Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жолда:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"
4) | Мамандарға сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде және жетім балаларға, ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат-үйлерде жұмыс істегені үшін: | |||
ұйымның бірінші басшысы және оның орынбасарлары, дәрігерлер | БЛА-дан 210 % | |||
орта медициналық персонал | БЛА-дан 120 % | |||
педагогикалық персонал | БЛА-дан 120 % | |||
санитар, күтуші | БЛА-дан 50 % |
"; |
мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"
11) | Есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылған адамдарды мәжбүрлеп емдеу жөніндегі мамандандырылған психиатриялық ауруханада жұмыс істегені үшін |
| ||
12) | Мамандарға медициналық ұйымдар үшін медициналық, санитариялық-шаруашылық және арнайы мүлікті жинақтаумен және сақтаумен, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі медициналық қызметті қалыптастырумен тұрақты жұмыс істегені, төтенше жағдайларда халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек пен медициналық мүліктің резервін қамтамасыз еткен үшін: | |||
ұйымның бірінші басшысы және оның орынбасарлары, дәрігерлер | БЛА-дан 100 % | |||
орта медициналық персонал | БЛА-дан 80 % |
"; |
реттік нөмірі 5-жол мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"
7) | Жұмысы психоэмоциялық және дене жүктемелері дәрежесімен ұштасатын, жіті бақыланатын республикалық психиатриялық аурухананың мамандарына: | Жұмысы психоэмоциялық және дене жүктемелері дәрежесімен ұштасатын, жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухананың мамандарына | ||
ұйымның бірінші басшысы және оның орынбасарлары, дәрігерлер | БЛА-дан 150 % | |||
орта медициналық персонал | БЛА-дан 80 % | |||
8) | Жұмысы психоэмоциялық және дене жүктемелері дәрежесімен ұштасқан республикалық лепрозорий мамандарына: | Жұмысы психоэмоциялық және дене жүктемелері дәрежесімен ұштасқан республикалық лепрозорий мамандарына | ||
ұйымның бірінші басшысы және оның орынбасарлары, дәрігерлер | БЛА-дан 250 % | |||
орта медициналық персонал | БЛА-дан 150 % |
"; |
көрсетілген қаулыға 21-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 9 және 10-жолдармен толықтырылсын:
"
9. |
Жұмысы психоэмоциялық және дене жүктемелері дәрежесімен ұштасқан республикалық лепрозорий мамандарына: | Алапес микобактериялары тудыратын созылмалы инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен жұмыстағы үнемі жүйке-эмоциялық күйзеліс. Зор шыдамдылық таныту және аса зейінді болу, психоэмоциялық ширығу – науқастарымен қарым-қатынастың күрделілігі, сондай-ақ патогенді инфекциямен жанасудың тұрақты тәуекелінің болуы |
10. |
Жұмысы психоэмоциялық және дене жүктемелері дәрежесімен ұштасатын, жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухананың мамандарына: | Мәжбүрлеп емдеуде жүрген, есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылған науқастармен жұмыстағы үнемі жүйке-эмоциялық күйзеліс. Зор шыдамдылық таныту және аса зейінді болу, психоэмоциялық ширығу – айналасындағыларға ерекше қауіп төндіретін және тұрақты және қарқынды бақылауды талап ететін, ауыр психикалық бұзылулардан зардап шегетін науқастармен қарым-қатынаста болудың күрделілігі. |
". |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |