"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Жоғары бизнес мектебін дамыту және халықаралық деңгейдегі жоғары білікті ғалымдарды тарту бастамаларын 2019 жылы қаржыландыруды;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |