Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің, сондай-ақ тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, құқықтық ақпараттандыруды, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бiрыңғай компьютерлiк жүйесiн жүргiзуді қамтамасыз ету;";
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"18) Қазақтан Республикасының Үкіметі жасасатын инвестициялық шарттар жобаларын заңдық сараптау;";
61) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 72-14), 72-15), 72-16), 72-17), 72-18), 72-19), 72-20), 72-21), 72-22), 72-23), 72-24), 72-25) тармақшалармен толықтырылсын:
"72-14) тыйым салынған мүлікті өткізудің, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізудің қағидаларын бекіту;
72-15) ата-ананың алатын және алимент ұсталатын жалақысы және (немесе) өзге де кірісі түрлерінің тізбесін бекіту;
72-16) жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
72-17) жеке сот орындаушыларының іс жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
72-18) жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының өз қызметі туралы ақпарат беруінің нысаны мен мерзімдерін бекіту;
72-19) жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу тәртібін айқындау;
72-20) мемлекеттік сот орындаушыларының нысанды киімінің (погонсыз), жетоны және эмблемасының үлгілерін бекіту;
72-21) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік сот орындаушыларын нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту;
72-22) атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін бекіту;
72-23) жеке сот орындаушысының депозиттік кітапты жүргізу тәртібін белгілеу;
72-24) жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу қағидаларын белгілеу;
72-25) шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастық;";
93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"93) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметін, сондай-ақ тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылау;";
мынадай мазмұндағы 94-2), 94-3), 94-4), 94-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"94-2) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
94-3) уәкілетті органдар мен ұйымдардың осы саладағы заңнаманы сақтауын және халықаралық шарттарды орындауын қоса алғанда, олардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруының мониторингі;
94-4) қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдерге сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
94-5) "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлеу;";
мынадай мазмұндағы 100-1), 100-2), 100-3), 100-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"100-1) Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның агенттікті аккредиттеу туралы шешімін келісу;
100-2) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібін айқындау;
100-3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту;
100-4) некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініштер, некеге құқық қабілеттілігі туралы, қайтыс болу туралы анықтамалар нысандарын белгілеу;";
мынадай мазмұндағы 101-4), 101-5), 101-6), 101-7), 101-8) тармақшалармен толықтырылсын:
"101-4) шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлеріне жататын заңды тұлғалардың үлгілік жарғыларының мазмұнын айқындау;
101-5) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгені (қайта тіркелгені), филиалдың (өкiлдiктiң) есептiк тiркелгені (қайта тiркелгені) туралы анықтамалар нысанын белгiлеу;
101-6) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу), филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштер нысанын белгілеу;
101-7) жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлiк қоғам, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi жарғысының (ережесiнiң) телнұсқасын беру туралы өтініш нысанын белгілеу;
101-8) заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттік тiркеу, филиалдың (өкiлдiктiң) қызметiн тоқтату туралы өтiнiштер нысанын белгілеу;";
107-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"107-1) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
107-3) және 107-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"107-3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын әзiрлеу және бекiту;
107-4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды, оның ішінде жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркегені және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарағаны үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын келісу;";
мынадай мазмұндағы 107-9), 107-10), 107-11), 107-12), 107-13) тармақшалармен толықтырылсын:
"107-9) құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
107-10) құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін айқындау;
107-11) ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі мен мерзімін, бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу үшін міндетті мәліметтердің нысандарын, техникалық паспорттың нысандарын айқындау;
107-12) екінші деңгейдегі банктермен жасалатын банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген кепілді электрондық тіркеу тәртібін айқындау;
107-13) құқықтық кадастрда жүйелі тіркеуді жүргізу мерзімдері мен тәртібін айқындау;";
мынадай мазмұндағы 108-1), 108-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"108-1) мемлекеттiк нотариат кадрларын iрiктеу, аттестаттау және орналастыру;
108-2) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жекеше нотариустардың iс жүргiзу қағидаларын сақтауын бақылау;";
мынадай мазмұндағы 136-1), 136-2), 136-3), 136-4), 136-5), 136-6), 136-7), 136-8), 136-9), 136-10), 136-11), 136-12), 136-13), 136-14), 136-15), 136-16), 136-17), 136-18), 136-19), 136-20), 136-21), 136-22), 136-23), 136-24) тармақшалармен толықтырылсын:
"136-1) сот сараптамасы органдары жүргізетін сот сараптамалары түрлерінің және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі біліктілік беретін сарапшылық мамандықтарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
136-2) сот сараптамасы органдарында сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-3) сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-4) сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
136-5) сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін әзірлеу және бекіту;
136-6) сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-7) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-8) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-9) Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-10) Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
136-11) сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайлардың стандарттары мен оларға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
136-12) сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-13) сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-14) сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;
136-15) сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-16) сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;
136-17) сот сарапшыларын аттестаттау;
136-18) сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-19) Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
136-20) Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
136-21) сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу және бекіту;
136-22) Сот сарапшысының әдеп кодексін әзірлеу және бекіту;
136-23) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру;
136-24) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |