"Жерді сақтап қою ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 91 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жерді сақтап қою ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 407-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жерлерді сақтап қою қағидаларын бекiту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жерлерді сақтап қою қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жерді сақтап қою ережесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 2 наурыздағы
№ 91 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 993 қаулысымен
бекiтiлген

Жерлердi сақтап қою қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жерлердi сақтап қою қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтiру, қоршаған ортаны жақсарту және халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ауыл шаруашылығының тозған алқаптарын, шектi жол берiлетiн шоғырлануының және шектi жол берiлетiн әсер ету деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен тыс химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, сарқынды сулармен ластанған жерлердi, карантиндiк объектілермен, бөтен текті түрлер мен аса қауіпті зиянды организмдермен залалданған жерлердi (бұдан әрі – бүлінген жерлер) сақтап қою, сондай-ақ ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерiн алып қою және қорғау тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар:

      аса қауiптi зиянды организмдер – кезең-кезеңмен жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және уәкілетті орган бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;

      биологиялық ластану – жерлердiң бактериологиялық, гельминтологиялық, энтомологиялық және карантиндiк ластануы;

      бөтен текті түр – Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін, өсімдіктің және арамшөптің ауруын қоздырушы жәндіктің түрі;

      жерлердi сақтап қою – жерлердi шаруашылық айналымнан уақытша шығару;

      жерлердiң ластануы – антропогендiк қызметтiң нәтижесiнде жерде шектi рұқсат етiлетiн зиянды заттар нормативтерiнен асып түсетiн, жердiң құндылығын төмендететiн, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң сапасын, қоршаған ортаның басқа да объектiлерiн, халықтың тұру жағдайын нашарлататын мөлшерде әртүрлi заттар мен организмдердiң жинақталуы;

      жерлердiң тозуы – жердiң табиғи ортаның элементi ретiндегi функциясының өзгеруiне, оның сандық және сапалық жағдайының нашарлауына, табиғи-шаруашылық мәнiнiң төмендеуiне әкелiп соқтыратын процестер жиынтығы;

      зиянды организмдер – топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылығы өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары;

      карантиндік объект – өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, Еуразиялық экономикалық одақтың карантиндік объектілерінің бірыңғай тізбесіне және (немесе) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген өсімдіктер ауруын қоздырғыш зиянкес немесе арамшөп;

      радиоактивтi ластану – жерлердiң радионуклидтермен, оның iшiнде ядролық қаруды сынаудың, радиациялық авариялардың, ядролық қондырғылар жұмысының, иондаушы сәулелену көздерiн, радиоактивтi заттар мен қалдықтарды сақтау және көму пункттерiн пайдаланудың, сондай-ақ атом энергиясын пайдалануға байланысты өзге де қызметтiң нәтижесiнде ластануы;

      химиялық ластану – топырақтың химиялық құрамының адамдардың өндiрiстiк, ауыл шаруашылық, тұрмыстық немесе өзге де қызметiнiң салдарынан оның құнарлылығы мен сапасының төмендеуiн тудыратын өзгеруi;

      шаруашылық-тұрмыстық ластану – жерлердiң топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерiнiң жағымсыз өзгеруiн тудыратын өндiрiстiк қалдықтармен және сарқынды сулармен ластануы.

      3. Осы Қағидалар пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру, минералдық шикiзаттың өңделген қалдықтарын жинақтау, қоқыс жинақтауыштар, күл-қож үйiндiлерi, геологиялық барлау, iздестiру, құрылыс және өзге де жұмыстарды орындау үшiн белгіленген тәртiппен берілген, пайдаланылуы олардың бүлінуіне байланысты болатын бүлiнген (бүлiнетiн) жер учаскелерiне қолданылмайды.

2-тарау. Бүлінген жерлердi анықтау, зерттеп-қарау және сақтап қою

      4. Бүлінген жерлердi анықтау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн жер учаскесiнің меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өтініш хаты, жергiлiктi атқарушы немесе өзге де құзыреттi органның бастамасы негiз болып табылады.

      5. Бүлiнген жерлердi анықтауды белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жергiлiктi атқарушы органдар, жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылау жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органдар және басқа да уәкілетті органдар жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртібімен немесе арнайы далалық зерттеп-қарау нәтижесінде жүргізеді.

      6. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы жерлердiң ластану деңгейi мен бүлiну дәрежесiн белгілеу, келтiрiлген залалды айқындау, бүлінген жерлерден болған салдарды жою мақсатында арнайы комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссияның құрамына облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдарының, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, ауыл шаруашылығы және басқа да құзыреттi органдар мен ұйымдардың мамандары кiредi.

      7. Комиссия екі ай мерзімде жиналған материалдарды жинап, талдайды және жер ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органдардың және басқа да уәкілетті органдардың нормативтік-нұсқаулық құжаттары мен әдістемелік нұсқауларына сәйкес бұзылған жерлердің ластану деңгейін анықтау мақсатында аумақты тексереді.

      Қолда бар материалдар жеткіліксіз болған жағдайда комиссия тиісті мемлекеттік органға қосымша зерттеулер жүргізу қажеттігі туралы ұсыныс енгізеді.

      Комиссияның, денсаулық сақтау, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет және білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары аумақты зерттеу материалдарымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде экологиялық сараптама жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      8. Жерлердiң ластану деңгейi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген топырақты ластайтын зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдердiң және басқа да биологиялық заттардың шектi жол берiлетiн шоғырлануының нормативтерiне сәйкес анықталады.

      9. Комиссияның зерттеп-қарау материалдары комиссияның барлық мүшелерi қол қойған қорытындыда жинақталып қорытындылануы тиiс.

      Қорытындыда:

      меншiгiнде немесе пайдалануында бүлінген жер учаскесi бар тұлғаның деректерi;

      жердiң бүлiнуiне әкеп соққан объектілер;

      егер жерлердi ластаған, бүлдiрген, ауру жұқтырған тұлға анықталса, оның деректерi;

      бүлiнген жерлердің түрi мен алаңы (орналасқан орнын схемада бұрыш координаттарымен нақтылап);

      жердін сапалық жай-күйi бойынша бүлінген жерлердiң дәрежесі;

      жер ресурстарына келтiрiлген залалды бағалау;

      халықтың денсаулығына қауіпті бағалау;

      бүлінген жерлердi қалпына келтiру бойынша ұсынылатын iс-шаралар, пайдаланудың нысаналы мақсатын өзгерту немесе пайдаланудың арнайы режимiн белгiлеу не шаруашылық айналымынан толық шығару ұсынылатын жер учаскелерiн бөле отырып, бүлiнген жерлердi одан әрi шаруашылыққа пайдалану жөнiндегi iс-шаралар көрсетіледi.

      10. Бүлiнген жерлердiң топырағының құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда, жердi сақтап қою жүргiзiледi.

      11. Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бір айы мерзімде комиссия қорытындысы, экологиялық сараптама және жердi зерттеп-қарау материалдары негiзiнде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, ауыл шаруашылығы аумақтық және басқа да уәкiлеттi органдармен келiсiлген бүлінген жерлердi одан әрi пайдалану (нысаналы мақсатын өзгерту; пайдаланудың арнайы режимiн белгiлеу; жерлердi сақтап қою; шаруашылық айналымнан толық шығару) туралы шешiмнiң жобасын дайындайды және оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органының бекiтуiне енгiзедi.

      Жерді сақтап қою туралы қабылданған шешімнің негізінде жерге орналастыру жобасы әзірленеді, онда жерді сақтап қою мерзімдері, жердің бұзылуының алдын алу, топырақ құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар, оларды жүргізудің кезектілігі, сондай-ақ аталған іс-шаралар аяқталғаннан кейін жерді пайдалану жөніндегі ұсыныстар айқындалады.

      12. Сақтап қоюға жататын жер учаскелерi азаматтық заңнамаға сәйкес оларды сақтап қою кезеңiне жер учаскелерiнің меншiк иелерiнен немесе жер пайдаланушылардан алынады және тиiстi аудандық атқарушы органдардың босалқы жерлерінің құрамына ауыстырылады.

      Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жерлердi сақтап қоюға байланысты келтiрiлген шығындар Жер кодексінде көзделген тәртiппен өтелуге тиiс.

      13. Сақтап қою жағдайындағы жер учаскелерiнiң шекаралары жергiлiктi жерде арнайы белгілермен белгіленедi. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы бұл жерлер бойынша шаруашылық қызметке жол бермеу мақсатында оларды қорғауды қамтамасыз ететiн режим белгiлейдi.

3-тарау. Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерiн алып қою және қорғау

      14. Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жерлердi босалқы жерлердiң құрамына ауыстыру туралы материалдарды тиiстi облыстық атқарушы органдардың өтінішхаты бойынша жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау және атом энергиясын пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп дайындайды және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына жолдайды.

      15. Ядролық қару сынақтары жүргiзiлген жер учаскелерiн ядролық қаруды сынаудың зардаптарын жою жөнiндегi барлық iс-шаралар және кешендi экологиялық зерттеп-қарау аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасының Үкiметi жеке меншiкке немесе жер пайдалануға беруi мүмкiн.

      Кешендi экологиялық зерттеп-қарау жұмыстарының құрамын, әдісін, сондай-ақ орындаушысын атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орталық атқарушы органмен келiсу бойынша айқындайды.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2003 года № 993 "Об утверждении Правил консервации земель"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2020 года № 91.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2003 года № 993 "Об утверждении Правил консервации земель" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 39, ст. 407) следующие изменения:

      в заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется;

      Правила консервации земель, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 2 марта 2020 года № 91
  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 сентября 2003 года № 993

Правила консервации земель

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила консервации земель устанавливают порядок консервации деградированных сельскохозяйственных угодий, земель, загрязненных химическими, биологическими, радиоактивными и другими вредными веществами сверх установленных нормативов их предельно допустимых концентраций и предельно допустимого уровня воздействия, отходами производства и потребления, сточными водами, зараженных карантинными объектами, чужеродными видами и особо опасными вредными организмами (далее – нарушенные земли), а также изъятия и охраны земельных участков, на которых проводились испытания ядерного оружия (далее – Правила), с целью сохранения и восстановления плодородия почв, улучшения окружающей среды и охраны здоровья населения.

      2. Применяемые в настоящих Правилах понятия:

      особо опасные вредные организмы – вредители и болезни растений, способные к периодическому массовому размножению и распространению, причиняющие экономический, экологический ущерб и внесенные в перечень особо опасных вредных организмов, утверждаемый уполномоченным органом;

      биологическое загрязнение – бактериологическое, гельминтологическое, энтомологическое и карантинное загрязнение земель;

      чужеродный вид – вид насекомого, возбудителя болезни растения и сорняка, отсутствующий во флоре и фауне Республики Казахстан, который в случае проникновения может нанести значительный экономический и экологический ущерб;

      консервация земель – временное исключение земель из хозяйственного оборота;

      загрязнение земель – накопление в земле в результате антропогенной деятельности различных веществ и организмов в количествах, превышающих нормативы предельно допустимых вредных веществ, понижающих ценность земель, ухудшающих качество сельскохозяйственной продукции, других объектов окружающей среды, условий проживания населения;

      деградация земель – совокупность процессов, приводящих к изменению функций земли как элемента природной среды, количественному и качественному ухудшению ее состояния, снижению природно-хозяйственной значимости;

      вредные организмы – вредители, сорняки и болезни растений, отрицательно действующие на почву, растительность и сельскохозяйственную продукцию;

      карантинный объект – вредитель, возбудитель болезни растений или сорняк, которые могут причинить значительный вред растениям и растительной продукции, отсутствующие или ограниченно распространенные на территории Республики Казахстан, включенные в единый перечень карантинных объектов Евразийского экономического союза и (или) перечень карантинных объектов и чужеродных видов, по отношению к которым устанавливаются и осуществляются мероприятия по карантину растений;

      радиоактивное загрязнение – загрязнение земель радионуклидами, в том числе в результате испытания ядерного оружия, радиационных аварий, работы ядерных установок, использования источников ионизирующего излучения, пунктов хранения и захоронения радиоактивных веществ и отходов, а также иной деятельности, связанной с использованием атомной энергии;

      химическое загрязнение – изменение химического состава почв, вызывающее снижение их плодородия и качества, под воздействием промышленной, сельскохозяйственной, бытовой или иной деятельности человека;

      хозяйственно-бытовое загрязнение – загрязнение земель производственными отходами и сточными водами, вызывающими негативное изменение физических и химических свойств почв.

      3. Действие настоящих Правил не распространяется на нарушенные (нарушаемые) земельные участки, предоставленные в установленном порядке для разработки месторождений полезных ископаемых, складирования отходов переработки минерального сырья, шламонакопителей, зола-шлакоотвалов, выполнения геологоразведочных, изыскательских, строительных и иных работ, использование которых связано с их нарушением.

Глава 2. Выявление, обследование и консервация нарушенных земель

      4. Основаниями для проведения работ по выявлению нарушенных земель являются ходатайство собственника земельного участка или землепользователя, инициатива местного исполнительного или иного компетентного органа.

      5. Выявление нарушенных земель в пределах установленных полномочий производится местными исполнительными органами, уполномоченными органами по контролю за использованием и охраной земель, охране окружающей среды и другими уполномоченными органами в порядке осуществления ими государственного контроля за использованием и охраной земель или в результате специального полевого обследования.

      6. С целью установления уровня загрязненности и степени нарушенности земель, определения причиненного ущерба, ликвидации последствий от нарушения земель областным (города республиканского значения, столицы) исполнительным органом образуется специальная комиссия (далее – комиссия).

      В состав комиссии включаются специалисты уполномоченных органов по земельным отношениям и контролю за использованием и охраной земель области (города республиканского значения, столицы), охране окружающей среды, санитарно-эпидемиологической службы, сельского хозяйства и других компетентных органов и организаций.

      7. Комиссия в двухмесячный срок собирает и анализирует собранные материалы и обследует территорию с целью установления уровня загрязненности нарушенных земель в соответствии с нормативно-инструктивными документами и методическими указаниями органов по управлению земельными ресурсами, охране окружающей среды и других уполномоченных органов.

      В случае недостаточности имеющихся материалов комиссия вносит предложение в соответствующий государственный орган о необходимости проведения дополнительных исследований.

      Заключения комиссии, уполномоченных государственных органов в области здравоохранения, науки и научно-технической деятельности и образования с материалами обследования территории передаются в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды для проведения экологической экспертизы в порядке и сроки, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      8. Уровень загрязненности земель устанавливается в соответствии с нормативами предельно допустимых концентраций вредных веществ, вредных микроорганизмов и других биологических веществ, загрязняющих почву, утвержденными в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      9. Материалы обследования комиссии обобщаются в заключении, подписанном всеми членами комиссии.

      В заключении указываются:

      данные лица, в собственности или пользовании которого находится нарушенный земельный участок;

      объекты, вызвавшие нарушение земель;

      данные лица, загрязнившего, нарушившего, заразившего земли, если оно установлено;

      вид и площадь нарушенных земель (с уточнением угловых координат со схемой на месторасположении);

      качественное состояние земель по степени нарушения земель;

      оценка ущерба, причиненного земельным ресурсам;

      оценка риска для здоровья населения;

      рекомендуемые мероприятия по восстановлению нарушенных земель, мероприятия по дальнейшему хозяйственному использованию нарушенных земель с выделением земельных участков, целевое назначение использования которых предлагает изменить или установить специальный режим использования либо полностью исключить из хозяйственного оборота.

      10. В случаях, когда невозможно восстановить плодородие почв нарушенных земель, производится консервация земель.

      11. Уполномоченный орган по земельным отношениям области (города республиканского значения, столицы) на основании заключения комиссии, экологической экспертизы и материалов обследования земель в месячный срок готовит согласованный с территориальными органами по охране окружающей среды, государственной санитарно-эпидемиологической службы, сельского хозяйства и другими уполномоченными органами проект решения о дальнейшем использовании нарушенных земель (изменение целевого назначения; установление специального режима использования; консервация земель; полное исключение из хозяйственного оборота) и вносит его на утверждение в областной (города республиканского значения, столицы) исполнительный орган.

      На основании принятого решения о консервации земель разрабатываются проект землеустройства, в котором определяются сроки консервации земель, мероприятия по предотвращению нарушения земель, восстановлению плодородия почв и загрязненных территорий, очередность их проведения, а также предложения по использованию земель после завершения указанных мероприятий.

      12. Земельные участки, подлежащие консервации, изымаются у собственников земельных участков или землепользователей на период их консервации в соответствии с гражданским законодательством и переводятся в состав земель запаса соответствующих районных исполнительных органов.

      Убытки, причиненные собственникам земельных участков и землепользователям в связи с консервацией земель, подлежат возмещению в порядке, предусмотренном Земельным кодексом.

      13. Границы земельных участков, находящихся на консервации, на местности обозначаются специальными знаками. По этим землям областным (города республиканского значения, столицы) исполнительным органом устанавливается режим, обеспечивающий их охрану с целью недопущения хозяйственной деятельности.

Глава 3. Изъятие и охрана земельных участков, на которых проводились испытания ядерного оружия

      14. Материалы о переводе земель, на которых проводились испытания ядерного оружия, в состав земель запаса готовятся центральным уполномоченном органом по управлению земельными ресурсами совместно с государственными органами по охране окружающей среды и использованию атомной энергии по ходатайству соответствующих областных исполнительных органов и направляются для рассмотрения в Правительство Республики Казахстан.

      15. Земельные участки, на которых проводились испытания ядерного оружия, могут быть предоставлены Правительством Республики Казахстан в собственность или землепользование только после завершения всех мероприятий по ликвидации последствий испытания ядерного оружия и комплексного экологического обследования при наличии положительного заключения государственной санитарно-эпидемиологической и экологической экспертизы.

      Состав, методика, а также исполнитель работ по проведению комплексного экологического обследования определяются уполномоченным государственным органом в области использования атомной энергии по согласованию с центральным исполнительным органом по охране окружающей среды.