"Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 900 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 149 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.02.2023 № 149 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі туралы ережеде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сауда өкілдігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) есеп бередi.

      Уәкілетті орган Сауда өкілдігінің қызметiн бақылауды, сондай-ақ оны қаржылық және кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша жыл сайынғы негізде Сауда өкілдігінің жұмыс жоспарын және Сауда өкілдігі қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштерін бекітеді.

      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сауда өкілдігінің жұмысын үйлестiредi және бақылайды";

      8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Ресей Федерациясының нарығына қазақстандық тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, зияткерлік меншік объектілерін ілгерілетуге, сондай-ақ сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларына болу мемлекетінде кредит ресурстарын берудің қолайлы жағдайларын жасауға жәрдем көрсету;".

      9-тармақта:

      7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) сыртқы сауда қызметінің қазақстандық және шетелдік қатысушылары арасындағы сауда және басқа да коммерциялық дауларды сотқа дейін реттеуге жәрдемдеседі;

      8) қазақстандық тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, зияткерлік меншік объектілерінің экспортын жүзеге асыру үшін кедергілерді анықтау және оларды жою бойынша шаралар туралы ұсыныстар дайындау жұмыстарын жүргізеді;

      9) қазақстандық тауарларды, көрсетілетін қызметтерді және зияткерлік меншік объектілерін ілгерілету мақсатында Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен сауда-экономикалық мәселелер бойынша келіссөздерге қатысады;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларына болу мемлекетінің аумағында бірлескен жобаларды іске асыру үшін әріптестерді іріктеуде, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындармен және ұйымдармен ынтымақтастыққа тартылған болу мемлекетінің жеке және заңды тұлғаларының сенімділігі тұрғысынан қарастыруда жәрдем көрсетеді;";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Мемлекеттік мекемелердің (мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік органдардан басқа), акцияларының бақылау пакеті немесе жарғылық капиталына қатысудың бақылау үлесі мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері Сауда өкілдігінде өз қызметін уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша көрсетілген өкілдер Сауда өкілдігінің штат санына кірмей жүзеге асыра алады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Сауда өкілі:

      1) Сауда өкілдігінің жұмысына тікелей басшылық етеді;

      2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, болу мемлекетінің жергілікті жағдайлары мен дәстүрлеріне сәйкес Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің жұмыс уақыты мен демалу уақытының режимін анықтайды;

      3) Сауда өкілі орынбасарларының, Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      4) Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      5) Сауда өкілдігінің атынан заңдық әрекеттер жасайды;

      6) арнайы байланыс арналары бойынша мемлекеттік органдарға жолданатын құжаттарға өзі қол қоюға құқығы бар;

      7) кадрмен қамтамасыз ету, қаржылық, бухгалтерлік қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-шаруашылық қызмет мәселелеріне қатысты барлық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;

      8) өзі болмаған кезеңге өз өкілеттіліктерін орынбасарларының біреуіне жүктеу туралы бұйрықтар шығарады;

      9) Сауда өкілдігіне және Сауда өкілдігінің Қазан қаласындағы бөлімшесіне жұмысқа қабылдау үшін кандидатураларды уәкілетті органның бірінші басшысының қарауына ұсынады;

      10) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген штат санының лимиті шегінде Сауда өкілдігінің құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасының және болу мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады;

      12) өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен келіседі және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігіне атқарылған жұмыс туралы есеп береді.

      Сауда өкілі Сауда өкілдігінің өзіне жүктелген міндеттерді орындауына және тиімділіктің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты болады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2012 года № 1011 "Об утверждении Положения о Торговом представительстве Республики Казахстан в Российской Федерации, внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 784 "О некоторых вопросах совершенствования механизма решения кадровых вопросов по должностным лицам, назначаемым Правительством Республики Казахстан или по согласованию с ним" и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 декабря 2019 года № 900. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 февраля 2023 года № 149.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 22.02.2023 № 149.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 июля 2012 года № 1011 "Об утверждении Положения о Торговом представительстве Республики Казахстан в Российской Федерации, внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 июля 2002 года № 784 "О некоторых вопросах совершенствования механизма решения кадровых вопросов по должностным лицам, назначаемым Правительством Республики Казахстан или по согласованию с ним" и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" следующие изменения:

      в Положении о Торговом представительстве Республики Казахстан в Российской Федерации, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Торговое представительство подотчетно в своей деятельности уполномоченному органу в области регулирования торговой деятельности Республики Казахстан (далее – уполномоченный орган).

      Уполномоченный орган осуществляет контроль за деятельностью Торгового представительства, а также его финансовое и кадровое обеспечение.

      Уполномоченный орган по согласованию с Министерством иностранных дел Республики Казахстан на ежегодной основе утверждает план работы Торгового представительства и ключевые показатели эффективности деятельности Торгового представительства.

      Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Российской Федерации координирует и контролирует работу Торгового представительства.";

      подпункт 3) пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "3) оказание содействия в продвижении на рынок Российской Федерации казахстанских товаров, услуг, объектов интеллектуальной собственности, а также создании благоприятных условий предоставления казахстанским участникам внешнеторговой деятельности кредитных ресурсов в государстве пребывания;";

      в пункте 9:

      подпункты 7), 8) и 9) изложить в следующей редакции:

      "7) содействует в досудебном урегулировании торговых и других коммерческих споров между казахстанскими и иностранными участниками внешнеторговой деятельности;

      8) проводит работу по выявлению барьеров для осуществления экспорта казахстанских товаров, услуг, объектов интеллектуальной собственности и подготовке предложений о мерах по их устранению;

      9) участвует в переговорах по торгово-экономическим вопросам с государственными органами и организациями Российской Федерации в целях продвижения казахстанских товаров, услуг и объектов интеллектуальной собственности;";

      подпункт 13) изложить в следующей редакции:

      "13) оказывает содействие казахстанским участникам внешнеторговой деятельности в подборе партнеров для реализации совместных проектов на территории государства пребывания, а также рассмотрении на предмет надежности привлекаемых к сотрудничеству с казахстанскими предприятиями и организациями физических и юридических лиц государства пребывания;";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. В Торговом представительстве могут осуществлять свою деятельность по согласованию с уполномоченным органом и Министерством иностранных дел Республики Казахстан представители государственных учреждений (кроме государственных органов, являющихся государственными учреждениями), юридических лиц, в уставном капитале которых государству принадлежат контрольный пакет акций или контрольная доля участия в уставном капитале, общественных объединений без включения указанных представителей в штатную численность Торгового представительства.";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Торговый представитель:

      1) непосредственно руководит работой Торгового представительства;

      2) определяет режим рабочего времени и время отдыха сотрудников и работников Торгового представительства в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан, местными условиями и традициями государства пребывания;

      3) определяет полномочия заместителей Торгового представителя, сотрудников и работников Торгового представительства;

      4) издает приказы, обязательные для исполнения сотрудниками и работниками Торгового представительства;

      5) совершает от имени Торгового представительства юридические действия;

      6) имеет право самостоятельно подписывать документы, направляемые в государственные органы по каналам специальной связи;

      7) имеет право первой подписи на всех документах, касающихся вопросов кадрового обеспечения, финансовой, бухгалтерской, а также оперативно-хозяйственной деятельности;

      8) на период отсутствия издает приказы о возложении своих полномочий на одного из заместителей;

      9) представляет кандидатуры на рассмотрение первому руководителю уполномоченного органа для приема на работу в Торговое представительство и отделение Торгового представительства в городе Казани;

      10) утверждает структуру и штатное расписание Торгового представительства в пределах лимита штатной численности, установленного Правительством Республики Казахстан, по согласованию с уполномоченным органом;

      11) противодействует коррупции и несет персональную ответственность за соблюдение законодательства о борьбе с коррупцией Республики Казахстан и государства пребывания;

      12) согласовывает свою деятельность с Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Российской Федерации и представляет ежеквартально в Посольство Республики Казахстан в Российской Федерации отчет о проделанной работе.

      Торговый представитель несет ответственность за выполнение Торговым представительством возложенных на него задач и достижение ключевых показателей эффективности.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин