Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1,3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13,115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-кұжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1,2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; №11,67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-1, 19-11, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-1, 101-құжат; № 19-11, 103-құжат; № 21-1, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-11, 130, 132-құжаттар; № 22-1, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-1, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж„ № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-кұжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат, № 7, 37, 39-құжат; 2019 ж.; 2019 жылғы 5 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-17) тармақшамен толықтырылсын:
"1-17) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;";
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-11) тармақшамен толықтырылсын:
"1-11) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;";
3) 39-3-баптың 3-тармағының 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-2) жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар ұсыну;".
2. "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-1, 120-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; №7, 39-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржы қызметі және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады, олар Қазақстан Республикасының зацнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және бір айдан аспайтын мерзімде уәжді жауаптар береді.";
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
"2-1 бап. Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
1. Мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазакстан Республикасының орталық атқарушы органы қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
2. Уәкілетті орган:
1) қоғамдык кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) мемлекеттік органдардың республикалық және жергілікті деңгейлердегі қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді және әдістемелік қолдауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4) Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
5) Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
6) жыл сайын Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндаманы дайындауды және кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін ағымдағы жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асырады;
7) қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлейді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап. Қоғамдық кеңестер қызметінің қағидаттары
Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) тәуелсіздік;
2) оның мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі;
3) автономдық;
4) дербестік;
5) жариялылық.";
4) 5-баптың 1-тармағында:
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою), карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, құқықтық актілер туралы заннамаға сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;
6) Қоғамдық кеңестің өзі айқындайтын мемлекеттік органның немесе өңірдің реттелетін қызмет саласындағы қоғамдық маңызы бар мәселелері бойынша, оның ішінде қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;";
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген нысандарда жүзеге асыру;";
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, заңдылықты қамтамасыз ету және адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын тыңдауы жатады.";
5) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоғамдық кеңестер мүшелері өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен осы Заңның 1-бабының 1-тармағына сәйкес қоғамдық кеңестер құрылмайтын мемлекеттік органдарды қоспағанда, Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына кіруге;
2) осы Заңның 1-бабының 1-тармағына сәйкес қоғамдық кеңестер құрылмайтын мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәселелер қаралатын отырыстар мен іс-шараларды қоспағанда, Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
3) осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүгінуге;
4) Қоғамдық кеңесте қарауға жататын азаматтардың құқықтарына, бостандыктары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын айқындау жөнінде шешім қабылдауға құқылы;
Қоғамдық кеңестердің қарау үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын айқындау тәртібі Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережеде айқындалады.
5) мемлекеттік органнан немесе жергілікті атқарушы органнан Қоғамдық кеңес мүшесінің мәртебесін куәландыратын кұжатты алуға;
6) тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелерді талқылау үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін Қоғамдық кеңестің отырысына шақыруға;
7) Қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде өз міндеттерін орындамаған жағдайда мемлекеттік органға өзі тағайындаған Қоғамдық кеңестің мүшесін кері қайтарып алуды ұсынуға;
8) қажеттілігіне қарай тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс органдарын: комитеттер мен сараптама топтарын құруға құқылы. Уақытша жұмыс органдарын ұйымдастыру және олардың жұмыс тәртібі Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережеде айқындалады.";
6) 8-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Республикалық және жергілікті деңгейлердегі қоғамдық кеңестер мен олардың құрамдарын басшылары дауыс беру арқылы азаматтық қоғамның атынан өкілдік ететін жұмыс топтарының мүшелері арасынан сайланатын жұмыс топтары қалыптастырады.";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Республикалық деңгейдегі жұмыс тобының құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы, ал жергілікті деңгейде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бекітеді.
5. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобы мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімдері, құжаттар тізбесі, өкілеттіктер және жұмыс тобы қызметінің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде көзделген тәртіппен айқындалады.";
7) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру тәртібі
1. Жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.
Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде осы Заңның 2-1-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес берілген қоғамдық кеңестердің құрамын қалыптастыру жөніндегі уәкілетті органның ұсынымы ескеріледі.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
2. Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі осы тарауда белгіленген тәртіпке сәйкес қоғамдық кеңестердің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктер мерзімі өткенге дейін екі ай бұрын басталады.
Қоғамдық кеңестердің жұмыс істеп тұрған мүшелері осы Занның 10-бабында көзделген жалпы негіздерде конкурсқа қатысу үшін өз өтініштерін беруге құқылы.
3. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңес мүшелері санының құрамын жергілікті деңгейде - осы Заңның 2-1 -бабының 2-тармағы 7) тармақшасының ережелерін ескере отырып, республикалық деңгейде он бестен отызға дейін мүшеден тұратын жұмыс тобы айқындайды.
4. Жұмыс тобы конкурс туралы хабарландыруды мемлекеттік органның атауын, пошта мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, конкурсқа қатысу үшін осы Заңның 10-бабына сәйкес құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық поштаның мекенжайын көрсете отырып, республикалық және (немесе) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады.
5. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде сол бір адам бір Қоғамдық кеңестің ғана мүшесі болып сайлана алады.
6. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде көзделген тәртіппен барлық өтініштерді қарайды және талқылау қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастырады, сондай-ақ Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік парағын қалыптастырады.
7. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамын республикалық деңгейде тиісті мемлекеттік органның басшысы, жергілікті деңгейде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің ұсынуы бойынша жергілікті өкілді орган бекітеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
8. Қоғамдық кеңес:
1) азаматтық қоғамды білдіретін қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда;
2) осы Заңның 9-бабының 3-тармағына сәйкес ұсынылатын сандық құрамды ескере отырып, Қоғамдық кеңестің санын ұлғайту қажет болған жағдайларда өз құрамына кандидаттарды резервтік парақтан іріктеу туралы шешім қабылдайды.
Резервтік парақтағы кандидат Қоғамдық кеңеске мүше болудан бас тартқан және резервтік парақта басқа кандидаттар болмаған жағдайда, Қоғамдык кеңес осы Заңда көзделген тәртіппен Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
9. Мемлекеттік органның атынан өкілдік ететін Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктерін тоқтатқан кезде өкілеттігін тоқтатқан мүшесінің орнына Қоғамдық кеңестің жаңа мүшесін қосу туралы шешімді тиісті мемлекеттік органның басшысы қабылдайды.
10. Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері өкілеттігін тоқтатқан Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерінің қалған мерзіміне сайланады.
11. Қоғамдық кеңесті калыптастыру тәртібінін өзге де мәселелері Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде көзделген тәртіппен айқындалады.
Қоғамдық кеңес туралы ережені әзірлеу кезінде Жұмыс тобының мүшелері Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені басшылыққа алады ";
8) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"10-бап. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар
1. Он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымауға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
2. Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) соттылығының болмауы туралы мәліметтер;
4) наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардағы диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтер ұсынылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтерді өз бетінше немесе қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның аталған анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етуге арналған жазбаша келісімі арқылы береді.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңестің мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
3. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.";
9) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11 -бап. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның төралқасының өкілеттіктері
1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.
2. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде оның мүшелері арасынан Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.
3. Қоғамдық кеңес төралқасының отырыстарына осы Қоғамдық кеңестің мүшелері болып табылмайтын Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қатыса алады.
4. Қоғамдық кеңестің төралқасы:
1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;
3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;
4) Қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады.";
10) 12-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылмайды.";
11) 13-бапта;
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Республикалық деңгейдегі Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Жергілікті деңгейде Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
Қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік органның басшысы, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі Қоғамдық кеңес хатшысының міндеттерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның еңбекке ақы төлеу қоры шегінде шарт бойынша тартатын жұмыскерге не мемлекеттік органның жұмыс істейтін жұмыскеріне жүктеу туралы мәселені өз бетінше шешеді.";
12) 14-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоғамдық кеңес халықты:
1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері;
2) Қоғамдық кеңестің құрамы;
3) отырыстардың күн тәртібі;
4) қабылданған шешімдер;
5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабардар етеді.";
13) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не мынадай негіздер бойынша:
1) ол қайтыс болған;
2) мүшелікті қоғамдық емес мақсаттарда пайдаланған;
3) сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған;
4) сот қайтыс болды деп жариялаған;
5) Қоғамдық кеңес отырыстарына дәлелсіз себептермен бір жыл ішінде үш реттен артық қатыспаған;
6) азаматтық қоғамнан сайланған Қоғамдық кеңес мүшесі мемлекеттік қызметке кірген;
7) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер туындаған жағдайларда Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.";
14) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
"15-1-бап. Қоғамдық кеңестің қызметін тоқтату
1. Қоғамдық кеңес қатысуымен құрылған мемлекеттік орган таратылған жағдайда өз қызметін тоқтатады. Қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған жағдайда, ол қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз қызметін жалғастырады.
2. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған мемлекеттік органдарда қоғамдық кеңесті қалыптастыру осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";
15) 21-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
16) 22-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоғамдық кеңеске тиісті өтінішхат жіберетін жеке тұлғалар және (немесе) халықаралық және шетелдік ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық сараптаманың бастамашылары бола алады.";
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 6), 7) тармақшаларын, 11) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |