"2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 538 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

      1-бап. 2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер - 11 277 111 410 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер бойынша - 6 635 629 335 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер бойынша - 286 471 1 17 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 585 654 мың теңге;

      трансферттер түсімдері бойынша- 4 351 425 304 мың теңге;

      2) шығындар - 13 747 331 853 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу - 1 15 670 996 мың теңге, оның ішінде:

      бюджеттік кредиттер - 284 269 394 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу - 168 598 398 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 393 222 мың теңге, оның ішінде:

      қаржы активтерін сатып алу - 17 393 222 мың теңге;

      5) бюджет тапшылығы - -2 603 284 661 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 3,4 проценті;

      6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - 6 963 843 861 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 9,1 проценті;

      7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 603 284 661 мың теңге.

      2-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін 48 300 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 416 380 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсімдері көзделсін.

      3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2021 жылға арналған түсімдердің көлемдері осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есепке жатқызылатын болып белгіленсін:

      1) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының "Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық" коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;

      2) Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының "Әлеуметтік салық" коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары.

      Бұл ретте салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" және "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады.

      5-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 451 425 304 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

      Атырау облысынан - 213 751 848 мың теңге;

      Маңғыстау облысынан - 13 416 746 мың теңге;

      Алматы қаласынан - 190 108 501 мың теңге;

      Нұр-Сұлтан қаласынан - 34 148 209 мың теңге.

      6-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен трансферттердің түсімдері мөлшері 200 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.

      Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттердің түсімдерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.

      7-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2 700 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.

      8-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан нысаналы трансферт 1 000 000 000 мың теңге сомасында көзделсін.

      9-бап. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:

      1) жалақының ең төмен мөлшері - 42 500 теңге;

      2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 18 524 теңге;

      3) зейнетақының ең төмен мөлшері - 43 272 теңге;

      4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2 917 теңге;

      5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 34 302 теңге болып белгіленсін.

      10-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 7 процентке көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін.

      11-бап. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінен 1,6 процент деп белгіленсін.

      12-бап. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.

      13-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және республикалық маңызы бар қала бюджетіне берілетін субвенциялар көлемдері 2 120 876 742 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

      Ақмола облысына - 159 776 910 мың теңге;

      Ақтөбе облысына - 110 138 668 мың теңге;

      Алматы облысына - 190 908 951 мың теңге;

      Шығыс Қазақстан облысына — 217 475 731 мың теңге;

      Жамбыл облысына - 193 906 105 мың теңге;

      Батыс Қазақстан облысына - 75 347 255 мың теңге;

      Қарағанды облысына - 134 306 419 мың теңге;

      Қызылорда облысына- 176 498 658 мың теңге;

      Қостанай облысына - 135 998 777 мың теңге;

      Павлодар облысына - 54 972 753 мың теңге;

      Солтүстік Қазақстан облысына - 141 543 628 мың теңге;

      Түркістан облысына — 391 668 528 мың теңге;

      Шымкент қаласына - 138 334 359 мың теңге.

      14-бап. 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне:

      1) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір белігін өтеуге;

      2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға;

      3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша проценттік мөлшерлемені субсидиялауға;

      4) ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға;

      5) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауға;

      6) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға;

      7) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіру шығындарын өтеуге;

      8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік кемекті төлеуге;

      9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге;

      10) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;

      11) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

      12) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге;

      13) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;

      14) мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге;

      15) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

      16) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;

      17) мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;

      18) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға;

      19) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

      20) ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;

      21) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;

      22) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге;

      23) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға;

      24) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге;

      25) "Жас маман" жобасы шеңберінде колледждер үшін жабдықтар сатып алуға;

      26) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

      27) мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;

      28) көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға;

      29) медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне;

      30) жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

      31) қаржы лизингі шарттарымен сатып алынган санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге;

      32) вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға;

      33) саламатты өмір салтын насихаттауға;

      34) ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға;

      35) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін ұлғайтуға;

      36) жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға;

      37) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге;

      38) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

      39) "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

      40) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге;

      41) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдік беруге;

      42) көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

      43) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және (немесе) аз қамтылған көпбалалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға;

      44) жұмыс істейтін жастарға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

      Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің осы баптың бірінші бөлігінің 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

      15-бап. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2021 жылға арналған кредиттер сомаларын бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айкындалады.

      16-бап. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

      17-бап. "Қарағандышахтатарату" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген, таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеуге берілетін қаражатты бөлу және (немесе) пайдаланудың тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

      18-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылға арналған резерві 400 556 007 мың теңге сомасында бекітілсін.

      19-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2021 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібінде шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 585 654 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 12 917 877 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

      20-бап. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2021 жылға арналған шығындарының құрамында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауға "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына аудару үшін 37 940 506 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

      21-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 709 873 мың теңге көзделсін.

      22-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 2021 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.

      23-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер лимиті 2021 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.

      24-бап. 2021 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 105 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

      25-бап. Мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 2021 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.

      26-бап. 2021 жылға Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетгік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2 255 422 282 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.

      27-бап. 2021 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі осы Заңға 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2021 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде осы Заңға 6-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.

      28-бап. Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

О проекте Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2021 - 2023 годы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2020 года № 538

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2021 - 2023 годы".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Проект

ЗАКОН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
О республиканском бюджете на 2021 - 2023 годы

      Статья 1. Утвердить республиканский бюджет на 2021 - 2023 годы согласно приложениям 1, 2 и 3 к настоящему Закону соответственно, в том числе на 2021 год в следующих объемах:

      1) доходы - 11 277 111 410 тысяч тенге, в том числе по:

      налоговым поступлениям - 6 635 629 335 тысяч тенге;

      неналоговым поступлениям - 286 471 117 тысяч тенге;

      поступлениям от продажи основного капитала - 3 585 654 тысячи тенге;

      поступлениям трансфертов - 4 351 425 304 тысячи тенге;

      2) затраты - 13 747 331 853 тысячи тенге;

      3) чистое бюджетное кредитование - 115 670 996 тысяч тенге, в том числе:

      бюджетные кредиты - 284 269 394 тысячи тенге;

      погашение бюджетных кредитов - 168 598 398 тысяч тенге;

      4) сальдо по операциям с финансовыми активами - 17 393 222 тысячи тенге, в том числе:

      приобретение финансовых активов - 17 393 222 тысячи тенге;

      5) дефицит бюджета - -2 603 284 661 тысяча тенге, или 3,4 процента к валовому внутреннему продукту страны;

      6) ненефтяной дефицит бюджета - -6 963 843 861 тысяча тенге, или 9,1 процента к валовому внутреннему продукту страны;

      7) финансирование дефицита бюджета - 2 603 284 661 тысяча тенге.

      Статья 2. Предусмотреть в республиканском бюджете на 2021 год поступления арендных плат за пользование Российской Федерацией комплексом "Байконур" в сумме 48 300 000 тысяч тенге и военными полигонами в сумме 8 416 380 тысяч тенге.

      Статья 3. Утвердить объемы поступлений на 2021 год, направляемых в Национальный фонд Республики Казахстан, согласно приложению 4 к настоящему Закону.

      Статья 4. Установить, что в доход соответствующего бюджета зачисляются:

      1) по коду "Налог на добычу полезных ископаемых" классификации поступлений бюджета Единой бюджетной классификации - задолженность недропользователей по роялти, а также роялти по контрактам на недропользование, в которых сохраняются гарантии стабильности налогового режима;

      2) по коду "Социальный налог" классификации поступлений бюджета Единой бюджетной классификации - задолженность по взносам, ранее перечислявшимся в Пенсионный фонд, Государственный центр по выплате пенсий, Фонд обязательного медицинского страхования, Фонд государственного социального страхования, Фонд содействия занятости, а также отчисления пользователей автомобильных дорог, ранее поступавшие в Дорожный фонд.

      При этом налогоплательщики, осуществляющие деятельность по контрактам на недропользование, в которых сохраняются гарантии стабильности налогового режима, уменьшают вышеуказанные отчисления или социальный налог на суммы отчислений в Государственный фонд социального страхования, Фонд обязательного социального медицинского страхования, исчисленные в соответствии с законами Республики Казахстан "Об обязательном социальном страховании" и "Об обязательном социальном медицинском страховании".

      Статья 5. Предусмотреть в республиканском бюджете на 2021 год объемы бюджетных изъятий из областных бюджетов, бюджетов города республиканского значения, столицы в республиканский бюджет в сумме 451 425 304 тысячи тенге, в том числе:

      Атырауской - 213 751 848 тысяч тенге;

      Мангистауской - 13 416 746 тысяч тенге;

      города Алматы - 190 108 501 тысяча тенге;

      города Нур-Султана - 34 148 209 тысяч тенге.

      Статья 6. Предусмотреть в республиканском бюджете на 2021 год поступления трансфертов из областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы в сумме 200 000 000 тысяч тенге.

      Распределение поступлений трансфертов из областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы определяется решением Правительства Республики Казахстан.

      Статья 7. Предусмотреть в республиканском бюджете на 2021 год размер гарантированного трансферта из Национального фонда Республики Казахстан в сумме 2 700 000 000 тысяч тенге.

      Статья 8. Предусмотреть в республиканском бюджете на 2021 год целевой трансферт из Национального фонда Республики Казахстан в сумме 1 000 000 000 тысяч тенге на цели, определенные Президентом Республики Казахстан.

      Статья 9. Установить с 1 января 2021 года:

      1) минимальный размер заработной платы - 42 500 тенге;

      2) минимальный размер государственной базовой пенсионной выплаты - 18 524 тенге;

      3) минимальный размер пенсии - 43 272 тенге;

      4) месячный расчетный показатель для исчисления пособий и иных социальных выплат, а также применения штрафных санкций, налогов и других платежей в соответствии с законодательством Республики Казахстан-2 917 тенге;

      5) величину прожиточного минимума для исчисления размеров базовых социальных выплат - 34 302 тенге.

      Статья 10. Установить, что средства, направленные на пенсионные выплаты по возрасту и пенсионные выплаты за выслугу лет, предусмотрены с учетом повышения их размеров с 1 января 2021 года на 7 процентов.

      Статья 11. Установить с 1 января 2021 года размер взносов государства на обязательное социальное медицинское страхование, подлежащих уплате в фонд социального медицинского страхования, - 1,6 процента от объекта исчисления взносов государства.

      Статья 12. Установить с 1 января 2021 года месячный размер денежной компенсации на содержание жилища и оплату коммунальных услуг в сумме 3 739 тенге военнослужащим (кроме военнослужащих срочной службы) и сотрудникам специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы.

      Статья 13. Предусмотреть в республиканском бюджете на 2021 год объемы субвенций, передаваемых из республиканского бюджета в областные бюджеты и бюджет города республиканского значения, в сумме 2 120 876 742 тысячи тенге, в том числе:

      Акмолинской - 159 776 910 тысяч тенге;

      Актюбинской - 110 138 668 тысяч тенге;

      Алматинской - 190 908 951 тысяча тенге;

      Восточно-Казахстанской - 217 475 731 тысяча тенге;

      Жамбылской - 193 906 105 тысяч тенге;

      Западно-Казахстанской - 75 347 255 тысяч тенге;

      Карагандинской - 134 306 419 тысяч тенге;

      Кызылординской - 176 498 658 тысяч тенге;

      Костанайской - 135 998 777 тысяч тенге;

      Павлодарской - 54 972 753 тысячи тенге;

      Северо-Казахстанской - 141 543 628 тысяч тенге;

      Туркестанской - 391 668 528 тысяч тенге;

      города Шымкента - 138 334 359 тысяч тенге.

      Статья 14. Распределение целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на 2021 год определяется на основании решения Правительства Республики Казахстан на:

      1) возмещение части расходов, понесенных субъектом агропромышленного комплекса, при инвестиционных вложениях;

      2) субсидирование в рамках гарантирования и страхования займов субъектов агропромышленного комплекса;

      3) субсидирование процентной ставки по кредитным и лизинговым обязательствам в рамках направления по финансовому оздоровлению субъектов агропромышленного комплекса;

      4) субсидирование ставок вознаграждения при кредитовании, а также лизинге на приобретение сельскохозяйственных животных, техники и технологического оборудования;

      5) субсидирование купонного вознаграждения по облигациям;

      6) субсидирование стоимости пестицидов, биоагентов (энтомофагов), предназначенных для проведения обработки против вредных и особо опасных вредных организмов с численностью выше экономического порога вредоносности и карантинных объектов;

      7) возмещение физическим и юридическим лицам затрат на закладку и выращивание уничтоженных плодово-ягодных культур, зараженных бактериальным ожогом плодовых;

      8) выплату государственной адресной социальной помощи;

      9) введение стандартов оказания специальных социальных услуг;

      10) размещение государственного социального заказа в неправительственных организациях;

      11) обеспечение прав и улучшение качества жизни инвалидов в Республике Казахстан;

      12) услуги по замене и настройке речевых процессоров к кохлеарным имплантам;

      13) субсидирование затрат работодателя на создание специальных рабочих мест для трудоустройства инвалидов;

      14) установление доплат к заработной плате работников, предоставляющих специальные социальные услуги в государственных организациях социальной защиты населения;

      15) увеличение оплаты труда педагогов организаций дошкольного образования;

      16) доплату за проведение внеурочных мероприятий педагогам физической культуры государственных организаций дошкольного образования;

      17) доплату за квалификационную категорию педагогам государственных организаций дошкольного образования;

      18) реализацию подушевого финансирования в государственных организациях среднего образования;

      19) увеличение оплаты труда педагогов государственных организаций образования, за исключением организаций дополнительного образования для взрослых;

      20) доплату за квалификационную категорию педагогам государственных организаций образования, за исключением организаций дополнительного образования для взрослых;

      21) доплату за проведение внеурочных мероприятий педагогам физической культуры государственных организаций среднего образования;

      22) доплату за степень магистра методистам методических центров (кабинетов) государственных организаций среднего образования;

      23) увеличение размера государственной стипендии обучающимся в организациях технического и профессионального образования;

      24) доплату за проведение внеурочных мероприятий педагогам физической культуры государственных организаций технического и профессионального, послесреднего образования;

      25) приобретение оборудования для колледжей в рамках проекта "Жас маман";

      26) увеличение оплаты труда педагогов государственных организаций технического и профессионального, послесреднего образования;

      27) доплату за квалификационную категорию педагогам государственных организаций технического и профессионального, послесреднего образования;

      28) размещение государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим образованием для детей из многодетных и малообеспеченных семей;

      29) проведение медицинской организацией мероприятий, снижающих половое влечение, осуществляемых на основании решения суда;

      30) материально-техническое оснащение организаций здравоохранения на местном уровне;

      31) возмещение лизинговых платежей по санитарному транспорту, приобретенному на условиях финансового лизинга;

      32) закуп вакцин и других иммунобиологических препаратов;

      33) пропаганду здорового образа жизни;

      34) реализацию мероприятий по профилактике и борьбе со СПИД;

      35) увеличение размера государственной стипендии обучающимся в организациях технического и профессионального, послесреднего образования;

      36) повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов;

      37) установление доплат к должностному окладу за особые условия труда в организациях культуры и архивных учреждениях управленческому и основному персоналу государственных организаций культуры и архивных учреждений;

      38) увеличение оплаты труда педагогов государственных организаций среднего и дополнительного образования в сфере физической культуры и спорта;

      39) реализацию мероприятий по социальной и инженерной инфраструктуре в сельских населенных пунктах в рамках проекта "Ауыл - Ел бесігі";

      40) предоставление государственных грантов молодым предпринимателям для реализации новых бизнес-идей в рамках Государственной программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса-2025";

      41) субсидирование ставки вознаграждения и гарантирование по кредитам в рамках Государственной программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса-2025" и Механизма кредитования приоритетных проектов;

      42) финансирование приоритетных проектов транспортной инфраструктуры;

      43) приобретение жилья коммунального жилищного фонда для социально уязвимых слоев населения и (или) малообеспеченных многодетных семей;

      44) приобретение жилья коммунального жилищного фонда для работающей молодежи.

      Порядок использования целевых текущих трансфертов областными бюджетами, бюджетами городов республиканского значения, столицы на 2021 год, указанных в подпунктах 11) и 12) части первой настоящего пункта, определяется на основании решения Правительства Республики Казахстан.

      Статья 15. Распределение сумм кредитов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Нур-Султане, Алматы, Шымкенте, Семее и моногородах на 2021 год определяется на основании решения Правительства Республики Казахстан.

      Статья 16. Распределение и (или) порядок использования средств на реализацию мероприятий Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017 - 2021 годы "Еңбек" определяются на основании решения Правительства Республики Казахстан.

      Статья 17. Распределение и (или) порядок использования средств на возмещение ущерба работникам ликвидированных шахт, переданных товариществу с ограниченной ответственностью "Карагандаликвидшахт", определяются на основании решения Правительства Республики Казахстан.

      Статья 18. Утвердить резерв Правительства Республики Казахстан на 2021 год в сумме 400 556 007 тысяч тенге.

      Статья 19. Учесть, что в составе затрат Министерства национальной экономики Республики Казахстан на 2021 год предусмотрены средства на формирование и хранение государственного материального резерва в сумме 12 917 877 тысяч тенге с отражением в доходах республиканского бюджета средств от реализации материальных ценностей, выпущенных в порядке освежения, в сумме 3 585 654 тысяч тенге.

      Статья 20. Учесть, что в составе затрат Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан на 2021 год предусмотрены средства для перечисления акционерному обществу "Национальная компания "КазАвтоЖол" на выполнение обязательств по договору доверительного управления государственным имуществом в сумме 37 940 506 тысяч тенге.

      Статья 21. Предусмотреть в республиканском бюджете на 2021 год 709 873 тысячи тенге для погашения и обслуживания гарантированных государством займов.

      Статья 22. Установить, что лимит предоставления государственных гарантий Республики Казахстан в 2021 году не применяется.

      Статья 23. Установить, что лимит по государственным гарантиям по поддержке экспорта в 2021 году не применяется.

      Статья 24. Установить лимит правительственного долга на 31 декабря 2021 года в размере 18 105 000 000 тысяч тенге.

      Статья 25. Установить, что лимит предоставления поручительств государства на 2021 год не применяется.

      Статья 26. Установить лимит государственных обязательств по проектам государственно-частного партнерства, в том числе государственных концессионных обязательств Правительства Республики Казахстан, на 2021 год в размере 2 255 422 282 тысячи тенге.

      Статья 27. Утвердить перечень республиканских бюджетных программ (подпрограмм), не подлежащих секвестру в процессе исполнения республиканского бюджета на 2021 год, согласно приложению 5 к настоящему Закону.

      Установить, что в процессе исполнения местных бюджетов на 2021 год не подлежат секвестру местные бюджетные программы согласно приложению 6 к настоящему Закону.

      Статья 28. Настоящий Закон вводится в действие с 1 января 2021 года.

      Президент
Республики Казахстан