"Бакалавр немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 362 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 772 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2023 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1) "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру гранты – "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен берілетін ақшаның нысаналы сомасы;

      2) білім беру бағдарламаларының топтары – даярлау бағыттары бейінінің ортақтығымен біріктірілген және белгілі білім беру саласы шеңберінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының жиынтығы;

      3) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      4) республикалық конкурстық комиссия – білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – республикалық комиссия);

      5) жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) конкурстық комиссиясы – жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін ЖАО құратын комиссия (бұдан әрі – ЖАО комиссиясы);

      6) білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын ҰБТ балын ресми түрде растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі – куәлік).";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Республикалық комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар қызметкерлерінің, азаматтық қоғам институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығының және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің өкілдері қатарынан құрылады.

      Республикалық комиссия мүшелерінің басым даусымен төраға, оның орынбасары және хатшы сайланады. Республикалық комиссияның құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауға тиіс. Республикалық комиссияның отырыстары оның құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп есептеледі және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 1 тамызға дейін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 24 тамызға дейін өткізіледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. ЖАО комиссиясы жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының және азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады.

      ЖАО комиссиясы туралы ереже облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

      ЖАО комиссиясының құрамы облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен бекітіледі.

      Комиссия мүшелерінің басым дауысымен төраға, оның орынбасары және хатшы тағайындалады.

      ЖАО комиссиясы мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. ЖАО комиссиясының отырыстары оның құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп есептеледі және республикалық бюджеттен білім беру гранттарын тағайындау қорытындылары жарияланғаннан кейін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 15 тамызға дейін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 27 тамызға дейін өткізіледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.

      Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша, екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау конкурсында Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар және екі шығармашылық емтиханның нәтижелері ескеріледі.

      Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жалпыкәсіптік пән және арнайы пән бойынша балдар ескеріледі.

      Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін және шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін арнайы пән бойынша балдар және шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.

      Оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламалары топтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін қысқартылған оқу мерзімдері көзделетін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша:

      ұлттық ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 65 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" салалары бойынша – кемінде 60 балл;

      басқа ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 50 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" саласы бойынша кемінде 65 балл жинаған тұлғалар жіберіледі.

      Бұл ретте ҰБТ-ның және (немесе) шығармашылық емтиханның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

      Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білім кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған тұлғалар жіберіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Білім беру грантын алуға арналған конкурс өткізілген кезде, сондай-ақ жоғары бiлiм кадрларды даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдау кезiнде балдар тең болған жағдайда басым құқық мынадай кезектілік бойынша беріледі:

      1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған тұлғалар;

      2) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың;

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;

      4) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;

      5) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы айғақтары жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар тұлғалар.

      Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.

      Конкурс үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік беріле отырып өткізіледі.

      Ашық конкурс туралы хабарландыру кадрларды даярлау бағыттары мен курстары бөлінісінде бос білім беру гранттарының саны көрсетіліп, ЖЖОКБҰ-ның сайтында (білім беру порталында) орналастырылады.

      Үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), одан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ақылы негізде білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;

      2) келіп түскен өтініштер ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің отырысында қаралады;

      3) ЖЖОКБҰ ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі негізінде тиісінше ағымдағы жылғы 5 тамызға және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде бос білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім қабылдау үшін жолдайды.

      Тізімге білім алушының өтінішінің көшірмесі, ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімдері, білім алушының транскриптінен үзінді, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) қоса беріледі;

      4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберілген бос білім беру гранттарын комиссия үміткерлердің болмауына байланысты конкурстық негізде қайта тағайындайды;

      5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және ЖЖОКБҰ ұсынған бос білім беру гранттары үміткерлер болмағанда білім беру саласындағы уәкілетті органның сайтында жарияланады;

      6) конкурс білім беру бағдарламаларының топтары, курс бөлінісінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған басқа ЖЖОКБҰ-да ақылы негізде білім алушылар арасында өткізіледі;

      7) білім беру саласындағы уәкілетті орган келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламаларының топтары, оқуға түскен жылын ескере отырып, оқу нысаны мен мерзімі бөлінісінде қарайды және оң шешім шығарған жағдайда босаған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады (білім беру бағдарламаларының топтары бойынша үміткерлер болмаған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранты даярлық бағытының ішінде немесе білім беру саласында қайта бөлінеді);

      8) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО білім беру грантын беру туралы куәлікті ресімдейді және деректерді үш жұмыс күні ішінде тиісті ЖЖОКБҰ-ға жібереді;

      9) білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде ЖЖОКБҰ-ның басшысы одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға бұйрық шығарады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 58 "Об утверждении Правил присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2020 года № 362. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2023 года № 772.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.09.2023 № 772 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 58 "Об утверждении Правил присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 2, ст. 24) следующие изменения:

      в Правилах присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр", утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) образовательный грант – целевая сумма денег, предоставляемая обучающемуся на условиях, установленных законодательством Республики Казахстан, для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр";

      2) группы образовательных программ – совокупность образовательных программ, объединенных общностью профиля направления подготовки и обеспечивающих подготовку кадров в рамках определенной области образования;

      3) уполномоченный орган в области образования – центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области образования;

      4) республиканская конкурсная комиссия – комиссия, создаваемая уполномоченным органом в области образования для проведения конкурса по присуждению образовательных грантов (далее – республиканская комиссия);

      5) конкурсная комиссия местных исполнительных органов (далее – МИО) – комиссия, создаваемая МИО для проведения конкурса по присуждению образовательных грантов за счет средств местного бюджета (далее – комиссия МИО).

      6) электронное свидетельство о присуждении образовательного гранта – электронный документ с уникальными данными претендента, официально подтверждающим баллы ЕНТ, публикуемый на сайте Национального центра тестирования (далее – свидетельство).";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Республиканская комиссия формируется из числа сотрудников уполномоченного органа в области образования, других заинтересованных государственных органов и ведомств, представителей институтов гражданского общества, неправительственных организаций, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен", ассоциации высших учебных заведений Республики Казахстан и совета ректоров высших учебных заведений Республики Казахстан.

      Из числа членов республиканской комиссии большинством голосов избираются председатель, его заместитель и секретарь. Состав республиканской комиссии утверждается приказом уполномоченного органа в области образования.

      Количество членов республиканской комиссии должно составлять нечетное число. Заседания республиканской комиссии считаются правомочными при наличии не менее двух третьих ее состава и проводятся для присуждения грантов для оплаты высшего образования до 1 августа, для присуждения грантов для оплаты послевузовского образования до 24 августа.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Комиссия МИО формируется из числа сотрудников местных исполнительных органов, неправительственных организаций, представителей региональных палат Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" и институтов гражданского общества.

      Положение о комиссии МИО утверждается постановлением акимата области или города республиканского значения, столицы.

      Состав комиссии МИО утверждается решением акима области или города республиканского значения, столицы.

      Из числа членов комиссии большинством голосов избираются председатель, его заместитель и секретарь.

      Количество членов комиссии МИО должно составлять нечетное число. Заседания комиссии МИО считаются правомочными при наличии не менее двух третьих ее состава и проводятся после объявления итогов присуждения образовательных грантов за счет средств республиканского бюджета для присуждения грантов для оплаты высшего образования до 15 августа, для присуждения грантов для оплаты послевузовского образования до 27 августа.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Образовательные гранты для оплаты высшего образования с присуждением степени "бакалавр" за счет средств республиканского бюджета (далее – образовательные гранты высшего образования) присуждаются на конкурсной основе по конкретным группам образовательных программ в соответствии с баллами сертификатов Единого национального тестирования (далее – ЕНТ) согласно очередности групп образовательных программ, заявленных поступающими, с выдачей свидетельства о присуждении образовательного гранта.

      В конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования учитываются баллы по истории Казахстана, математической грамотности, грамотности чтения (язык обучения), двум профильным предметам.

      В конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования для поступающих на группы образовательных программ высшего образования, требующих творческой подготовки, учитываются баллы по истории Казахстана, грамотности чтения (язык обучения) и результаты двух творческих экзаменов.

      В конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования для поступающих на группы образовательных программ по родственным группам образовательных программ высшего образования, предусматривающих сокращенные сроки обучения, учитываются баллы по общепрофессиональной дисциплине и специальной дисциплине, за исключением поступающих на группы образовательных программ, требующих творческой подготовки.

      В конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования для поступающих на группы образовательных программ по родственным группам образовательных программ высшего образования, предусматривающих сокращенные сроки обучения и требующих творческой подготовки, учитываются баллы по специальной дисциплине и результат творческого экзамена.

      Перечень групп образовательных программ по родственным направлениям подготовки, предусматривающих сокращенные сроки обучения, утверждается уполномоченным органом в области образования.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования за счет средств республиканского бюджета или местного бюджета допускаются лица, имеющие среднее, техническое и профессиональное или послесреднее образование, за исключением поступающих по родственным направлениям подготовки кадров высшего образования, предусматривающим сокращенные сроки обучения, прошедшие ЕНТ и набравшие по его результатам:

      для поступления в национальные ОВПО – не менее 65 баллов, по области образования "Педагогические науки" – не менее 70 баллов, по областям "Сельское хозяйство и биоресурсы", "Ветеринария" − не менее 60 баллов;

      для поступления в другие ОВПО – не менее 50 баллов, по области "Педагогические науки" – не менее 70 баллов, по области "Здравоохранение и социальное обеспечение (медицина)" – не менее 65 баллов.

      При этом по каждому предмету ЕНТ и (или) творческому экзамену необходимо набрать не менее 5 баллов.

      Для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования за счет средств республиканского или местного бюджета на обучение по родственным направлениям подготовки кадров высшего образования, предусматривающим сокращенные сроки обучения, допускаются лица, имеющие техническое и профессиональное, послесреднее образование, прошедшие ЕНТ и набравшие по его результатам не менее 25 баллов, в том числе не менее 5 баллов по каждой дисциплине ЕНТ и (или) творческому экзамену.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. При проведении конкурса на получение образовательных грантов, а также зачислении в состав обучающихся по государственному образовательному заказу на подготовку кадров с высшим образованием в случае равенства баллов преимущественное право в последующей очередности имеют:

      1) лица, награжденные знаком "Алтын белгі";

      2) лица, награжденные знаком отличия за проявленный патриотизм и активную гражданскую позицию;

      3) лица, имеющие документы об образовании организаций образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования, подтвердившие квалификацию и имеющие стаж работы по специальности не менее одного года;

      4) победители международных олимпиад и конкурсов научных проектов (научных соревнований) по общеобразовательным предметам (награжденные дипломами первой, второй и третьей степени), международных и республиканских конкурсов исполнителей и спортивных соревнований (награжденные дипломами первой, второй и третьей степени) последних трех лет, перечень которых определяется уполномоченным органом в области образования, а также победители президентской, республиканских олимпиад и конкурсов научных проектов по общеобразовательным предметам (награжденные дипломами первой, второй и третьей степени) текущего учебного года при условии соответствия выбранной ими специальности предмету олимпиады, конкурса или спортивного соревнования;

      5) дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, а также граждане Республики Казахстан из числа молодежи, потерявшие или оставшиеся без попечения родителей до совершеннолетия, инвалиды первой и второй групп, лица, приравненные по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, инвалиды с детства, дети-инвалиды, которым согласно медицинскому заключению не противопоказано обучение в соответствующих организациях образования, и лица, имеющие документы об образовании (свидетельства, аттестаты, дипломы) с отличием.

      При этом, в случае одинаковых показателей баллов, образовательные гранты высшего образования присуждаются лицам, имеющим высокие средние баллы аттестата, свидетельства или диплома.

      В случае одинаковых показателей баллов, а также одинаковых средних баллов аттестата, свидетельства или диплома, учитываются баллы, набранные по профильному предмету.";

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Вакантные образовательные гранты, высвободившиеся в процессе получения высшего или послевузовского образования (далее – вакантные гранты), присуждаются на конкурсной основе обучающимся на платной основе по группам образовательных программ.

      Конкурс проводится по результатам промежуточной аттестации на основании среднего балла успеваемости GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) с выдачей свидетельства о присуждении образовательного гранта.

      Объявление об открытом конкурсе размещается на сайте (образовательном портале) ОВПО с указанием количества вакантных образовательных грантов в разрезе направления подготовки кадров и курса.

      В случае одинаковых показателей среднего балла успеваемости GPA, преимущественным правом обладают обучающиеся, имеющие оценки только А, А- ("отлично"), в следующую очередь – оценки от А, А- ("отлично") до В+, В, В-, С+ ("хорошо"), далее – смешанные оценки за весь период обучения.

      Присуждение вакантных образовательных грантов, высвободившихся в процессе получения высшего и (или) послевузовского образования, осуществляется в период летних и зимних каникул на конкурсной основе в следующем порядке:

      1) обучающийся на платной основе подает заявление на имя руководителя ОВПО на дальнейшее обучение по образовательному гранту высшего или послевузовского образования;

      2) поступившие заявления рассматриваются на заседании ученого (академического) совета и (или) наблюдательного (попечительского) совета и (или) совета директоров;

      3) ОВПО на основании решения ученого (академического) совета и (или) наблюдательного (попечительского) совета и (или) совета директоров в срок соответственно до 5 августа и 25 января текущего года направляет список претендентов для перевода на вакантные образовательные гранты в уполномоченный орган в области образования для принятия решения.

      К списку прилагаются копии заявления обучающегося, решения ученого (академического) совета и (или) наблюдательного (попечительского) совета и (или) совета директоров, выписка из транскрипта обучающегося, копия документа, удостоверяющего его личность, и свидетельство обладателя образовательного гранта (подлинник), отчисленного из ОВПО;

      4) вакантные образовательные гранты, высвободившиеся в процессе получения высшего и (или) послевузовского образования и представленные в уполномоченный орган в области образования ввиду отсутствия претендентов, перераспределяются комиссией на конкурсной основе;

      5) список вакантных образовательных грантов, высвободившихся в процессе получения высшего и (или) послевузовского образования и представленных ОВПО ввиду отсутствия претендентов, публикуется на сайте уполномоченного органа в области образования;

      6) конкурс проводится среди обучающихся на платной основе из других ОВПО, подавших документы для участия в конкурсе, в разрезе групп образовательных программ, курса по результатам промежуточной аттестации;

      7) уполномоченный орган в области образования рассматривает поступившие документы в разрезе групп образовательных программ, форм и сроков обучения с учетом года поступления и при положительном решении издает приказ о присуждении вакантного образовательного гранта высшего и (или) послевузовского образования (в случае отсутствия претендентов по группе образовательных программ, вакантные образовательные гранты, высвободившиеся в процессе получения высшего и (или) послевузовского образования, перераспределяются внутри направления подготовки или области образования);

      8) на основании приказа уполномоченного органа в области образования НЦТ оформляет свидетельство о присуждении образовательного гранта и передает данные в соответствующую ОВПО в течение трех рабочих дней;

      9) на основании свидетельства о присуждении образовательного гранта руководитель ОВПО издает приказ на дальнейшее обучение по образовательному гранту.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин