарын іске асыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
Осы Шартта Тараптар Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі өздерінің аумақтық суларын бөлетін мемлекеттік шекара сызығының (бұдан әрі – мемлекеттік теңіз шекарасы) және Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу сызығының (бұдан әрі – балық аулау аймақтарын бөлу сызығы) өтуін айқындады.
Осы Шартта пайдаланылатын терминдердің Конвенцияда айқындалған мағынасы бар.
Мемлекеттік теңіз шекарасының сызығы және балық аулау аймақтарын бөлу сызығы осы Шарттың 4 және 5-баптарына толық сәйкес бұрылыс нүктелерін қосатын геодезиялық сызықтар бойымен өтеді.
Мемлекеттік теңіз шекарасының сызығы Кронштадт футштогының нөліне қатысты 1977 жылғы Балтық биіктіктері жүйесінің минус 28.0 метрлік белгісіне тең Каспий теңізінің орташа көпжылдық деңгейі негізге алына отырып салынды.
Балық аулау аймақтарын бөлу сызығы мемлекеттік теңіз шекарасының соңғы нүктесінен бастап салынған.
Мемлекеттік теңіз шекарасының сызығы мен балық аулау аймақтарын бөлу сызығының бұрылыс нүктелерінің координаттары Тараптар келіскен 1942 жылғы координаттар жүйесіндегі картографиялық материалдар негізінде айқындалған.
2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартқа 1-қосымшада көрсетілген және 2017 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімде көрсетілген солтүстік ендігінің 41о45'42.9'', шығыс бойлығының 52о26'46.4'' координаттары бар шегенделген мемлекеттік шекара сызығының соңғы нүктесіне (162) сәйкес келетін № 13 шекаралық нүкте мемлекеттік теңіз шекарасы сызығының № 1 бастапқы нүктесі болып табылады.
Мемлекеттік теңіз шекарасының сызығы № 1 бастапқы нүктеден батыс-оңтүстік-батыс бағытында № 2 нүктеге дейiн барады.
№ 2 нүктенің солтүстік ендікте 41о44'00.0'', шығыс бойлықта 52о18'54.0'' координаттары бар.
№ 1 және № 2 нүктелер арасындағы мемлекеттік теңіз шекарасы сызығының ұзындығы 6.14 теңіз милін құрайды.
Мемлекеттік теңіз шекарасының сызығы № 2 нүктеден батыс-оңтүстік-батыс бағытында № 3 нүктеге дейiн барады.
№ 3 нүктенің солтүстік ендікте 41о43'18.0'', шығыс бойлықта 52о14'30.0'' координаттары бар.
№ 2 және № 3 нүктелер арасындағы мемлекеттік теңіз шекарасы сызығының ұзындығы 3.37 теңіз милін құрайды.
Мемлекеттік теңіз шекарасының сызығы № 3 нүктеден батыс-оңтүстік-батыс бағытында № 4 соңғы нүктеге дейiн барады.
№ 4 нүктенің солтүстік ендікте 41о41'33.2'', шығыс бойлықта 52о07'30.6'' координаттары бар.
№ 3 нүкте мен № 4 нүкте арасындағы мемлекеттік теңіз шекарасы сызығының ұзындығы 5.52 теңіз милін құрайды.
Мемлекеттік теңіз шекарасы сызығының жалпы ұзындығы бұрылу нүктелерінің болуы есебімен 15.03 теңіз милін құрайды.
Аумақтық сулардың ені 15 теңіз милін құрайды.
Балық аулау аймақтарын бөлу сызығының № 1 бастапқы нүктесі солтүстік ендікте 41о41'33.2'', шығыс бойлықта 52о07'30.6'' координаттары бар мемлекеттік теңіз шекарасы сызығының соңғы нүктесі болып табылатын № 4 нүкте болып табылады.
Балық аулау аймақтарын бөлу сызығы № 1 бастапқы нүктеден батыс-оңтүстік-батыс бағытында № 2 нүктеге дейiн барады.
№ 2 нүктенің солтүстік ендікте 41о41'24.0'', шығыс бойлықта 52о06'54.0'' координаттары бар.
№ 1 және № 2 нүктелер арасындағы балық аулау аймақтарын бөлу сызығының ұзындығы 0.48 теңіз милін құрайды.
Балық аулау аймақтарын бөлу сызығы № 2 нүктеден батыс бағытында № 3 соңғы нүктеге дейiн барады.
№ 3 нүктенің солтүстік ендікте 41о40'41.0'', шығыс бойлықта 51о54'00.5'' координаттары бар.
№ 2 нүкте мен № 3 нүкте арасындағы балық аулау аймақтарын бөлу сызығының ұзындығы 9.69 теңіз милін құрайды.
Балық аулау аймақтарын бөлу сызығының жалпы ұзындығы бұрылу нүктелерінің болуы есебімен 10.17 теңіз милін құрайды.
Балық аулау аймақтарының ені 10 теңіз милін құрайды.
Жергiлiктi жердiң кез келген табиғи өзгерiстерi, оның ішінде Каспий теңізі деңгейінің ауытқулары мемлекеттiк теңіз шекарасы сызығының және балық аулау аймақтарын бөлу сызығының өтуiнде өзгерістерге алып келмейді.
Осы Шарттың ережелерiн түсiндіруге және қолдануға қатысты барлық мәселелер келiссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі.
Осы Шарт мерзімсіз болып табылады, күшін жоюға жатпайды және дипломатиялық арналар арқылы оны ратификациялау туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.
201__ жылғы "___" ________ ___________ қаласында әрқайсысы қазақ, түрiкмен және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрі барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Шарттың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН |
ТҮРIКМЕНСТАНҮШIН |