Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 368 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 203-құжат).
2. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2007 жылғы 19 ақпандағы № 125 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 4).
3. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2008 жылғы 6 мамырдағы № 424 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 23, 223-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1117 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 58, 560-құжат).
5. "Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауға уәкілетті ұйымды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 210 қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 564 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 639-құжат).
7. Қазақстан Республикаcы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 15 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 11, 204-құжат).
8. "Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 447 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 31, 469-құжат).
9. "Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 357 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 177-құжат).