Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1."Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 - 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (2019 жылғы 5 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2020 жыл - 4 770 000 000 мың теңге;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Қ.Тоқаев |