Тестілеу рәсімдерін және мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордың (ақпараттық жүйенің) үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі операторды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 14 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 789 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.09.2023 № 789 (31.12.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 18-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы тестілеу рәсімдерін және мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқордың (ақпараттық жүйенің) үздіксіз жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз ету жөніндегі оператор болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Об определении оператора по техническому обеспечению процедур тестирования и бесперебойного функционирования единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 2020 года № 14. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 сентября 2023 года № 789.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.09.2023 № 789 (вводится в действие с 31.12.2023).

      В соответствии с подпунктом 18-1) статьи 1 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить акционерное общество "Национальный центр по управлению персоналом государственной службы" оператором по техническому обеспечению процедур тестирования и бесперебойного функционирования единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан А. Мамин