Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ұйым) 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімді іске асыру шеңберінде іске асырылмаған бастапқы материал үшін Қазақстан Республикасының кірісі болып табылатын ақша баламасын алуға Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымы болып айқындалсын.
2. Ұйым ресейлік уәкілетті ұйыммен іске асырылмаған бастапқы материал құнының ақшалай баламасын аудару туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасасын.
3. Шартта іске асырылмаған бастапқы материал құнының мынадай формуласы айқындалсын:
P = V * PUF6 *(100%—D)/100%
мұнда:
P – іске асырылмаған бастапқы материалдың құны;
V – іске асырылмаған бастапқы материал көлемі;
PUF6 –уран гексафторидінің (UF6) бір килограмы үшін (UF6 spot) соңғы 5 айдағы споттық бағаларының АҚШ долларымен орташа арифметикалық мәні.
Материалдың бір килограмының бағасын айқындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 қаулысымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесінен екі мамандандырылған агенттіктің (UxC және TradeTech) баға белгіленімдері пайдаланылады.
D – 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап іске асырылмаған бастапқы материалды сақтау шығындары, сондай-ақ материал бойынша шектеулерге байланысты шығыстар, шартты шығыстар және басқалар ескерілетін 5,5 % мөлшеріндегі келісілген шама.
1. Ұйым іске асырылмаған бастапқы материал үшін ақшалай баламаны алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджеттік түсімдерінің сыныптамасына сәйкес көрсетілген баламаны республикалық бюджеттің кірісіне аударсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |