"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Нұр-Сұлтан қаласындағы әкімшілік ғимараты" құрылыс объектісі ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектілерге жатқызылсын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |