"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қызылорда облысының мынадай білім беру ұйымдарына:
1) Қызылорда қаласы білім бөлімінің "№ 172 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Нәлқожа Ергешбаевтың есімі;
2) Қызылорда қаласы білім бөлімінің "№ 271 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Байұзақ Ермекбаевтың есімі;
3) "Арал аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "№ 262 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ұзақбай Қарамановтың есімі берілсін.
2. "Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Шижаға ауылдық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Октябрь ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Бекұзақ Тәңірбергенов атындағы ауылдық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |