"Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1005 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2008 ж., № 2, 28-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
20 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1005 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 25 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:

      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

      3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

      4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

      5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды.

      Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.

2-тарау. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібі

      2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бағытталатын қаражат көлемі кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік білім беру мекемелері арасында осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентіне барабар бөлінеді.

      3. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет түріндегі материалдық көмек осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге беріледі. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет шеңберінде ұсынылатын материалдық көмектің түрлері мен көлемдері заңнамада айқындалады.

      Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттен тыс қаржылай және материалдық көмек:

      1) киім, аяқ киім, мектеп-жазу құралдарын сатып алуды;

      2) оқу орны бойынша тамақтандыруды ұйымдастыруды;

      3) қаржылай көмек көрсетуді;

      4) оқушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуын көздейді.

      Қаржылай көмек көрсетуге арналған қаражатты жұмсау осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін жүзеге асырылады.

      Оқитын жерінде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру қаражатты жұмсаудың басым бағыты болып табылады.

      Киім, аяқ киім, мектеп-жазу құралдарын сатып алу 1 (бір) білім алушыға немесе тәрбиеленушіге есептегенде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Жергілікті өкілді органдар жеңілдікпен жол жүруді ұйымдастыру, сондай-ақ қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамалар беру үшін жергілікті бюджеттерде қосымша қаражат көздеуге құқылы.

      Қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне жолдама алу, сондай-ақ білім алушылардың мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуы осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге де қолданылады.

      4. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші негізінде бөлінеді.

      Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының өтініші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші басшының атына білім беру ұйымына беріледі.

      Өтінішті алқалы орган өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды.

      Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының өтінішіне мынадай растау құжаттары қоса беріледі:

      1) осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама;

      2) осы Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін алынған табысы туралы алынған мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысын, кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлерінен түсетін табыс, балаларға және асырауындағы өзге де адамдарға алименттер түріндегі табыс);

      3) осы Қағидалардың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген санаттағы адамдар үшін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

      4) осы Қағидалардың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген санаттарды отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды. Көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажет болған жағдайда алқалы орган қажетті құжаттарды сұратады.

      Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысы қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат тағайындауға (өтініш берген айды қоса алғанда) өтініш берген сәтке дейінгі табыс сомасын жыл басынан айлар санына және отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы айқындалады.

      Отбасы құрамындағы орташа жан басына шаққандағы табысты есептеу кезінде ата-аналар (асырап алушылар) және олардың асырауындағы жасы 18-ге толмаған балалар ескеріледі.

      5. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың жұмсалуы білім беру ұйымында құрылған алқалы басқару органдарымен келісу бойынша қабылданатын білім беру ұйымының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге материалдық көмек көрсетуді білім беру ұйымдары, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынған өнім берушілер қатарынан көрсетілетін қызметті жеткізушілерді материалдық көмек алушылардың дербес таңдауын көздейтін электрондық жеткізгіштер мен бағдарламалық, техникалық құралдарды пайдалана отырып жүзеге асырады.

      6. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың нысаналы жұмсалуын білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қамтамасыз етеді.

      7. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражаттың түсімдерін және пайдаланылуын есепке алуды білім беру ұйымының немесе органның қаржы қызметі жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдары жыл сайын 20 қыркүйекке және 20 қаңтарға дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша есептілікті еркін нысанда ұсынады.

  Мемлекеттік білім беру
мекемелерінің мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек алуға
құқығы бар отбасылардан,
сондай-ақ мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алмайтын, жан
басына шаққандағы табысы ең
төменгі күнкөріс деңгейінің
шамасынан төмен отбасылардан
шыққан білім алушылары мен
тәрбиеленушілеріне және жетім
балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалып,
отбасыларда тұратын балаларға,
төтенше жағдайлардың
салдарынан шұғыл жәрдемді
талап ететін отбасылардан
шыққан балаларға және өзге де
санаттағы білім алушылар мен
тәрбиеленушілерге қаржылай
және материалдық көмек
көрсетуге бөлінетін қаражатты
қалыптастыру, жұмсау бағыты
мен оларды есепке алу
қағидаларына
қосымша
  ___________________________
  ұйымының басшысы
  ____________________________
  (Т.А.Ә.)
  ____________________________
  (өтініш берушінің Т.А.Ә.)
  ___________________________
  (мекенжайы)

Өтініш

      Сізден ______________________________________________ сынып оқушысы

      __________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.) жалпыға міндетті оқу қорынан

      _____________________________ де материалдық көмек бөлуіңізді сұраймын.

      Себебі, ____________________________________________________________

      (себебі көрсетіледі) 20____ жылғы "___" ___________

      _____________________________ (күні, Т.А.Ә., қолы)

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 января 2008 года № 64 "Об утверждении Правил формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных учреждений образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям - сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2019 года № 1005.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 января 2008 года № 64 "Об утверждении Правил формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных учреждений образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям - сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 2, ст. 28) следующее изменение:

      Правила формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных учреждений образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям-сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 30 декабря 20 года № 1005
  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 25 января 2008 года № 64

Правила формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных учреждений образования из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, и детям - сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях, детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций, и иным категориям обучающихся и воспитанников

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с подпунктом 21) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" и определяют порядок формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи следующим категориям обучающихся и воспитанников государственных учреждений образования:

      1) детям из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи;

      2) детям из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума;

      3) детям – сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, проживающим в семьях;

      4) детям из семей, требующих экстренной помощи в результате чрезвычайных ситуаций;

      5) иным категориям обучающихся и воспитанников, определяемым коллегиальным органом организации образования (далее – обучающиеся и воспитанники).

      Коллегиальным органом управления организации образования является попечительский совет.

Глава 2. Порядок формирования, направления расходования и учета средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам государственных учреждений образования

      2. Объем средств, направляемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам, распределяется между государственными учреждениями образования пропорционально их контингенту обучающихся и воспитанников, отнесенных к категориям, указанным в пункте 1 настоящих Правил, с учетом необходимости обеспечения гарантированным социальным пакетом.

      3. Материальная помощь в виде гарантированного социального пакета предоставляется обучающимся и воспитанникам, указанным в подпункте 1) пункта 1 настоящих Правил. Виды и объемы материальной помощи, предоставляемой в рамках гарантированного социального пакета, определяются законодательством.

      Финансовая и материальная помощь вне гарантированного социального пакета предусматривает:

      1) приобретение одежды, обуви, школьно-письменных принадлежностей;

      2) организацию питания по месту обучения;

      3) оказание финансовой помощи;

      4) участие обучающихся в культурно-массовых и спортивных мероприятиях.

      Расходование средств на оказание финансовой помощи осуществляется для обучающихся и воспитанников, указанных в подпункте 4) пункта 1 настоящих Правил.

      Приоритетным направлением расходования средств является организация одноразового питания по месту обучения.

      Приобретение одежды, обуви, школьно-письменных принадлежностей осуществляется в пределах средств, выделенных из местного бюджета, в расчете на 1 (одного) обучающегося или воспитанника.

      Местные представительные органы вправе предусмотреть дополнительные средства в местных бюджетах для организации льготного проезда, а также предоставления путевок в загородные и пришкольные лагеря.

      Приобретение путевок в загородные и пришкольные лагеря отдыха, а также участие обучающихся в культурно-массовых и спортивных мероприятиях также применяются к обучающимся и воспитанникам, указанным в подпункте 1) пункта 1 настоящих Правил.

      4. Средства на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам выделяются на основании заявления родителей или лиц, их заменяющих, либо обучающегося, достигшего совершеннолетия.

      Заявление родителей или лиц, их заменяющих, либо обучающегося, достигшего совершеннолетия, подается в организацию образования на имя его первого руководителя по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      Заявление коллегиальным органом рассматривается в течение 15-ти календарных дней со дня получения заявления.

      К заявлению родителей или лиц, их заменяющих, либо обучающегося, достигшего совершеннолетия, прилагаются подтверждающие документы:

      1) справка, подтверждающая принадлежность заявителя (семьи) к получателям государственной адресной социальной помощи, предоставляемая местными исполнительными органами, для категории лиц, указанных в подпункте 1) пункта 1 настоящих Правил;

      2) сведения о полученных доходах (заработная плата работающих родителей или лиц, их заменяющих, доходы от предпринимательской и других видов деятельности, доходы в виде алиментов на детей и других иждивенцев) для категории лиц, указанных в подпункте 2) пункта 1 настоящих Правил;

      3) решение уполномоченного органа об утверждении опеки (попечительства), патронатного воспитания для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, воспитывающихся в семьях для категории лиц, указанных в подпункте 3) пункта 1 настоящих Правил;

      4) указанные категории в подпунктах 4) и 5) пункта 1 настоящих Правил определяются коллегиальным органом на основании обследования материально-бытового положения семьи. При необходимости коллегиальный орган запрашивает необходимые документы для принятия решения об оказании финансовой и материальной помощи указанным категориям.

      Среднедушевой доход семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума, определяется путем деления суммы доходов на количество месяцев с начала года до момента обращения (включая месяц обращения) за назначением средств на оказание финансовой и материальной помощи и на число членов семьи.

      При исчислении среднедушевого дохода в составе семьи учитываются родители (усыновители) и находящиеся на их иждивении дети, не достигшие 18 лет.

      5. Расходование средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам, утверждается решением первого руководителя организации образования, принимаемого по согласованию с коллегиальными органами управления, созданными в организации образования.

      Оказание материальной помощи обучающимся и воспитанникам осуществляется организациями образования, в том числе с использованием электронных носителей и программных, технических средств, предусматривающих самостоятельный выбор получателями материальной помощи поставщиков услуг, из числа поставщиков, рекомендованных Национальной палатой предпринимателей Республики Казахстан.

      6. Целевое расходование средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам, обеспечивается первыми руководителями организаций образования

      7. Учет поступлений и использования средств, выделяемых на оказание финансовой и материальной помощи обучающимся и воспитанникам, осуществляется финансовой службой органа или организации образования.

      Организации образования ежегодно в срок до 20-го сентября и 20-го января представляют в местный исполнительный орган отчетность по итогам проведенной работы в произвольной форме.


  Приложение
к Правилам формирования,
направления расходования и
учета средств, выделяемых на
оказание финансовой и
материальной помощи
обучающимся и воспитанникам
государственных учреждений
образования из семей, имеющих
право на получение
государственной адресной
социальной помощи, а также из
семей, не получающих
государственную адресную
социальную помощь, в которых
среднедушевой доход ниже
величины прожиточного
минимума, и детям - сиротам,
детям, оставшимся без
попечения родителей,
проживающим в семьях, детям
из семей, требующих
экстренной помощи в результате
чрезвычайных ситуаций, и иным
категориям обучающихся и
воспитанников

                                                      Руководителю организации
                                                      _________________________
                                                                  (Ф.И.О)
                                                      от_______________________
                                                            (Ф.И.О. заявителя)
                                                      _________________________
                                                            (дом. адрес)

Заявление

      Прошу Вас выделить из фонда всеобуча материальную помощь в виде:
      _______________________________________________________________
      Ученику (ученице) ________________________________________ класса
                                    (Ф.И.О.)
      В связи с тем, что _______________________________________________
                                    (указываются причины)
      "____" ________________ ________________________________________
                                    (дата, Ф.И.О. подпись)