"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:
1) Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 14 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазыбек бидің есімі;
2) Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 19 жалпы орта мектеп" комуналдық мемлекеттік мекемесіне Төле бидің есімі;
3) Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 22 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бауыржан Момышұлының есімі;
4) Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 23 ІТ-мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жұмабек Тәшеневтің есімі;
5) Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 24 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұстафа Шоқайдың есімі;
6) "Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 26 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әйтеке бидің есімі;
7) Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 27 ІТ-мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;
8) Түркістан қаласы әкімдігінің адами капиталды дамыту бөлімінің "№ 21 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мырзахан Пошановтың есімі;
9) Жетісай ауданы білім бөлімінің "№ 28 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Хиуаз Доспанованың есімі;
10) Жетісай ауданы білім бөлімінің "№ 8 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алпамыс батырдың есімі;
11) Келес ауданы әкімдігінің "Келес аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Әшірәлі Кенжеевтің есімі берілсін.
2. Мынадай білім беру ұйымдары:
1) Жетісай ауданы білім бөлімінің "Г.Титов атындағы № 54 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жетісай ауданы білім бөлімінің "Ілияс Есенберлин атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Жетісай ауданы білім бөлімінің "А.Чехов атындағы № 62 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Жетісай ауданы білім бөлімінің "Кенесары хан атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Ордабасы ауданы білім бөлімінің "Батсу" жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ордабасы ауданды білім бөлімінің "Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "№ 33 "Жуантөбе" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |