"Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қарашадағы № 851 қаулысы

      1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 193-1-бабының 3-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 13) тармақшасына, 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) қатысу үлесінің 100 (жүз) процентін мемлекет меншігіне өтеусіз негізде иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.

      2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі серіктестіктің қатысу үлесінің 100 (жүз) проценті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке қабылдансын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

      2) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2019 жылғы 14 қарашадағы
  № 851 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Маңғыстау облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 236-11-жолмен толықтырылсын:

      "236-11. "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-16-жолмен толықтырылсын:

      "20-16. "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:

      "10. "Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".".

О некоторых вопросах товарищества с ограниченной ответственностью "Мангистауский атомный энергетический комбинат-Казатомпром"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 ноября 2019 года № 851

      В соответствии с пунктом 3 статьи 193-1 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Общая часть) от 27 декабря 1994 года, подпунктом 13) статьи 11, подпунктом 9) пункта 1 статьи 19, пунктом 1 статьи 169 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2011 года № 1103 "Об утверждении Правил приобретения государством прав на имущество по договору дарения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Разрешить акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына" совершить сделку по отчуждению 100 (сто) процентов доли участия товарищества с ограниченной ответственностью "Мангистауский атомный энергетический комбинат-Казатомпром" (далее – товарищество) в государственную собственность на безвозмездной основе.

      2. Принять в установленном законодательством Республики Казахстан порядке в республиканскую собственность 100 (сто) процентов доли участия товарищества, принадлежащей акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына", по договору дарения.

      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) осуществить необходимые мероприятия, вытекающие из настоящего постановления;

      2) обеспечить передачу прав владения и пользования государственной долей участия товарищества Министерству энергетики Республики Казахстан.

      4. Утвердить прилагаемые дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 14 ноября 2019 года № 851

Дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):

      в Перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "Мангистауская область" дополнить строкой, порядковый номер 236-11, следующего содержания:

      "236-11. Товарищество с ограниченной ответственностью "Мангистауский атомный энергетический комбинат-Казатомпром".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      раздел "Министерству энергетики Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 20-16, следующего содержания:

      "20-16. Товарищество с ограниченной ответственностью "Мангистауский атомный энергетический комбинат-Казатомпром".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 "Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 55-56, ст. 544):

      в Положении о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      перечень организаций, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан, дополнить строкой, порядковый номер 10, следующего содержания:

      "10. Товарищество с ограниченной ответственностью "Мангистауский атомный энергетический комбинат-Казатомпром".".