Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Экономиканы одан әрі тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Экономиканы одан әрі тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 16) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) ағымдағы қаржы жылы салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін салық мөлшерлемелерін, салық базасын, салық салу объектілерін, салықтық кезеңді айқындау және салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін айқындауға;
2) шекті тарифтер мен азық-түлік тауарларына және халықтың үзіліссіз тыныс-тіршілігі мен экономика үшін қажетті басқа тауарларға баға белгілеуге;
3) мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібін айқындауға құқылы деп белгіленсін.
2. Дағдарысты жағдайлар кезеңіне бір кезден мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі өтінімдерін қарауды:
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шеңберінде сатып алатын тұлғаларды айқындау туралы шешім қабылдауды;
3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындауды қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |