"Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 546 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 84-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларында:

      2-тармақтың екінші бөлігінің 17) тармақшасындағы "жер аударуда болған уақыты есептеледі." деген сөздер "жер аударуда болған уақыты;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:

      "18) жедел-іздестіру қызметін және (немесе) анықтауды жүзеге асырған, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына сәйкес экономикалық тергеу қызметіне өткен қызметкерлердің кеден органдарындағы қызметі есептеледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 18 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 129 "Об утверждении Правил исчисления выслуги лет военнослужащим, сотрудникам специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лицам, права которых иметь воинские или специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2020 года № 546. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2023 года № 733.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.08.2023 № 733 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 2014 года № 129 "Об утверждении Правил исчисления выслуги лет военнослужащим, сотрудникам специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лицам, права которых иметь воинские или специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 9, ст. 84) следующее дополнение:

      в Правилах исчисления выслуги лет военнослужащим, сотрудникам специальных государственных и правоохранительных органов, государственной фельдъегерской службы, а также лицам, права которых иметь специальные звания, классные чины и носить форменную одежду упразднены с 1 января 2012 года, утвержденных указанным постановлением:

      часть вторую пункта 2 дополнить подпунктом 18) следующего содержания:

      "18) служба в таможенных органах сотрудников, осуществлявших оперативно-розыскную деятельность и (или) дознание, перешедших в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 августа 2014 года № 933 "О ведомствах центральных исполнительных органов Республики Казахстан" в службу экономических расследований.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 18 ноября 2014 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин