"Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 342 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж. № 29, 388-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болуының рұқсат етілген мерзімі:

      Қазақстан Республикасына виза алуды талап етпейтін тәртіппен келген көшіп келушілер үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң;

      Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің азаматтары үшін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң;

      Қазақстан Республикасына кіруге арналған визаның негізінде келген көшіп келушілер үшін – визаның мерзімі өткен соң;

      болудың өзге мерзімдерін айқындайтын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар мемлекеттердің азаматтары үшін – осы шарттарда көрсетілген мерзімдер өткен соң;

      уақытша тұруға рұқсат ресімдеген көшіп келушілер үшін – осы рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен соң;

      Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзуға бұрын жол бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған көшіп келушілер үшін – әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарғаннан кейін он бес күн өткен соң;

      қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған көшіп келушілер үшін – оларды сот шешімінің негізінде елден шығару жағдайларын қоспағанда, жазасын өтегеннен немесе жазадан босатылғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң;

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған және шет елге тұрақты тұруға Қазақстан Республикасынан шығуға құжаттар ресімдеген көшіп келушілер үшін – құжаттар ресімделгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде;

      қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен өздеріне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс деп танылатын іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған көшіп келушілер үшін – Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес арыз қаралғаннан кейін күнтізбелік отыз күні ішінде;

      Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға шартты түрде сотталған, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған көшіп келушілер үшін – тағайындалған жазаның мерзімі не жазаның өтелмеген бөлігі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткеннен соң аяқталады;

      қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен осындай қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер немесе куәгерлер деп танылған көшіп келушілер үшін – болу мерзімі қылмыстық істі тергеу үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын кезеңге ұзартылады;

      айрықша жағдайларда (әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және дүлей апаттың немесе ірі ауқымды аварияның (апаттың) нақты қауіп төндіруіне байланысты төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ көліктің жұмыс кестесі бұзылған кезде) – болу мерзімі шығуды ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.

      Осы тармақтың 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-абзацтарында көрсетілген көшіп келушілерге ішкі істер органдары осы Қазақстан Республикасында болудың рұқсат етілген мерзімі туралы қағидаларға қосымшаға сәйкес хабарлама береді, көшіп келуші ол өткенге дейін Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.

      Қазақстан Республикасынан жалға алынған аумақтарда тұратын немесе жұмыс істейтін көшіп келушілерді есепке алу жалға алынған аумақтан тыс жерлерге шыққан кезде жеке басты және жалға алынған аумақта тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін куәландыратын құжаттардың негізінде көші-қон қызметінің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – КҚП АЖ) жүргізіледі.";

      9, 10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көшіп келушілерді есепке алуды ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен түсетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады.

      Қабылдаушы тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы ішкі істер органдарына олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      Көшіп келушілерді есепке алу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.

      10. Уақытша тұруға рұқсат:

      1) отбасын біріктіру мақсатында өздеріне көшіп келушілер келген жеке тұлғалардың;

      2) көшіп келушімен заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек шартын жасасқан жеке және заңды тұлғалардың;

      3) көшіп келушілерді күндізгі оқу бөліміне қабылдаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, оның ішінде білім алушылармен алмасудың және дайындық курстарынан өтудің ұйымдастырылған бағдарламалары бойынша іске асыратын білім беру ұйымдарының;

      4) көшіп келушілер стационарлық емделуде жатқан денсаулық сақтау ұйымдарының;

      5) көшіп келушілер заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын діни ұйымдардың;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер (бизнес-көшіп келушілер) бойынша – жергілікті атқарушы органдардың өтініштері негізінде ресімделеді.

      Уақытша тұруға рұқсат көшіп келушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.

      Уақытша тұруға рұқсат "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) тиісті ақпарат енгізіліп, көшіп келушінің уақытша тұруына рұқсат беру арқылы ресімделеді.

      Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты, еңбекші көшіп келушіге рұқсаты бар көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат осы рұқсаттың қолданылу мерзіміне ресімделеді.

      Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген рұқсаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

      Қызметін "Астана" халықаралық қаржы орталығында (бұдан әрі – АХҚО) жүзеге асыру мақсатында визасыз келу және болу тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар елдерден Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауы тиіс.

      Кірудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын, бірақ бес жылдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді. Бұл ретте инвестициялық резиденттің отбасы мүшелерінің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімі инвестициялық резиденттің уақытша тұруға рұқсатының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

      Білім алу, кәсіптік даярлық және (немесе) тағылымдамадан өту мақсатында келген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат бір жылға ресімделеді, бірақ оқу, оқу практикасының немесе тағылымдаманың мерзімінен аспауы тиіс.

      Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат шақырушы тұлғалардың өтінішхаты бойынша "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерге ресімделеді.

      Медициналық мекемелерде стационарлық ем алып жатқан көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат денсаулық сақтау ұйымының өтінішхаты (медициналық анықтамасы) бойынша емделу үшін қажетті кезеңге ресімделеді.

      Пана іздеген адамдарды және босқындарды есепке алу Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.

      Қазақстан Республикасымен келу мен болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жасасқан мемлекеттерден келген бизнес-көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жергілікті атқарушы органның өтінішхаты бойынша жыл сайын, бірақ үш жылдан асырмай ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді.

      Заңнамада белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті жүзеге асыратын көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат Қазақстан Республикасында тіркелген діни ұйымдардың өтінішхаттары бойынша өтінішхатта көрсетілген, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді.

      Мына:

      Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының визасымен келген;

      дипломатиялық немесе қызметтік паспорты бар;

      16 жасқа толмаған көшіп келушілер уақытша тұруға рұқсат алудан босатылады.

      Көшіп келуші Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жерін ауыстырған кезде қабылдаушы тұлға үш жұмыс күні ішінде бұл туралы ішкі істер органдарына хабарлайды.

      11. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат үшін ішкі істер органдарына жүгінген көшіп келушілерге уақытша тұруға рұқсат өтінішхатты қарау үшін қажетті, бірақ күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын кезеңге ресімделеді.";

      12-тармақ алып тасталсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, Аустралия Одағының, Америка Құрама Штаттарының, Аустрия Республикасының, Бахрейн Корольдігінің, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Ватикан Қасиетті Тағының, Вьетнам Социалистік Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Испания Корольдігінің, Индонезия Республикасының, Италия Республикасының, Канаданың, Қатар Мемлекетінің, Кипр Республикасының, Колумбия Республикасының, Корея Республикасының, Кувейт Мемлекетінің, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Князьдігінің, Люксембург Ұлы Герцогтігінің, Мажарстанның, Малайзияның, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының, Монако Князьдігінің, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оман Сұлтандығының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румынияның, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Сингапур Республикасының, Словак Республикасының, Словения Республикасының, Таиланд Корольдігінің, Түркия Республикасының, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Филиппиндер Республикасының, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Хорватия Республикасының, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің және Эстония Республикасының азаматтары күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер Қазақстан Республикасында визасыз және уақытша тұруға рұқсатсыз болады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған не көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында одан әрі болуының негіздері болмаған жағдайларда, олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімі қысқартылады.

      Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған көшіп келушілер, яғни тұру құқығына құжаттарсыз тұрып жатқан немесе жарамсыз құжаттар бойынша тұрып жатқан, өздеріне белгіленген болу мерзімі өткеннен кейін шығудан жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол жүру қағидаларын сақтамайтын көшіп келушілер Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңдарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға жатады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде ескерту, айыппұл түріндегі жазаға әкеп соғатын көші-қон заңнамасын бұзу анықталған және шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам құқық бұзушылық фактісін мойындаған жағдайларда шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам елден ішкі істер органдары не Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі шығарған процестік шешім негізінде елден тыс жерге шығады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларында:

      4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ішкі істер органдары Көшіп келушілерді есепке алуды көшіп келуші уақытша тұратын жерде, оның ішінде "Бүркіт" БАЖ-дан, "Бүркіт" БАЖ визалық-көші-қон порталынан (www.vmp.gov.kz) және ҚР ІІМ ақпараттық жүйесінен мәліметтер алу арқылы жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының визасымен кіретін шетелдіктер Мемлекеттік шекараны кесіп өткенде шақыруды ресімдеген кезде шақырушы тарап көрсеткен мекенжай бойынша "Бүркіт" БАЖ арқылы автоматты түрде есепке алынады.

      Көшіп келушіні қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар "Бүркіт" БАЖ визалық-көші-қон порталына ақпаратты www.vmp.gov.kz немесе egov.kz веб-сайттары арқылы дербес цифрлық электрондық қолтаңба арқылы енгізеді не хабарламаларды көші-қон қызметі бөлінісіне тікелей ұсынады немесе пошта арқылы жолдайды.

      5. Көші-қон бақылауын жүзеге асыру барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері:

      1) шетелдікте ұлттық паспортының, визасының не уақытша тұруға рұқсатының болуын, ал Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда – тұруға ықтиярхаттарының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің болуын;

      2) шетелдіктердің шетелге уақтылы кетуін немесе Қазақстан Республикасында болу мерзімін ұзартуын;

      3) шетелдіктердің еркін жүруіне жабық жерлерде болуға рұқсатының болуын тексереді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындау Қазақстан Республикасынан шығарылатын адамның "Бүркіт" БАЖ пайдаланылатын бақылаумен өз бетінше шығуы арқылы жүргізіледі.

      Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды мәжбүрлі түрде шығарып жіберу шығарып жіберу туралы акт жасала отырып, сот шешімі бойынша біржақты тәртіппен не көрсетілген адам аумағына шығарылатын шет мемлекеттің билік өкіліне беру арқылы жүзеге асырылады.

      Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды шығарып жіберу соттың шығарып жіберу туралы қаулысының (үкімінің) негізінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасынан шығарылатын адамдар үшін соттың шығарып жіберу туралы қаулысы визаны алмастыратын құжат және уақытша тұруға рұқсат болып табылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Көшіп келушілердің
Қазақстан Республикасына
келуінің және онда болуының,
сондай-ақ олардың
Қазақстан Республикасынан
кетуінің қағидаларын
және Көші-қон бақылауын
жүзеге асыру, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасынан
заңсыз өтетін,
Қазақстан Республикасының
аумағында заңсыз болатын
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдарды, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының
аумағына келуге тыйым
салынған адамдарды есепке
алу қағидаларына
қосымша

№_________ хабарлама

      Т. А.Ә: ____________________________________________________________ (паспорт бойынша латынша немесе кириллицамен тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Паспорт №: ________________________________________________________ (шетелдік паспортының сериясы және нөмірі) Азаматтығы: _______________________________________________________ (шетелдіктің азаматтығы) Болу мерзімі: 20__ жылғы "__" ______ бастап 20__ жылғы "__" ______ аралығы Қазақстан Республикасында тұратын мекенжайы: ________________________ (мекенжайы толығымен) Рұқсат берген орган: _________________________________________________ (полиция бөлінісінің атауы) Жауапты қызметкер: _________________________________________________ Берілген күні: 20___ жылғы "___" _________



ҚҰЖАТ ҰЛТТЫҚ ПАСПОРТТЫ КӨРСЕТКЕН КЕЗДЕ ЖАРАМДЫ

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 "Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на территорию Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2020 года № 342.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2012 года № 148 "Об утверждении Правил въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан и Правил осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на территорию Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2012 г. № 29, ст. 388) следующие изменения:

      в Правилах въезда и пребывания иммигрантов в Республике Казахстан, а также их выезда из Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Разрешенный срок пребывания иммигрантов в Республике Казахстан заканчивается:

      для иммигрантов, прибывших в Республику Казахстан в порядке, не требующем получения визы, – по истечении тридцати календарных дней со дня пересечения Государственной границы Республики Казахстан;

      для граждан государств-участников Евразийского экономического союза – по истечении девяноста календарных дней со дня пересечения Государственной границы Республики Казахстан;

      для иммигрантов, прибывших на основании визы на въезд в Республику Казахстан, – по истечении срока визы;

      для граждан государств, с которыми у Республики Казахстан имеются ратифицированные международные договоры, определяющие иные сроки пребывания, – по истечении сроков, указанных в этих договорах;

      для иммигрантов, оформивших разрешение на временное проживание, – по истечении срока действия данного разрешения;

      для иммигрантов, привлечҰнных к административной ответственности за ранее допущенные нарушения срока пребывания в Республике Казахстан, – по истечении пятнадцати дней после вынесения решения о привлечении к административной ответственности;

      для иммигрантов, осужденных за совершение уголовного правонарушения, – по истечении десяти календарных дней после отбытия наказания или освобождения от наказания, за исключением случаев их выдворения на основании решения суда;

      для иммигрантов, постоянно проживавших в Республике Казахстан и оформивших документы на выезд из Республики Казахстан за границу на постоянное место жительства, – в течение тридцати календарных дней после оформления документов;

      для иммигрантов, которые в установленном уголовно-процессуальным законодательством порядке сообщили о совершении в отношении них деяний, признаваемых в соответствии с Уголовным кодексом Республики Казахстан тяжким или особо тяжким преступлением, – в течение тридцати календарных дней после рассмотрения заявления в соответствии с уголовно-процессуальным законодательством Республики Казахстан;

      для иммигрантов, осужденных по приговорам судов Республики Казахстан условно к наказаниям, не связанным с изоляцией от общества, а также условно-досрочно освобожденных, – по истечении пятнадцати календарных дней после завершения срока назначенного наказания либо не отбытой части наказания;

      для иммигрантов, которые в установленном уголовно-процессуальным законодательством порядке признаны потерпевшими или свидетелями по уголовным делам о таких преступлениях, – срок пребывания продлевается на период, необходимый для расследования уголовного дела, но не более чем на девяносто календарных дней;

      в исключительных случаях (при чрезвычайных ситуациях социального, природного, техногенного характера и введении чрезвычайного положения в связи с реальной угрозой стихийного бедствия или крупномасштабной аварии (катастрофы), а также нарушениях графика работы транспорта) – срок пребывания продлевается на период, необходимый для организации выезда, но не более, чем на тридцать календарных дней.

      Иммигрантам, указанным в абзацах 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 настоящего пункта, органами внутренних дел выдается уведомление, согласно приложению к настоящим Правилам, о разрешенном сроке пребывания в Республике Казахстан, до истечения которого иммигрант обязан выехать из Республики Казахстан.

      Учет иммигрантов, проживающих или работающих на арендованных у Республики Казахстан территориях, производится в информационной системе миграционной службы (далее – ИС МП) при выезде за пределы арендуемой территории на основании документов, удостоверяющих личность, и регистрации по месту жительства на арендуемой территории. Датой въезда в Республику Казахстан при этом является дата выезда за пределы арендуемой территории.";

      пункты 9, 10, 11 изложить в следующей редакции:

      "9. Учет иммигрантов осуществляется органами внутренних дел на основании информации принимающих лиц, а также Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, поступающей из пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан.

      Принимающие лица информируют органы внутренних дел о пребывающих у них иммигрантах в течение трех рабочих дней со дня их прибытия.

      Учет иммигрантов осуществляется по документам, удостоверяющим личность.

      10. Разрешение на временное проживание оформляется на основании обращений:

      1) физических лиц, к которым иммигранты прибыли с целью воссоединения семьи;

      2) физических и юридических лиц, заключивших с иммигрантом в установленном законодательством порядке трудовой договор;

      3) организаций образования, реализующих образовательные программы общего среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского образования, в том числе по организованным программам обмена обучающихся и прохождения подготовительных курсов, зачисливших иммигрантов на очную форму обучения;

      4) организаций здравоохранения, в которых иммигранты находятся на стационарном лечении;

      5) религиозных организаций, в которых иммигранты в установленном законодательством порядке осуществляют миссионерскую деятельность;

      6) местных исполнительных органов – иммигрантам, прибывшим с целью осуществления предпринимательской деятельности в соответствии с законодательством Республики Казахстан (бизнес-иммигрантам).

      Разрешение на временное проживание оформляется на период, не превышающий срока действия национального паспорта иммигранта.

      Разрешение на временное проживание оформляется с внесением соответствующей информации в единой информационной системе "Беркут" (далее – ЕИС "Беркут") с выдачей разрешения на временное проживание иммигранта.

      Иммигрантам, в отношении которых имеется оформленное в установленном законодательством Республики Казахстан порядке в области миграции населения разрешение на привлечение иностранной рабочей силы, разрешение трудовому иммигранту, а также членам их семей разрешение на временное проживание оформляется на срок действия данного разрешения.

      Иммигрантам, которым в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области миграции населения и/или международными договорами, ратифицированными Республикой Казахстан, не требуется получения разрешений, указанных в части четвертой настоящего пункта, а также членам их семей разрешение на временное проживание оформляется на один год с возможностью ежегодного продления, но не может превышать срока действия трудового договора или гражданско-правового договора по выполнению работ (оказанию услуг).

      Иммигрантам, прибывшим в Республику Казахстан из стран, с которыми имеются ратифицированные международные договоры о безвизовом порядке въезда и пребывания, с целью осуществления деятельности в Международном финансовом центре "Астана" (далее – МФЦА), а также членам их семей разрешение на временное проживание оформляется на один год с возможностью ежегодного продления, но не может превышать срока действия трудового договора или гражданско-правового договора по выполнению работ (оказанию услуг).

      Инвестиционным резидентам МФЦА, прибывшим из государств, с которыми имеются ратифицированные международные договоры о безвизовом порядке въезда и пребывания, а также членам их семей разрешение на временное проживание оформляется по ходатайству администрации МФЦА на один год с возможностью ежегодного продления, но не более пяти лет. При этом, срок действия разрешения на временное проживание членов семьи инвестиционного резидента не может превышать срока действия разрешения на временное проживание инвестиционного резидента.

      Иммигрантам, прибывшим с целью получения образования, профессиональной подготовки и (или) стажировки, разрешение на временное проживание оформляется на один год, но не может превышать срока обучения, учебной практики или стажировки.

      Иммигрантам, прибывшим в Республику Казахстан с целью воссоединения семьи, разрешение на временное проживание оформляется по ходатайству приглашающих лиц на сроки, предусмотренные Законом Республики Казахстан от 22 июля 2011 года "О миграции населения".

      Иммигрантам, находящимся на стационарном лечении в медицинских учреждениях, разрешение на временное проживание оформляется по ходатайству (медицинской справке) организации здравоохранения на период, необходимый для лечения.

      Учет лиц, ищущих убежище, и беженцев оформляется в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан о беженцах.

      Бизнес-иммигрантам, прибывшим из государств, заключивших с Республикой Казахстан международные договора, ратифицированные Республикой Казахстан, о безвизовом порядке въезда и пребывания, а также членам их семьей разрешение на временное проживание оформляется по ходатайству местного исполнительного органа на один год с возможностью ежегодного продления, но не более трех лет.

      Иммигрантам, осуществляющим в установленном законодательством порядке миссионерскую деятельность, разрешение на временное проживание оформляется по ходатайствам религиозных организаций, зарегистрированных в Республике Казахстан, на указанный в ходатайстве срок, но не более одного года.

      От получения разрешения на временное проживание освобождаются иммигранты:

      прибывшие в Республику Казахстан с визой Республики Казахстан;

      обладающие дипломатическим или служебным паспортом;

      не достигшие 16-летнего возраста.

      При перемене иммигрантом временного места жительства в Республике Казахстан принимающее лицо в течение трех рабочих дней уведомляет об этом органы внутренних дел.

      11. Иммигрантам, обратившимся в органы внутренних дел за разрешением на постоянное проживание в Республике Казахстан, оформляется разрешение на временное проживание на период, необходимый для рассмотрения ходатайства, но не более, чем на девяносто календарных дней.";

      пункт 12 исключить;

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Граждане Австралийского Союза, Соединенных Штатов Америки, Австрийской Республики, Королевства Бахрейн, Королевства Бельгия, Республики Болгария, Объединенных Арабских Эмиратов, Святого Престола Ватикан, Социалистической Республики Вьетнам, Федеративной Республики Германия, Греческой Республики, Королевства Дания, Новой Зеландии, Японии, Государства Израиль, Республики Ирландия, Республики Исландия, Королевства Испания, Республики Индонезия, Итальянской Республики, Канады, Государства Катар, Республики Кипр, Республики Колумбия, Республики Корея, Государства Кувейт, Латвийской Республики, Литовской Республики, Княжества Лихтенштейн, Великого Герцогства Люксембург, Венгрии, Малайзии, Республики Мальта, Соединенных Штатов Мексики, Княжества Монако, Королевства Нидерландов, Королевства Норвегия, Султаната Оман, Республики Польша, Португальской Республики, Румынии, Королевства Саудовская Аравия, Республики Сингапур, Словацкой Республики, Республики Словения, Королевства Таиланд, Турецкой Республики, Соединенного Королевства Великобритании и Северной Ирландии, Республики Филиппины, Финляндской Республики, Французской Республики, Республики Хорватия, Чешской Республики, Республики Чили, Швейцарской Конфедерации, Королевства Швеция и Эстонской Республики въезжают в Республику Казахстан и выезжают из Республики Казахстан без виз, если период их пребывания в Республике Казахстан не превышает тридцати календарных дней с момента пересечения Государственной границы Республики Казахстан, суммарно девяносто календарных дней в течение каждого периода в сто восемьдесят календарных дней.";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Иностранцы, осужденные по приговорам судов Республики Казахстан к лишению свободы, пребывают в Республике Казахстан без виз и разрешения на временное проживание.";

      пункт 27 изложить в следующей редакции:

      "27. В случаях нарушения законодательства Республики Казахстан в области миграции населения либо отсутствия дальнейших оснований пребывания в Республике Казахстан иммигрантов, сокращается срок их пребывания в Республике Казахстан.

      Иммигранты, нарушившие правила пребывания в Республике Казахстан, то есть проживающие без документов на право жительства или по недействительным документам, уклоняющиеся от выезда по истечении определенного им срока пребывания, а также не соблюдающие правила транзитного проезда через территорию Республики Казахстан, подлежат административной ответственности в соответствии с законами Республики Казахстан в области миграции населения.

      В случаях выявления нарушений законодательства Республики Казахстан в области миграции населения в пунктах пропуска на Государственной границе Республики Казахстан, влекущих взыскание в виде предупреждения, штрафа, и признания факта правонарушения иностранцем или лицом без гражданства, иностранец или лицо без гражданства выезжают за пределы страны на основании вынесенного процессуального решения органами внутренних дел либо Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.";

      в Правилах осуществления миграционного контроля, а также учета иностранцев и лиц без гражданства, незаконно пересекающих Государственную границу Республики Казахстан, незаконно пребывающих на территории Республики Казахстан, а также лиц, которым запрещен въезд на территорию Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункты 4, 5 изложить в следующей редакции:

      "4. Учет иммигрантов производится органами внутренних дел – по месту временного проживания иммигрантов, в том числе посредством получения сведений через ЕИС "Беркут", визово-миграционный портал (www.vmp.gov.kz) ЕИС "Беркут" и информационную систему МВД РК.

      Иностранцы, въезжающие с визой Республики Казахстан, при пересечении Государственной границы автоматически учитываются через ЕИС "Беркут" по адресу, указанному приглашающей стороной при оформлении приглашения.

      Принимающие иммигранта физические и юридические лица вносят информацию в визово-миграционный портал ЕИС "Беркут" посредством персональной электронной цифровой подписи через веб-сайты www.vmp.gov.kz или egov.kz либо предоставляют уведомления при непосредственном обращении в подразделения миграционной службы или направляют по почте.

      5. В ходе осуществления миграционного контроля сотрудники органов внутренних дел проверяют:

      1) наличие у иностранца национального паспорта, визы либо разрешения на временное проживание, а у иностранцев, постоянно проживающих в Республике Казахстан, и лиц без гражданства – видов на жительство, удостоверений лица без гражданства;

      2) своевременный выезд иностранцев за границу или продление срока проживания в Республике Казахстан;

      3) наличие разрешения на пребывание в местностях, закрытых для свободного посещения иностранцами.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Исполнение решения суда о выдворении из Республики Казахстан производится путем контролируемого самостоятельного выезда выдворяемого лица из Республики Казахстан с использованием ЕИС "Беркут".

      Выдворение иностранцев или лиц без гражданства в принудительном порядке осуществляется по решению суда в одностороннем порядке с составлением акта о выдворении либо путем передачи представителю власти иностранного государства, на территорию которого указанное лицо выдворяется.

      Выдворение иностранцев или лиц без гражданства осуществляется на основании постановления (приговора) суда о выдворении.

      Для лиц, выдворяемых из Республики Казахстан, постановление суда о выдворении является документом, заменяющим визу и разрешение на временное проживание.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к Правилам въезда и пребывания
иммигрантов в Республике
Казахстан, а также их выезда из
Республики Казахстан и
Правилам осуществления
миграционного контроля, а
также учета иностранцев и лиц
без гражданства, незаконно
пересекающих Государственную
границу Республики Казахстан,
незаконно пребывающих
на территории Республики
Казахстан, а также лиц, которым
запрещен въезд на территорию
Республики Казахстан

                                    Уведомление №__________

      Ф.И.О: _______________________________________________________
            (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
            по паспорту на латинице или кириллице)
      № паспорта: __________________________________________________
                  (серия и номер паспорта иностранца)
      Гражданство: _________________________________________________
                              (гражданство иностранца)
      Сроки пребывания: с "__" _______ 20__ года по "__" _______ 20__ года
      Адрес проживания в РК: ________________________________________
                                    (адрес полностью)
      Орган, выдавший уведомление: __________________________________
                              (наименование подразделения полиции)
      Ответственный сотрудник: ______________________________________
      Дата выдачи: "___" _________ 20___ год



ДОКУМЕНТ ДЕЙСТВИТЕЛЕН ПРИ ПРЕДЪЯВЛЕНИИ НАЦИОНАЛЬНОГО ПАСПОРТА