"Волонтер жылын жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 135 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Волонтер жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және ұйымдар (келісу бойынша):
1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) 2021 жылғы 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 1 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген |
Волонтер жылын өткізу жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар (мың тг.) | Қаржыландыру көздері | Күтілетін нәтиже |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. Волонтерлік қызмет үшін қолайлы ортаны дамыту | |||||||
1. | Қазақстандағы волонтерлік қызмет практикасын және халықаралық тәжірибені талдау негізінде волонтерлік қызмет мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру | "Кейбір заңнамалық актілерге волонтерлік қызмет бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы | АҚДМ, Еңбекмині, БҒМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері, ҰВЖ (келісу бойынша), ҮЕҰ (келісу бойынша), БҰҰЕБ (келісу бойынша) | 2020 жыл | талап етілмейді | - | заң жобасын 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына енгізу |
2. | Халықаралық еңбек ұйымы тәсілдері шеңберінде ынталандырушы фактор ретінде волонтерлік сағаттарды еңбек өтілінде есепке алу мүмкіндігін көздеу | Үкіметке есеп | АҚДМ, Еңбекмині, ҰЭМ | 2020 жылғы маусым | талап етілмейді | - | волонтерлік еңбекті еңбек өтілінде есепке алу бойынша ұсыныстар |
3. | Волонтерлік қызметтің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін бағалауды жүзеге асыру | Үкіметке есеп | АҚДМ, БҰҰЕБ (келісу бойынша) | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | волонтерлік қызметтің әлеуметтік-экономикалық дамудағы үлесін есепке алу бойынша ұсынымдар |
4. | Қазақстанда волонтерлік қызметті дамыту туралы баяндама дайындау | Үкіметке баяндама | АҚДМ | 2020 жылғы қараша | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | волонтерлік қызметті жетілдіру бойынша ұсынымдар |
2. Волонтерлік қызмет бойынша инфрақұрылымды дамыту және оған қатысушылардың әлеуетін арттыру | |||||||
5. | Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен Волонтерлік кеңестің қызметін ұйымдастыру | хаттама | АҚДМ, СІМ | 2020 жылғы ақпан, шілде, қараша | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдарының ынтымақтастығын дамыту бойынша ұсыныстар |
6. | Волонтер жылы шеңберінде волонтерлік бағдарламалар мен жобаларды үйлестіру және мониторингілеу жөніндегі жобалық офистің қызметін ұйымдастыру | Үкіметке есеп | АҚДМ | 2020 жылғы ақпан-желтоқсан | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | 16 жобаны іске асыруды және 83 өңірлік үйлестірушінің қызметін үйлестіру және мониторингілеу |
7. | Волонтерлерді, азаматтық, жастар ресурстық орталықтарын қолдау орталықтары базасында өңірлік үйлестірушілердің жұмысын ұйымдастыру | Үкіметке есеп | Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы ақпан-қараша | бөлінген қаражат шегінде | ЖБ | 83 өңірлік үйлестірушінің жұмысын ұйымдастыру |
8. | Волонтерлік қызметтің рөлін арттыруға және дамытуға бағытталған оқыту іс-шаралары кешенін жүргізу | семинарлар, тренингтер | АҚДМ, МҚІА (келісу бойынша), БҰҰЕБ (келісу бойынша), ЮНФПА (келісу бойынша), ҰВЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) | 2020 жылғы ақпан-қараша | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" |
барлық өңірлерде |
9. | Волонтерлер үшін "ZEREN 2020" республикалық жастар жазғы лагерін өткізу | сертификаттар беру | АҚДМ | 2020 жылғы шілде-тамыз | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | оқытылған қатысушылардың саны кемінде 600 адам |
10. | ЖОО-ның әлеуметтік-саяси пәндер модуліне волонтерлікті дамыту және азаматтық мәдениетті қалыптастырудағы оның рөлі тақырыптарын енгізу | бұйрық | БҒМ, ЖОО (келісу бойынша) | 2020 жылғы наурыз | талап етілмейді | - | білім беру мекемелерінде волонтерлік қызметті дамыту |
3. Азаматтардың волонтерлік қызметке қатысуын кеңейту | |||||||
11. | Волонтерлік қызметпен айналысатын ЖОО студенттері үшін әлеуметтік студенттік кредиттер беру жүйесін дамыту | студенттердің волонтерлік қызметі туралы есеп | БҒМ, АҚДМ, ЖОО (келісу бойынша) | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | РБ 204 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" | волонтерлік қызметпен айналысатын студент жастарды қамту |
12. | Волонтерлік қызметті дамыту жөніндегі өңірлік жоспарларды әзірлеу және іске асыру | волонтерлік қызметті дамыту жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспарлары | Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | қаңтар, кейіннен 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | ЖБ | өңірлерде волонтерлік қызметті дамыту |
13. | Білім беру мекемелерінде: - жалпы білім беру мектептерінде (Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша); - ТжКБ ұйымдарында; - ЖОО-да волонтерлік қызметті дамыту | әдістемелік ұсынымдар, қорытынды конференциялар | БҒМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жыл бойы | талап етілмейді | - | волонтерлік қызметке қатысушыларды тарту |
14. | Әлеуметтік қызметкердің екі волонтермен өзара іс-қимыл моделін айқындау | әдістемелік ұсынымдар | Еңбекмині, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жыл бойы | талап етілмейді | - | әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту |
15. | Халықтың құқықтық сауаттылығын аттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысқа волонтер-заңгерлерді тарту | консультациялар | Әділетмині, АҚДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жыл бойы | талап етілмейді | - | азаматтарға құқықтық көмек көрсету |
16. | Аға буынды волонтерлік қызметке тарту | Үкіметке есеп | АҚДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы наурыз | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | кемінде 350 аға буын өкілінің волонтерлік қызметке қатысуы |
17. | Волонтерлерді тарта отырып, "Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні" акциясын өткізу | акция | ЭГТРМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы мамыр | бөлінген қаражат шегінде | РБ 256 "Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін басқару сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету" | кемінде 5000 волонтерді экологиялық іс-шараны өткізуге тарту |
18. | Өңірлердегі волонтерлік бастамаларды қолдауға арналған "Jańa bastama" жобаларын іске асыру | Үкіметке есеп | АҚДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы ақпан-қараша | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | өңірлерді дамытуға арналған волонтерлік бастамаларды іске асыруға бағытталған 170 астам волонтерлік жобаны іске асыру |
4. Корпоративтік волонтерлік қызметті дамыту | |||||||
19. | Корпоративтік волонтерлікті дамытудың оң практикасын зерделеу және конференция өткізу | оң практикалар жинағы, конференция | АҚДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері, ҮЕҰ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы ақпан-қараша | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | корпоративтік волонтерлікті дамыту |
20. | "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ-мен, мемлекет қатысатын ұлттық компаниялармен бірлесіп қызметкерлердің өз қалауы бойынша және олар белгілейтін қызмет бағыттары шеңберінде жүзеге асырылатын волонтерлік жобаларды іске асыруға қатысуының ең аз шегін (негізгі функционалдық міндеттерден босатыла отырып сағаттық жүктеме) айқындау туралы мәселені пысықтау | Үкіметке есеп | АҚДМ, Еңбекмині, ҰЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар (келісу бойынша) | 2020 жылғы наурыз | талап етілмейді | - | волонтерлік қызметке қатысатын қызметкерлер санын ұлғайту |
21. | Корпоративтік волонтерліктің оң практикасымен алмасу үшін диалог алаңдарын ұйымдастыру | Үкіметке есеп | АҚДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері, ҮЕҰ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша) | 2020 жылғы ақпан-қараша | талап етілмейді | - | волонтерлік қызметке қатысатын қызметкерлердің санын ұлғайту |
5. Волонтерлік қызмет бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту | |||||||
22. | Қазақстандық волонтерлердің БҰҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету | келісім | СІМ, АҚДМ, БҰҰЕБ (келісу бойынша) | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | волонтерлерді БҰҰ-ның халықаралық жобаларына тарту |
23. | Қазақстанның мүдделерін әлемдік деңгейде ілгерілету мақсатында халықаралық диалог алаңдарына волонтерлік ұйымдардың қатысуы | Үкіметке есеп | АҚДМ, СІМ, БҰҰЕБ (келісу бойынша) | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | қазақстандық волонтерлердің халықаралық диалог алаңдарындағы тәжірибелерінің таныстырылымы |
24. | Қазақстандық волонтерлердің "Жеңістің 75 жылдығы волонтерлерінің халықаралық командасы" іс-шарасына қатысуын қамтамасыз ету | есеп | Қорғанысмині, СІМ, АҚДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы мамыр | бөлінген қаражат шегінде | ЖБ | волонтердің халықаралық командаға қатысуы |
25. | Бала құқығын қорғауды күшейту және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер арасындағы суицид мәселелерін шешу бойынша 2020 – 2022 жылдарға арналған жол картасын әзірлеу және іске асыру | жол картасы | БҒМ, АҚДМ, ЮНИСЕФ (келісу бойынша) | 2020 жыл бойы | талап етілмейді | - | волонтерлерді балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларға тарту |
6. Волонтерлікті дәріптеу | |||||||
26. | Волонтер жылын бастау бойынша іс-шаралар кешенін өткізу | Үкіметке есеп | АҚДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы қаңтар | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | волонтерлік қызметті дамытуға белсенді қатысатын барлық өңірлердегі волонтерлердің қатысуымен Волонтер жылын ресми түрде бастау |
27. | Волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған өңірлік іс-шаралар өткізу | Үкіметке есеп | Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан | бөлінген қаражат шегінде | ЖБ | өңірлерде волонтерлік қызметті дамыту |
28. | Волонтерлік қызметке ынталандыруға бағытталған іс-шаралар өткізу | конкурстар, марапаттау рәсімдері | Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | ЖБ | конкурстардың қорытындылары бойынша үздік волонтерлерді марапаттау |
29. | Волонтер жылы қорытындыларына арналған конференция өткізу | конференция | АҚДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы желтоқсан | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | волонтерлік жобаларды іске асыру қорытындыларын шығару үшін конференция жұмысына кемінде 300 волонтердің қатысуын қамтамасыз ету |
30. | "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру және Волонтер жылының ресми жабылуы | сыйлық беру рәсімі | АҚДМ, СІМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы желтоқсан | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | волонтерлік қызметтің беделін арттыру, марапатталатын адамдар саны 50 адамға дейін, қатысушылар саны – 1000 белсенді волонтер |
31. | Волонтерлік қызметті ілгерілету бойынша ақпараттық қызметті дамыту | Үкіметке есеп | АҚДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | волонтерлік жобаларды/ бағдарламаларды/ акцияларды ілгерілету |
32. | Волонтерлерге арналып құрылған онлайн-платформаның ұтқырлығын және пайдалану қолайлығын арттыру мақсатында функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту | Үкіметке есеп | АҚДМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ | 2020 жылғы маусым | талап етілмейді | - | волонтерлік жобаларды/ бағдарламаларды/ акцияларды ілгерілету |
33. | Волонтер жылына арналған іс-шараларды ақпараттық қолдау | медиа-жоспар | АҚДМ | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | РБ 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" | волонтерлік қызметті тиімді ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету |
оның ішінде: | |||||||
33.1 | Волонтерлік қызмет туралы тақырыптық аудио және бейнероликтерді әзірлеу және телерадиоарналарда орналастыру | бейнероликтер | АҚДМ | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | РБ 003 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" | волонтерлік қызметті танымал ету волонтерлік қызметті танымал ету |
33.2 | Волонтерлікті және волонтерлік қозғалыстарды дәріптеу мақсатында телебағдарламаларды іске қосу | телебағдарламалар | АҚДМ | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | ||
33.3 | Волонтерлік туралы телесериал шығару және трансляциялау | сериалды трансляциялау | АҚДМ | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | ||
33.4 | Волонтерлік туралы деректі фильм шығару және трансляциялау | деректі фильмді трансляциялау | АҚДМ | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | ||
33.5 | Баспа БАҚ-та еліміздегі волонтерлікті дамыту бойынша талдамалық мақалаларды жариялау | мақалалар | АҚДМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | ||
33.6 | Youtube бейнехостингінде танымал блогерлер арқылы авторлық бейнеконтентті жасау және ілгерілету | бейнероликтер сериясы | АҚДМ | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | ||
33.7 | Вирустық роликтерді, көркем мотивтерді, гиф-суреттерді, имидждік өнімдерді жасау және әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде ілгерілету | вирустық роликтер, көркем мотиваторлар, гиф-суреттер, имидждік өнімдер | АҚДМ | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | ||
33.8 | "Волонтермен бір күн" интернет-жобасы | интернет-жоба | АҚДМ | 2020 жыл бойы | бөлінген қаражат шегінде | ||
7. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін волонтерлікті дамыту | |||||||
34. | Ауылдық жерлердегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты оқыту бойынша волонтерлік көмек көрсету жөніндегі "Birgemiz: Bilim" жалпыұлттық жобасын іске асыру | Үкіметке есеп | АҚДМ, БҒМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы ақпан-қараша | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | 14 өңірдің әрқайсысында 100 волонтерді тарта отырып, ауылдық жерлердегі орта мектептердің 1000 қатысушысына білім беру |
35. | Денсаулық сақтау саласына волонтерлерді тарту, науқастарды күтуде, соның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және т.б. көмек көрсету жөніндегі "Birgemiz: Saýlyq" жалпыұлттық жобасын іске асыру | Үкіметке есеп | АҚДМ, ДСМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы ақпан-қараша | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | қатысқан және оқытылған 1000 азамат пен волонтер |
36. | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында балалар үйлеріндегі балаларға және жастарға, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға қатысты волонтерлердің тәлімгерлік тәжірибесін енгізу жөніндегі "Birgemiz: Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасын іске асыру | Үкіметке есеп | АҚДМ, БҒМ, Еңбекмині, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы ақпан-қараша | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | қатысқан және оқытылған 1000 азамат пен волонтер |
37. | Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету жөніндегі "Birgemiz: Taza Álem" жалпыұлттық жобасын іске асыру | Үкіметке есеп | АҚДМ, ЭГТРМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы ақпан-қараша | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету | қатысқан және оқытылған 1000 азамат пен волонтер |
38. | Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі "Birgemiz: Asyl mura" жалпыұлттық жобасын іске асыру | Үкіметке есеп | АҚДМ, МСМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы ақпан-қараша | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | қатысқан және оқытылған 1000 азамат пен волонтер |
39. | Қарттар үйлеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына волонтерлерді тарту жөніндегі "Birgemiz: Qamqor" жалпыұлттық жобасын іске асыру | Үкіметке есеп | АҚДМ, Еңбекмині, ДСМ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы ақпан-қараша | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | қатысқан және оқытылған 1000 азамат пен волонтер |
40. | Жоғалған адамдарды іздеу, зілзала қауіп-қатерін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою, оның ішінде біздің отандастарымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі туралы баяндайтын құжаттарды іздестіру жобаларына волонтерлерді тарту жөніндегі "Birgemiz: Úmit" жалпыұлттық жобасын іске асыру | Үкіметке есеп | АҚДМ, ІІМ, Қорғанысмині, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдіктері | 2020 жылғы ақпан-қараша | бөлінген қаражат шегінде | РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету" | қатысқан және оқытылған 1000 азамат пен волонтер |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі
МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
ЦДИАӨМ - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Атамекен" ҰКП – "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы
БҰҰЕБ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер бағдарламасы
ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім беру
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар
ҰВЖ – "Ұлттық волонтерлер желісі" заңды тұлғалар бірлестігі
ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
ЖОО – жоғары оқу орны
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы
ЮНФПА – БҰҰ-ның халықтың қоныстануы саласындағы қоры