Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы инвестициялық келісімшарттарды жасасу жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.2) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
орталық аппараттың функцияларында:
61-12), 61-13) және 61-14) тармақшалар алып тасталсын;
ведомстволардың функцияларында:
49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"49) арнайы инвестициялық келісімшарттарды қоспағанда, инвестициялық келiсiмшарттар жасасу, тiркеу және оларды мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;";
50) тармақша алып тасталсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |