Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 763 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2016 ж., № 3-4, 18-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 22-тармағының екінші және 24-тармағының үшінші абзацтары 2021 жылғы 1 наурызға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 маусымдағы № 377 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 28 қаулысымен бекітілген |
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері;
2) тізбе – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімдер (тауарлар) тізбесі;
3) өнім (тауарлар) – тізбеге қосылған өнім (тауарлар);
4) орама – шикізатты және дайын өнімді орналастыру, қорғау, тасымалдау, тиеу және түсіру, жеткізу және сақтау үшін пайдаланылатын бұйым;
5) шикізат пен материалдар – технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын кез келген пайдалы қазба, құрамбөлік, бөлшек немесе өзге де тауар;
6) өндірушілер – өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
7) импорттаушылар – өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
8) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы (бұдан әрі – оператор) – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
9) қалдықтар жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін операторға өндірушілер (импорттаушылар) жүзеге асыратын төлемақы;
10) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде оператор мен өндірушілердің (импорттаушылардың) арасында жасалатын шарт;
11) мамандандырылған ұйымдар – өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану, кәдеге жарату жөніндегі қызметтердің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
12) төлемақының толықтығы туралы құжат – ақпарат электрондық цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау мақсатында төлемақының толық көлемде төленуін растайтын құжат.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі талаптар Кодекстің 285-1-бабының 2-тармағында көрсетілген өндірушілерге (импорттаушыларға) қолданылмайды.
4. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері:
өндірушілерде – Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына және кәсіпорынның есеп саясатына сәйкес дайын өнімнің (тауарлардың) түскені (кіріске жатқызылғаны) ресімделген кезден;
импорттаушыларда – осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген растайтын құжаттарға сәйкес өнім (тауарлар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілген кезден бастап туындайды.
5. Өндірушілер (импорттаушылар) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды мынадай тәсілдердің бірімен қамтамасыз етеді:
1) қойылатын талаптарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесін (бұдан әрі – меншікті жинау жүйесі) қолдану.
Меншікті жинау жүйесін қолдану жөніндегі талаптар автомобиль көлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге және импорттаушыларға қолданылмайды;
2) оператормен шарт жасасу және оператордың банк шотына төлемақы түрінде ақша енгізу.
6. Төлемақыны оператормен шарт жасасқан өндірушілер (импорттаушылар) жүргізеді.
7. Төлемақы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлемақы есептеу әдістемесінің (бұдан әрі – әдістеме) негізінде есептеледі. Төлемақыны өндірушілер мен импорттаушылар оператордың банк шотына Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төлейді. Банк шоты туралы ақпарат оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.
8. Төлемақы осы Қағидалар күшіне енген күнге дейін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, соның ішінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне қойылған өнімге (тауарларға) қатысты төленбейді.
9. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері тізбеде атауы көрсетілген өнімге (тауарларға) қолданылады.
10. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері:
1) Оператормен шарт жасасқан өндірушілер (импорттаушылар) үшін – төлемақы енгізген кезден бастап;
2) меншікті жинау жүйесін қолданатын өндірушілер (импорттаушылар) үшін – операторға құжаттарды ұсынған және оператор өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату орындалғанын растаған күннен бастап орындалды деп есептеледі.
2-тарау. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелерді орындау тәртібі
11. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру мақсатында оператор мен өндірушілер (импорттаушылар) арасында шарт жасалады.
12. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, әкетуді, залалсыздандыруды, қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарттың нысанын оператор бекітеді.
Оператор – өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қол қойған жағдайда, өндіруші (импорттаушы) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) және оның (олардың) орамасы әкелінген немесе өндірілген кезден бастап шарт жасалған болып есептеледі.
13. Шарт оны ұзарту мүмкіндігімен жасалады. Шартта Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес өндіруші (импорттаушы) мен оператордың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі.
14. Шарт жасалғаннан кейін автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды импорттаушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына тізбеге сәйкес өнім (тауарлар) әкелуді жүзеге асыратын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыруы мынадай міндетті кезеңдерді қамтиды:
1) төлемақыны енгізуге және төлемақының толықтығы туралы құжатты алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) оператордың интернет-ресурсы арқылы немесе қағаз тасығышта беріледі.
Төлемақы мөлшерлемесі белгіленбеген, тізбеде көзделген өнімге қатысты өтінім берілмейді;
2) оператор төлемақыны әдістеменің негізінде есептейді және өндіруші (импорттаушы) өтінім берген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде төлемақы енгізуге электрондық түрде шот ұсынады;
3) өндірушілердің (импорттаушылардың) төлемақы төлеуі.
4) төлемақы есептік шотқа енгізілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде оператор төлемақының толықтығы туралы құжатты ұсынады.
Төлемақының толықтығы туралы құжатты өндіруші (импорттаушы) сот шешімінде, нотариустың атқарушылық жазбасында немесе оператордың хабарламасында көрсетілген мөлшерде төлемақы түріндегі ақшаны оператордың банктік шотына енгізгеннен кейін сот шешімі, нотариустың оператордың пайдасына төлемақыны өндіріп алу туралы атқарушылық жазбасы немесе оператордың төлемақыны енгізу қажеттігі туралы хабарламасы негізінде оператор беруі мүмкін.
15. Өнімді (тауарларды) импорттаушылар (өндірушілер) автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын, автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды, пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларда, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамаларда импортталатын өнімді (тауарларды) импорттаушыларды қоспағанда, өтінімге мынадай:
1) орама парағының не өнім паспортының (болған кезде);
2) халықаралық тасымалды растайтын халықаралық тауар-көліктік жүкқұжатын қоса алғанда, көлік жүкқұжаттарының, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде көзделген, сондай-ақ тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына орын ауыстыруын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
16. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын, автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды, пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларда, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамаларда импортталатын өнімді (тауарларды) қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген өнім (тауарлар) үшін осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон (болған кезде) төлемақы есептеу үшін қажет және әкелуді растайтын қосымша құжат болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген импорттаушылар көрсететін өтінімдегі мәліметтер олардың салықтық есептілігінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес болуға тиіс.
17. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын, автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды, пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларда, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамаларда импортталатын өнімді (тауарларды) қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінген өнім (тауарлар) үшін осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден заңнамасына және кеден ісі саласындағы ұлттық заңнамаға сәйкес ресімделген кедендік декларация төлемақы есептеу үшін қажет және әкелуді растайтын қосымша құжат болып табылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, импорттаушылар көрсететін өтінімдегі мәліметтер тіркелген кедендік декларацияда көзделген мәліметтерге сәйкес болуға тиіс.
18. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді қоспағанда, өнімді (тауарларды) өндірушілер Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес бекітілген нысан бойынша қорларды шетке беруге арналған жүкқұжатты және өнім паспортын (болған кезде) өтінімге қоса береді.
19. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді (импорттаушыларды) қоспағанда, өндірушілер (импорттаушылар) жасалған шарт негізінде есепті айдан кейінгі екінші айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей төлемақы төлейді.
Өнімді (тауарларды) өндірушілер үшін – өнім (тауарлар) өткізілген ай, өнімді (тауарларды) импорттаушылар үшін Қазақстан Республикасының аумағына өнім (тауарлар) әкелінген ай есепті ай болып табылады.
20. Өндірушілердің, импорттаушылардың төлемақыны дұрыс есептеуін, толық және уақтылы аударуын бақылауды оператор жүзеге асырады.
21. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді (импорттаушыларды), автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіру кезінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарды өндірушілерді (импорттаушыларды) қоспағанда, оператормен шарт жасасқан өндірушілердің (импорттаушылардың) өтінім қалыптастыруы мынадай мерзімде жүзеге асырылады
1) шағын кәсіпкерлік субъектілері – ай сайын есепті айдан кейінгі келесі айдың 20-күнінен кешіктірмей;
2) ірі кәсіпкерлік субъектілері – ай сайын есепті айдан кейінгі келесі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
3) ірі кәсіпкерлік субъектілері және өзге де өндірушілер (импорттаушылар) – ай сайын есепті айдан кейінгі келесі айдың соңғы күнінен кешіктірмей.
3-тарау. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауының ерекшеліктері
22. Автокөлік құралдарына қатысты төлемақыны өндірушілер (импорттаушылар) Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес автокөлік құралы бастапқы тіркелгенге дейін енгізеді. Өндірушілер (импорттаушылар) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына қатысты төлемақыны олар алғашқы мемлекеттік тіркелгенге дейін, бірақ агроөнеркәсіптік кешенді және Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған немесе әкелінген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей енгізеді.
Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автокөлік құралдарына қатысты төлемақы 2021 жылғы 1 наурызға дейін енгізіледі.
Өндірушілер (импорттаушылар) автокөлік құралдарын олар бастапқы тіркелгенге дейін өткізген жағдайда төлемақы мұндай автокөлік құралдары өткізілгенге дейін жүргізіледі.
Өндірушілер (импорттаушылар) өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын осы тармаққа сәйкес олар тіркелгенге дейін өткізген жағдайда төлемақы осындай өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы өткізілгенге дейін, бірақ ол шығарылған немесе әкелінген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
23. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындағанын растайтын құжат оператор сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, автокөлік құралдарын не сәйкестендіру нөмірін немесе зауыттық нөмірін көрсете отырып, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге (импорттаушыларға) есептік шотқа төлемақы енгізілгеннен кейін, беретін төлемақының толықтығы туралы құжат болып табылады.
24. Автокөлік құралдарын бастапқы (мемлекеттік) тіркеуді жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес автокөлік құралдарын бастапқы тіркеу не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауын растайтын құжат болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелген автокөлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауын растайтын құжат 2021 жылғы 1 наурызға дейін жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
25. Төлемақы енгізілген күннен бастап автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері орындалды деп есептеледі, ал көлік құралдарының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер операторға ауысады.
26. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын төлемақыны жүзеге асырмай мемлекеттік тіркеу есебіне алу үшін олардың шығарылған немесе әкелінген күнін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында өндірілгендер үшін – төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
еркін қоймадан шығару кезіндегі кедендік декларация;
өнімнің өндірілгенін растайтын, көлік құралының (өздігінен жүретін машинаның) паспорты;
2) Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелінгендер үшін – тауарларға кеден декларациясы;
3) Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінгендер үшін – салық заңнамасына сәйкес мынадай құжаттардың бірі қоса берілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талон (не мемлекеттік бақылаудан өту туралы талонның көшірмесі):
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдің экспорттаушысынан Қазақстан Республикасындағы импорттаушыға берілгенін растайтын, берілетін автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірі көрсетілген қабылдап алу-беру актісі;
әкелінетін автомобильдердің сәйкестендіру нөмірі не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірі көрсетілген көлік жүкқұжаты;
халықаралық тасымалды растайтын, әкелінетін автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірі көрсетілген "CMR" халықаралық көлік жүкқұжаты.
27. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер (импорттаушылар) кейіннен төлемақы енгізу үшін өтінімге мынадай құжаттардың:
1) Қазақстан Республикасында өндірілгендер үшін:
өнімнің өндірілуін растайтын көлік құралының (өздігінен жүретін машинаның) паспортының (болған кезде) және дайын өнімді шығаруға жүкқұжаттың;
2) Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелінгендер үшін:
тауарларға кедендік декларацияның;
3) Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінгендер үшін төменде көрсетілген құжаттардың кез келгенінің:
көлік құралы (өздігінен жүретін машина) паспортының;
көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің немесе автокөлік құралдары үшін көлік құралының типін мақұлдаудың және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасы үшін сәйкестік сертификатының;
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдің экспорттаушысынан Қазақстан Республикасындағы импорттаушыға беруді растайтын, берілетін автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірі көрсетілген қабылдап алу-беру актісінің;
әкелінетін автомобильдердің сәйкестендіру нөмірі не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірі көрсетілген көлік жүкқұжатының;
халықаралық тасымалдауды растайтын, әкелінетін автокөлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі не өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестендіру немесе зауыттық нөмірі көрсетілген "CMR" халықаралық көлік жүкқұжатының көшірмелерін қоса береді.
Төлемақыны есептеу үшін қажетті деректерді айқындау мүмкін болмаған жағдайда оператор өндірушілерден (импорттаушылардан) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде көзделген автокөлік құралдарының және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының сәйкестігін бағалау туралы құжаттарды сұратады.
28. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіру үшін шикізат пен материалдар ретінде пайдаланылатын өнім (тауар) үшін төлемақыны көлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші түпкілікті тауар үшін төлемақы түрінде төлейді.
4-тарау. Пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамада, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамада импортталатын өнімді (тауарларды) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерді орындауының ерекшеліктері
29. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан әкелінген пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамада, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамада импортталатын өнімді (тауарларды) импорттаушылар өтінімге кедендік декларацияның немесе тауарларға декларация және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын құжаттардың көшірмелерін қоса береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген импорттаушылар өтінімде көрсететін мәліметтер тіркелген кедендік декларацияда көзделген мәліметтерге сәйкес болуға тиіс.
30. Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдарды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамаларды, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамаларды, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамада, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамада импортталатын өнімді (тауарларды) импорттаушылар өтінімге:
1) орама парақтарын не өнімнің паспортын (бар болса);
2) халықаралық тасымалды растайтын халықаралық тауар-көлік жүкқұжаттарын қоса алғанда, көлік жүкқұжаттарын қоса береді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген импорттаушылар өтінімде көрсететін мәліметтер олардың салықтық есептілігінде көрсетілген мәліметтеріне сәйкес болуға тиіс.
31. Пластмассадан, қағаздан және картоннан жасалған бұйымдар, полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамалар, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамалар үшін төлемақы сомасы әдістеме негізінде есептеледі.
Полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамалардағы, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамалардағы өнімді (тауарларды) әкелуді жүзеге асыру кезінде импорттаушы төлемақы сомасын есептеу үшін аталған өнім (тауарлар) қапталған ораманың массасын (килограммды) айқындау түріндегі базаны өз бетінше таңдайды.
Полимер, шыны, қағаз, картон және (немесе) металл орамалардағы, құрамдастырылған материалдардан жасалатын орамалардағы өнімді (тауарларды) әкелу кезінде осы өнім (тауарлар) қапталған ораманың массасын айқындауды импорттаушы осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген тәсілдердің бірі арқылы жүзеге асырады.
Төлемақы сомасын есептеу үшін таңдап алынған базаға қарай осы тармаққа сәйкес осы Қағидалардың 29 және 30-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа, өтінімге мынадай растайтын құжаттардың бірі қоса беріледі:
1) орамадағы импортталатын өнімнің (тауарлардың) брутто массасы мен нетто массасының арасындағы математикалық айырмашылықты есептеу негізінде орама массасы айқындалған жағдайда – орама парағы;
2) орамадағы импортталатын өнімді (тауарларды) өндірушілер көрсететін орама саны мен типтері туралы мәліметтер негізінде ораманың массасы айқындалған жағдайда – шарт (келісімшарт), жеткізуге (импортқа, сатып алуға) арналған тауарға ілеспе құжаттар, орамадағы импортталатын өнімді (тауарларды) өндірушілерден өзге де ресми құжаттар;
3) әдістемеге сәйкес анықтамалыққа сай есептеудің негізінде орама массасы айқындалған жағдайда – әдістемеге сәйкес бекітілген нысан бойынша тізбеде көзделген өнім орамасы және (немесе) өнім бірліктері массасының орташа көрсеткіштерінің анықтамалығын (бұдан әрі – анықтама) қолдану туралы ақпарат;
4) орамадағы импортталатын өнім (тауарлар) орамасының массасы туралы мамандандырылған (аккредиттелген) ұйымның қорытындысы.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мамандандырылған (аккредиттелген) ұйымдар Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізіліміне сәйкес айқындалады.
32. Бір мезгілде орамалардың бірнеше типіне (бір немесе түрлі материалдардан) қапталған орамадағы өнім (тауарлар) әкелінген жағдайда өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері ораманың әрбір типіне қолданылады.
33. Тізбеге енгізілген қағаз, картон, полимер, шыны, металл орамаларға және (немесе) құрамдастырылған материалдардан жасалған орамаға қапталған, тізбеге енгізілген өнім (тауарлар) әкелінген жағдайда өндірушілердің, (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері тізбеге сәйкес өнімге (тауарларға) де және тізбеде көзделген оның (олардың) орамасына да қолданылады.
34. Өндіруші өнімді (тауарларды) тізбеге енгізілген орамада өндіру үшін полимер, шыны, қағаз, картон, металл ораманы, құрамдастырылған материалдардан жасалған ораманы пайдаланған жағдайда өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін осы ораманы өндірушілер (импорттаушылар) орындайды.
5-тарау. Өндірушілерді (импорттаушыларды) кеңейтілген міндеттемелерден босату талаптары
35. Өндірушілер (импорттаушылар) Кодекстің 285-1-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда кеңейтілген міндеттемелерден босатылады.
Бұл ретте автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді (импорттаушыларды) қоспағанда, Кодекстің 285-1-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар өнім (тауарлар) Қазақстан Республикасының шегінен тыс өткізілген есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей операторға мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс:
өнімді (тауарларды) жеткізуге экспорттық келісімшарт не өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының шегінен тыс өткізу шарты;
өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының шегінен тыс өткізу жүзеге асырылғанын нақты растайтын тауарға ілеспе құжаттар.
36. Өндіруші (импорттаушы) енгізген төлемақы болған және Кодекстің 285-1-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес кейіннен өнімді (тауарларды) өндіруші (импорттаушы) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс өзі әкеткен жағдайда өндірушілердің (импорттаушылардың) артық төленген соманы оператор айқындайтын тәртіппен қайтаруға және (немесе) алдағы төлемдер есебіне жатқызуға құқығы қалады.
Төлемақысы енгізілген өнім (тауарлар) үшін өндірушіге (импорттаушыға) артық төленген сомаларды қайтару және (немесе) алдағы төлемдер есебіне жатқызу осы өнімді (тауарларды) тікелей өндіруші (импорттаушы) Қазақстан Республикасының шегінен тыс өткізген жағдайда жүргізіледі.
37. Егер өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкету (экспорттау) осы Қағидалардың 14, 21 және 22-тармақтарында белгіленген мерзім өткенге дейін жүзеге асырылмаса, төлемақы енгізу Қағидалардың осы тармақтарында көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады.
6-тарау. Оператордың мамандандырылған ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауының тәртібі
38. Оператор өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру мақсатында мамандандырылған ұйымдармен шарт жасасады.
39. Мамандандырылған ұйымдар бөлек жинау және қайта өңдеу шығындарының өтемақысын алу үшін операторға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтемақы алуға арналған еркін нысандағы өтініш;
2) тауар-көлік жүкқұжаттарының күндері мен нөмірлерін, жүк алушыларды және олар бойынша берілген қалдықтардың мөлшерін (тонна, бірлік) көрсете отырып, кейіннен өнім (тауарлар) қалдықтарын және олардың орамасын Қазақстан Республикасының аумағына әрбір қалдық түрі бойынша жеке залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін беруге арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының тізімдемесі;
3) өнім (тауарлар) қалдықтарын және олардың орамасын Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін беруге арналған тауар-көлік жүкқұжаттарының көшірмелері;
4) заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) өнім (тауарлар) қалдықтарын және тұтыну қалдықтарынан олардың орамасын жинауды (қайта өңдеуді) есепке алу деректері;
5) оператор белгілеген, оның интернет-ресурсында орналастырылған нысан бойынша қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша шығыстарды өтеуге бөлінетін қаражат сомасының есептемесі;
6) қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша шығыстарды өтеу көрсетілген қалдықтар Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру және кәдеге жарату бойынша меншікті өндірістік қуаттарда залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін берілген жағдайда жүргізіледі;
7) өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын бөлек жинауға және қайта өңдеуге байланысты шығындарды растайтын құжаттар.
40. Осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын оператор олар ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда оператор өтемақы беруден бас тартады.
41. Мамандандырылған ұйымдардың оператордан өтемақы алуы мақсатындағы есепті кезең бір тоқсан болып табылады.
42. Қалдықтарды бөлек жинауға және қайта өңдеуге байланысты тікелей шығындар ғана өтеуге жатады, олар мыналарға:
1) "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бастапқы есепке алу құжаттарына;
2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және олардың орамасын Қазақстан Республикасының аумағында залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін берілген жағдайда көрсетілген қалдықтар түрлерінің бөлінісіндегі шығындар жөніндегі деректерге, осындай тікелей шығындардың қайта өңделген, пайдаланылған және кәдеге жаратылған қалдықтарды өткізуден алынған тиісті кірістерден асқан сомаға негізделеді.
43. Тікелей шығындар мен тиісті табыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікте ұсынылады.
44. Мамандандырылған ұйымдардың қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу бойынша шығыстарын (амортизация бойынша шығындарды қоспағанда) өтеу:
1) мамандандырылған ұйымдар елді мекендердегі тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету бойынша тарифтер есебінен төлейтін;
2) Қазақстан Республикасының аумағында қалдықтарды кәдеге жарату бойынша меншікті өндірістік қуаттарда кейіннен залалсыздандырылмаған және кәдеге жаратылмаған қалдықтарға қатысты жүргізілмейді.
45. Оператор өзінің банк шотына келіп түскен ақшаны Кодекстің \ 285-2-бабында көзделген мақсаттарға жұмсайды.
Кодекстің 285-2-бабының 3) тармақшасын іске асыру кезінде оператор өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыру үшін меншікті жинау жүйесін қолдану шеңберінде мәлімделген көлемдер шегінде жеке және заңды тұлғаларға ақшаны жолдамайды.
7-тарау. Оператордың уәкілетті органдармен, аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі
46. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары тоқсан сайынғы негізде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетілген өнім (тауарлар) және оның (олардың) орамасы туралы мәліметтерді жолдайды.
47. Мемлекеттік кірістер органдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жолдайтын мәліметтерде мынадай ақпарат қамтылады:
1) өндірушінің немесе импорттаушының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) іс жүзіндегі және заңды мекенжайы, байланыс деректері (телефоны, электрондық поштасының мекенжайы);
3) өндірушілердің, импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) атауы және коды;
4) өндірушілердің, импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және шегінен тыс әкету күні;
5) өндірушілердің, импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) орамасының атауы және коды;
6) өндірушілердің, импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) нетто және брутто салмағы;
7) шот-фактурада (инвойста) көрсетілетін өнімнің (тауарлардың) құны;
8) жүргізілген төлемақы сомасы және күні.
48. Өндірушінің (импорттаушының) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру мақсатында оператор қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарынан ақпарат алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде алады.
Оператор қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда алынған, ұсынылған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындамаған не толық мөлшерде орындамаған өндірушілерге және (немесе) импорттаушыларға сомасын көрсете отырып, төлемақыны енгізу қажеттігі туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.
Осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерінде әдістемеге сәйкес төлемақыны есептеу үшін қажетті өнім орамасының және (немесе) өнімнің массасы туралы ақпарат болмаған жағдайда оператор анықтаманы пайдаланады.
Өндіруші және (немесе) импорттаушы оператордың хабарламасы негізінде өтінім бермей-ақ төлемақыны енгізеді. Өндірушіде немесе импорттаушыда оператордың хабарламасында көрсетілген төлемақы сомасынан басқа төлемақы сомасын растайтын мәліметтер болған жағдайда өндіруші немесе импорттаушы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен растаушы құжаттарды қоса бере отырып өтінімді беруге құқылы.
49. Іс жүргізуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер анықталған кезде оператор осындай құқық бұзушылық бойынша бар материалдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға береді.
50. Оператор жыл сайын есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 мамырына дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің, импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру барысы туралы есеп ұсынады.
51. Оператор қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынатын есепте мыналар қамтылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарылған (әкелінген), өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнім (тауарлар) және оның (олардың) орамасы туралы деректер;
2) кәдеге жаратуға жататын қалдықтардың көлемі туралы мәліметтер (қалдықтар құрамындағы әрбір құрамдасы бөлігінде) және іс жүзінде орындалған көлем көрсеткіші;
3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату бойынша жүргізілген жұмыс туралы мәліметтер, оның ішінде:
жиналуы, қайта өңделуі, залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы есепті жылы ұйымдастырылған өнім (тауарлар) қалдықтарының көлемі, сондай-ақ өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін енгізу кезінен бастап қызмет кезеңдері ішіндегі қарқын туралы мәліметтер;
оператор өнім (тауарлар) қалдықтарын жинауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды ұйымдастыру бөлігінде өзара іс-қимылды жүзеге асырған кәсіпорындардың орналасқан жерін, жиналған, қайта өңделген, залалсыздандырылған және кәдеге жаратылған қалдықтар көлемін, қалдықтардан алынатын өнім түрлері мен көлемін қоса алғанда, сол кәсіпорындар туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндіруді ынталандыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы мәліметтер;
5) қалдықтарды жинау мен қайталама шикізат ретінде пайдаланудың жаңа технологияларын ендіру, тұрмыстық қатты қалдықтарды және қайталама ресурстарды сұрыптау және (немесе) пайдалану жөніндегі зауыттар (өндірістер) құрылысы туралы мәліметтер;
6) қайталама ресурстар жинауды және (немесе) пайдалануды, тұрмыстық қатты қалдықтар жинауды, сұрыптауды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру туралы мәліметтер;
7) электр қуаттау станциялары желілерін құру және дамыту туралы мәліметтер.
52. Аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органдары оператормен бірлесіп, қалдықтарды жинау, әкету, залалсыздандыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы тарифтердің мөлшерін және оларды бөлу тәртібін айқындайды.
53. Аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті атқарушы органдары қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасында тарифтердің мөлшерін және оларды бөлу тәртібін өзгерту қажет болған жағдайда жұмыс тобын құрады, оның құрамына оператор кіреді.
54. Жұмыс тобы бір ай мерзімде аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарына қалдықтарды жинау, әкету, залалсыздандыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату тарифінің өзгертілген мөлшерін бекітуге ұсынады.
55. Автокөлік құралдарын және өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді қоспағанда, өндіруші есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 наурызынан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өткен күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылған өнімнің (тауарлардың), оның ішінде осындай өнім (тауарлар) орамасының саны туралы ақпаратты ұсынады.
56. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 55-тармағында көрсетілген ақпаратты операторға есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей береді.