"Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 18 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 маусымдағы № 479 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.06.2023 № 479 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1126 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 569-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына, 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттiк қызметшi лауазымға кiрiскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметтi атқару уақытында сенімгерлік басқаруға береді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тараптардың біреуі мүлікті сенімгерлік басқару шартын бұзған жағдайда, мемлекеттік қызметші бұл туралы жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) күнтізбелік отыз күн ішінде хабардар етеді, ал сенімгерлік басқаруға беруге жататын мүлік шарт бұзылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен шарттың нотариат куәландырған көшірмесін жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) бере отырып, қайтадан сенімгерлік басқаруға беріледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1126 "Об утверждении Правил передачи имущества государственных служащих в доверительное управление"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 января 2020 года № 18. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 июня 2023 года № 479.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 16.06.2023 № 479 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1126 "Об утверждении Правил передачи имущества государственных служащих в доверительное управление" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 75-76, ст. 569) следующие изменения:

      в Правилах передачи имущества государственных служащих в доверительное управление, утвержденных указанным постановлением:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "Настоящие Правила передачи имущества государственных служащих в доверительное управление (далее – Правила) разработаны в соответствии с Конституцией Республики Казахстан от 30 августа 1995 года, Гражданским кодексом Республики Казахстан (Особенная часть) от 1 июля 1999 года, Законом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан и определяют порядок передачи имущества государственных служащих в доверительное управление.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Государственный служащий в течение тридцати календарных дней со дня вступления в должность на время прохождения государственной службы передает в доверительное управление находящиеся в его собственности доли, акции (акцию) в уставном капитале коммерческих организаций и иное имущество, использование которого влечет получение доходов, за исключением денег, законно принадлежащих этому лицу, а также имущества, переданного в имущественный наем.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. В случае расторжения договора на доверительное управление имуществом одной из сторон, государственный служащий уведомляет об этом в течение тридцати календарных дней службу управления персоналом (кадровую службу) по месту работы, а имущество, подлежащее передаче в доверительное управление, в течение тридцати календарных дней после расторжения договора вновь передается в доверительное управление с представлением в службу управления персоналом (кадровую службу) по месту работы нотариально засвидетельствованной копии договора в порядке, установленном настоящими Правилами.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин