"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Орал қаласының білім беру бөлімінің № 44 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілсін.
2. Мынадай білім беру ұйымдары:
1) Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің "Болдырев негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің "Үштөбе негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің "Горячкин негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің "Мойылды негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің "Каленый бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің "Ақбұлақ бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің "Краснояр орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы білім бөлімінің "Харькин орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы білім бөлімінің "Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) "Казталов ауданының білім беру бөлімінің Богатырев орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Казталов ауданы білім беру бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) "Казталов ауданының білім беру бөлімінің Мирон негізгі жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Казталов ауданы білім беру бөлімінің Жаңатаң жалпы білім беретін негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) "Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданының білім беру бөлімінің Никонор бастауыш жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Казталов ауданы әкімдігі Казталов ауданы білім беру бөлімінің Қособа жалпы білім беретін бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің "Григорьев жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің "Кеңтүбек жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Киров мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің Қарағанды мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Тихонов мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Қарақұдық мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |