"Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 46 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 36-37-38, 251-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп есепті қаржы жылындағы түзетілген республикалық бюджеттің атқарылуын көрсетеді және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік орган жүргізген бюджеттік мониторинг нәтижелері мен нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық бюджеттік бағдарламалардың түсімдері және оларды іске асыру жөніндегі талдамалық деректерді қамтиды.

      Түсімдер бойынша талдамалық есепте мынадай ақпарат қамтылады:

      республикалық бюджет кірістері туралы, оның ішінде түсімдер жоспарының атқарылуына әсер ететін негізгі факторларды және кірістер түсімдерінің жоспарынан іс жүзіндегі атқарылудың ауытқу себептерін баяндай отырып, салықтық түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттер түсімдерінің атқарылуын талдау;

      бюджеттік кредиттерді өтеуден түсетін түсімдер туралы, оның ішінде іс жүзіндегі атқарылудың бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша қаражаттардың түсу жоспарынан ауытқуының негізгі факторлары мен себептері;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін іс жүзіндегі түсімдердің жоспарлы сомадан ауытқу себептерін көрсете отырып, оларды сатудан түсетін түсімдер туралы.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте мынадай ақпарат қамтылады:

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде шығыстардың ведомстволық сыныптамасы бойынша қалыптастырылатын республикалық бюджеттің шығыстары туралы;

      республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша тапшылықтың (профициттің) іс жүзінде қалыптасқан сомасын түсіндіретін бюджет тапшылығы (профициті) туралы;

      қарызға алу және бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды іс жүзінде қамтамасыз ету немесе бюджет профицитін, қарыз қаражатын, бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтарын қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге жұмсау жолымен бюджет профицитін пайдалану нәтижелерін қамтитын бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) туралы.

      Республикалық бюджеттің шығыстары туралы талдамалық ақпаратта мыналар қамтылады:

      1) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

      мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу және стратегиялық мақсаттарды іске асыру туралы;

      бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) көрсеткіштерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражаты туралы, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат;

      2) стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша:

      қол жеткізілген (жеткізілмеген) көрсеткіштер көрсетіле отырып, бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) бөлінген қаражаттың игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылғы 20 сәуірден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне береді.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

      Тиісті мемлекеттік органдар есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджетті атқару туралы жылдық есептің жобасын уақтылы дайындау мақсатында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мәндерді мың теңгемен көрсете отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай ақпаратты ұсынады:

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын іске асыру шеңберінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы талдамалық ақпарат;

      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері:

      есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей:

      мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп;

      бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есеп;

      республикалық бюджеттің шығыстары туралы талдамалық ақпарат;

      тиісті мемлекеттік органның квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында қаражат қалдықтарының қалыптасу себептері көрсетілген, олар туралы ақпарат;

      есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызынан кешіктірмей мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер, сондай-ақ есепті жылы көзделген және олардың іске асырылуына пайдаланылған қаражат, жоспарланған іс-шаралардың орындалу (орындалмау) нәтижелері және себептері, олардың саланың, өңірдің, елдің дамуына ықпалы көрсетілген, талдамалы ақпарат.

      Стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің талдамалық ақпаратында мынадай ақпарат қамтылады:

      стратегиялық мақсаттарды іске асыру және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеу (асыра орындау) себептері түсіндірілген, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы (бекітілген мәндермен, қаржы жылындағы нысаналы индикаторлармен және көлемдермен салыстырғанда өзгерістер болған жағдайда, енгізілген өзгерістердің себептері);

      стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражаты, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша және олардың орындалмау (асыра орындалу) себептері көрсетілген бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) көрсеткіштері туралы.

      Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің талдамалық ақпаратында іске асырылатын бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) бөлінген қаражаттың игерілуі және олардың орындалмауының (асыра орындалуының) себептері көрсетілген, қол жеткізілген (қол жеткізілмеген) көрсеткіштері туралы ақпарат қамтылады.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік қаражаттары бойынша бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жоспарланған және нақты игерілген сомалар, ал қаражат игерілмеген жағдайда – игерілмеу себептері көрсетіледі.

      Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган басқа қажетті ақпаратты сұратады және өз құзыреті шегінде қосымша нысандарды белгілейді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 503 "Об утверждении Правил составления и представления годового отчета об исполнении республиканского бюджета"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2020 года № 46.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 503 "Об утверждении Правил составления и представления годового отчета об исполнении республиканского бюджета" (САПП Республики Казахстан, 2017 г., № 36-37-38, ст. 251) следующие изменения:

      в Правилах составления и представления годового отчета об исполнении республиканского бюджета, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Аналитический отчет об исполнении республиканского бюджета отражает исполнение скорректированного республиканского бюджета за отчетный финансовый год и включает в себя аналитические данные по поступлениям и реализации республиканских бюджетных программ, основанные на результатах бюджетного мониторинга и оценки результатов, проведенных администраторами бюджетных программ и государственным органом, уполномоченным Правительством Республики Казахстан.

      Аналитический отчет по поступлениям содержит информацию:

      о доходах республиканского бюджета, в том числе анализ исполнения налоговых поступлений, неналоговых поступлений, поступлений от продажи основного капитала, поступлений трансфертов с изложением основных факторов, повлиявших на исполнение плана поступлений, и причин отклонения фактического исполнения от плана поступлений доходов;

      о поступлениях от погашения бюджетных кредитов, в том числе основные факторы и причины отклонения фактического исполнения от плана по поступлению средств по погашению бюджетных кредитов;

      о поступлениях от продажи финансовых активов государства с указанием причин отклонения фактического их поступления от плановых сумм.

      Аналитический отчет о выполнении республиканских бюджетных программ содержит информацию:

      о расходах республиканского бюджета, который формируется по ведомственной классификации расходов в разрезе администраторов бюджетных программ и бюджетных программ;

      о дефиците (профиците) бюджета, объясняющую фактически сложившуюся сумму дефицита (профицита) по итогам исполнения республиканского бюджета;

      о финансировании дефицита (использовании профицита) бюджета, включающую результаты фактического обеспечения покрытия дефицита бюджета за счет заимствования и используемых остатков бюджетных средств, или использования профицита бюджета путем расходования профицита бюджета, средств займов, используемых остатков бюджетных средств на погашение основного долга по займам.

      Аналитическая информация о расходах республиканского бюджета включает в себя:

      1) по администраторам республиканских бюджетных программ, разрабатывающим стратегические планы, информацию:

      о реализации стратегических целей и достижении целевых индикаторов стратегического плана государственного органа;

      о бюджетных средствах, направленных на достижение целей стратегического плана, по бюджетным программам (подпрограммам) с указанием достигнутых (недостигнутых) показателей результатов бюджетных программ, неэффективном исполнении бюджетных программ;

      2) по администраторам республиканских бюджетных программ, не разрабатывающим стратегические планы, информацию:

      об освоении выделенных средств по бюджетным программам (подпрограммам) с указанием достигнутых (недостигнутых) показателей результатов, неэффективном исполнении бюджетных программ.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Годовой отчет об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год представляется Правительством Республики Казахстан ежегодно не позднее 20 апреля текущего года в Парламент Республики Казахстан и Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета.

      Центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета обеспечивает координацию работы администраторов бюджетных программ при рассмотрении годового отчета об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год в Парламенте Республики Казахстан.

      Соответствующие государственные органы в целях своевременной подготовки проекта годового отчета об исполнении республиканского бюджета за отчетный финансовый год представляют в центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета следующую информацию на государственном и русском языках с указанием значений в тысячах тенге:

      центральный уполномоченный орган по государственному планированию не позднее 20 февраля года, следующего за отчетным, – аналитическую информацию об итогах социально-экономического развития страны в рамках Прогноза социально-экономического развития Республики Казахстан за соответствующий финансовый год и реализации основных направлений налогово-бюджетной политики в стране;

      администраторы республиканских бюджетных программ:

      не позднее 15 февраля года, следующего за отчетным:

      отчет о реализации стратегического плана государственного органа;

      отчет о реализации бюджетных программ (подпрограмм);

      аналитическую информацию о расходах республиканского бюджета;

      информацию об остатках средств на контрольных счетах наличности субъектов квазигосударственного сектора соответствующего государственного органа с указанием причин их образования;

      не позднее 10 марта года, следующего за отчетным, отчеты о реализации государственных программ, а также аналитическую информацию с указанием предусмотренных и использованных средств на их реализацию в отчетном году, результатов и причин выполнения (невыполнения) запланированных мероприятий, их влияние на развитие отрасли, региона, страны.

      Аналитическая информация администраторов республиканских бюджетных программ, разрабатывающих стратегические планы, включает информацию:

      о реализации стратегических целей и достижении целевых индикаторов стратегического плана государственного органа с пояснением причин недостижения (перевыполнения) целевых индикаторов (в случае изменений по сравнению с утвержденными значениями, объемами и количеством целевых индикаторов в течение финансового года указываются причины произведенных изменений);

      о бюджетных средствах, направленных на достижение целей стратегического плана, по бюджетным программам (подпрограммам) и достигнутых (недостигнутых) показателях результатов бюджетных программ с указанием причин их недостижения (перевыполнения).

      Аналитическая информация администраторов республиканских бюджетных программ, не разрабатывающих стратегические планы, включает информацию об освоении выделенных средств по реализуемым бюджетным программам (подпрограммам) и достигнутых (недостигнутых) показателях результатов с указанием причин их недостижения (перевыполнения).

      По бюджетным средствам администраторов республиканских бюджетных программ указываются плановые и фактические суммы освоения по бюджетной программе (подпрограмме), в случае неосвоения средств – причины неосвоения.

      Центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета запрашивает другую необходимую информацию и устанавливает в пределах своей компетенции дополнительные формы.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин