Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-1, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; №24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар):
22) 98-баптың 1-тармағының 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"22) аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеуді жүргізу қағидаларын, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекітеді;".
2. "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., № 14, 49-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) автомобиль жолы - автомобильдердің және басқа да көлік құралдарының белгіленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздіксіз, қауіпсіз жүрісін қамтамасыз ететін, автомобильдер жүрісіне арналған инженерлік құрылыстар кешені, сондай-ақ осы кешенді орналастыру үшін берілген жер учаскелері (көлік жерлері) және жол қызметі объектілерін қоса алғанда, олардың үстіндегі белгіленген габарит шегіндегі әуе кеңістігі;";
13-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13-3) Жол активтері сапасының ұлттық орталығы - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарауындағы заңды тұлға, оған жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру, сондай-ақ автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибе учаскелерін алып жүру жөніндегі функциялар жүктелген;";
мынадай мазмұндағы 13-4) тармақшамен толықтырылсын:
"13-4) жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау - автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезінде техникалық тексеру бойынша сараптама жұмыстарының түрі;";
15-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15-2) жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль жолдарының қауіпсіз жұмыс істеуін, қолданыстағы жол инфрақұрылымын қолдау мен жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені;";
2) 5-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушының ұлттық оператормен немесе автомобиль жолдарын өзге де басқарушылармен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады.
Ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) шарт жасасу сәті ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) кіру сәті болып табылады. Ұлттық оператор немесе автомобиль жолдарын өзге де басқарушылар мен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялы болып табылады.";
3) 5-2-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мыналар:
жедел медициналық жәрдем ұйымдарының; авариялық-құтқару қызметтерінің; құқық қорғау органдарының; арнаулы мемлекеттік органдардың;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының;
ақылы автомобиль жолдарын кешенді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымдардың автокөлік құралдары;";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және оларға теңестірілген адамдардың жеңіл автомобильдері;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің жеңіл автомобильдері босатылады.";
4) 12-бапта:
36-1) және 36-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"36-1) автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
36-2) автомобиль жолдарының жол инфрақұрылымы қауіпсіздігі мониторингінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
38-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"38-1) жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару жөніндегі жұмыстар мен керсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;";
5) 14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жаңа автомобиль жолдарын салу немесе қолданыстағыларын реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама құрылыстың жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге жатады. Автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен ведомстволық сараптама жүргізіледі.";
6) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жобалау құжаттамасын әзірлеушінің авторлық қадағалауы, өндірістік - жұмыстарды орындаушы және автомобиль жолдарын салуға, реконструкцияға, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге техникалық қадағалауды тапсырыс беруші дербес не тиісті аттестаты бар ұйымдар мен сарапшыларды тарту арқылы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарынан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасыныц заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
7) 20-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) бойынша жол жүру төлемін жүргізуге;";
8) 30-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
"2-2) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің көлік инфрақүрылымын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;".
3. "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 3 7-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат):
6-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "индустрия және сауда саласындағы" деген сөздер "индустриялық қызмет саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-1-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы "инвестициялар және даму жөніндегі" деген сөздер "индустриялық қызмет саласындағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 1 13-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 124-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
"1-2) жедел-энергия аудиті - қысқартылған бағдарлама бойынша және жабдықты ең төменгі пайдалану арқылы жүргізілетін энергия аудиті;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) квазимемлекеттік сектор субъектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) нысаналы энергия аудиті - нысаналы сипаты бар немесе көлемі бойынша да, өткізу уақыты бойынша да шектеуі бар, ерікті негізде жүргізілетін энергия аудиті;";
мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
"5-2) тапсырыс берушілер - ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеітік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлгалар;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) - энергетикалық ресурстарды пайдаланудан алынған әсердің осындай әсер алу мақсатында жүргізілген олардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамасы;";
12-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12-2) энергия аудиторы - "Энергия аудиті" бағыты бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сәйкестік сертификаты бар жеке тұлға;";
мынадай мазмұндағы 17-2), 17-3) және 17-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"17-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (энергия менеджменті) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын, энергия тұтынуды мониторингтеу, бағалау рәсімдері мен әдістемелерінің іс-шаралар жоспарларын және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да іс-қимылдарды әзірлеуді және іске асыруды қамтитын, энергетикалық ресурстарды ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және басқару объектісінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталган әкімшілік іс-қимылдар кешені;
17-3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификаты - энергия аудиторының немесе сарапшының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін куәландыратын, персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі орган беретін құжат;
17-4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты - дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлға;";
2) 5-бапта:
6-8) тармақшадағы "технологиялық процесстердің," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-15) және 6-16) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-15) энергия тұтыну нормативтерін есептеу жөніндегі әдістемені бекітеді;
6-16) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";
9) тармақшадағы ", суды" деген сөз алып тасталсын;
12-1), 13-1), 13-2), 13-3) және 13-6) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3), 16-4) және 16-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"16-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне багалау жүргізеді;
16-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мониторингінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
16-3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
16-4) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;
16-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың мониторингін жүргізеді;";
3) 6-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) уәкілетті органмен келісім бойынша үш жылға арналған энергия үнемдеу жөніндегі жол карталарын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды іске асыруды жүзеге асырады;";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) уәкілетті органмен келісім бойынша үш жылға арналған энергия үнемдеу жөніндегі жол карталарын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды іске асыруды жүзеге асырады;";
4) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.";
5) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
"7-1 бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылау
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектіге (объектіге) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.
2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілер бақылау субъектілері болып табылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау:
1) энергия аудиторлық ұйымдар мен оқу орталықтарынан;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтынан;
3) ашық ақпарат көздерінен, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын деректер мен ақпаратты салыстыру арқылы жүргізіледі.
5. Уәкілетті органның ведомствосы бақылау субъектісінің әрекетінде (әрекетсіздігінде) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынымды ресімдейді және бақылау субъектісіне жібереді.
6. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде сынамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымды алғаны туралы оған белгі қойылған күннен бастап;
2) пошта арқылы - тапсырыс хатпен жіберілген пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабарланған күннен бастап;
3) электрондық тәсіл - бақылау субъектісінің сұрау салынған кезде хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.
Бақылау субъектісі ұсынымды қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізуші немесе тапсырушы адам ұсынымға тиісті белгі соғады, ол уәкілетті органның ведомствосына қайтарылады.
Бақылау субъектісінің ұсынымды қабылдаудан бас тартуы одан әрі процестік әрекеттер жасауға кедергі келтірмейді.
7. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, уәкілетті органның ведомствосына ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
8. Ұсыным, орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі хабарламада көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оны табыс еткен (алған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жылына екі реттен асырылмай жүргізіледі.";
6) 9-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін немесе жеке сәйкестендіру нөмірін, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлерін;";
2) тармақшадағы "және суды" деген сөздер алып тасталсын;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының көшірмесін, сондай-ақ осы іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтыруларды және (немесе) өзгерістерді;
4) есепті кезең үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижелерін;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) энергия аудиті қорытындысының көшірмесін қамтиды.";
7) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мемлекеггік мекемелер болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:
1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін, атауын, мекенжайы мен қызметінің негізгі түрлерін;
2) күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай мәндегі энергетикалық ресурстарды тұтыну көлемін;
3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды және бар болған жағдайда энергия аудиті немесе техникалық есеп қорытындыларының көшірмесін;
4) есепті кезеңде жылу беру көздерін және үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың ауданы бірлігіне шаққанда жылытуға арналған энергетикалық ресурстардың шығысын;
5) негізгі энергия тұтыну жабдығын қамтиды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы баптың 1 және 1 -1-тармақтарында көрсетілген ақпаратты Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынады.
Бұл ретте осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақпарат энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік тергетикалық тізілім субъектілері бар болған жағдайда жылына шартты отынның бір мың бес жүзден кем тоннаға барабар көлемде береді.";
7) 13-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "2,5" деген сөз "1,0-ден жоғары" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 14-баптың 3-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) штатында кемінде төрт энергия аудиторы болуға тиіс;";
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) энергия аудиторлық ұйымның басшысы үшін "Энергия аудиті" бағыты бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында сайкестік сертификаты болуға тиіс;";
9) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы персоналдың сәйкестігін растау Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы персоналдың (энергия аудиторының, энергия менеджерінің немесе сарапшының) сәйкестігін растау "Техникалық реттеу туралы" және "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.";
10) 16-бапта:
мынадай мазмұндағы 1 -1-тармақпен толықтырылсын:
"1 -1. Дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы тек қана үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға энергия аудитін, сондай-ақ нысаналы энергия аудитін жүргізуге құқылы.
Дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларына қойылатын талаптар:
1) "Энергия аудиті" бағыты бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сәйкестік сертификатының болуы;";
2) уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарының тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығы немесе өзге де заңды негізде иелік етуге тиіс.
Дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы және (немесе) энергия аудиторы қызметін бір ғана энергия аудиторлық ұйым құрамында жүзеге асыруға құқылы.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің нәтижелері бойынша жасалады.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі техникалық есеп нысаналы энергия аудитінің нәтижелері бойынша жасалады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүргізілген міндетті энергия аудитінің қорытындысы бойынша іс-шара жоспарларын әзірлейді және бекітеді. Іс-шара жоспары энергия аудиті мен энергия тиімділігін арттыру қорытындысын алған күннен бастап алты ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әрбір бес жылда кемінде бір рет міндетті энергия аудитінен өтеді.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Экспресс-энергия аудиті:
1) міндетті энергия аудитінің алдыңғы екі қорытындылар болған жағдайда;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебінен соңғы бес жыл ішінде кемінде он бес пайыз көлемінде энергия үнемдеу әлеуетіне қол жеткізу немесе бес жыл ішінде кемінде он бес пайыз көлемінде өнім бірлігіне олардың үлестік энергия тұтынуын төмендету;
3) ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келетін қолданыстагы энергия менеджменті жүйесінің (сәйкестік сертификатының) болуы шарттарының бірдей орындалуы кезінде жүргізіледі.
Энергетикалық ресурстарды шартты отынның жылына бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды ала отырып, міндетті энергия аудитінің орнына экспресс-энергия аудитін жүргізуге құқылы.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Энергия-аудиторлық ұйымдарға немесе дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларға:
энергия аудиторлық ұйымдар және (немесе) дара кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторлары, сондай-ақ осы энергия аудитін жүзеге асыратын олардың жұмыскерлері (энергия аудиторлары) қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге;
энергия аудитін жүзеге асыратын, аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұратын немесе аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетін субъект акцияларының (немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылатын жұмыскерлерге (энергия аудиторларына);
энергия аудиторлық ұйымның дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) тапсырыс берушіге тікелей немесе жанама түрде болған жағдайларда жүргізіледі. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілігін білдіреді;
энергия аудитін жүзеге асыратын, аудиттелетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері бар жұмыскерлерге (энергия аудиторларына);
энергия аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерін қоспағанда, егер ұйымдардың аудиттелетін субъект алдында немесе аудиттелетін субъектінің ұйымдар алдында ақшалай міндеттемелері бар болса, энергия аудитін жүргізуге тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері міндетті энергия аудитін мынадай жағдайларда жүргізбейді:
1) энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз тоннадан кем барабар көлемінде тұтынса;
2) балансында энергетикалық ресурстарды тұтыну объектілері болмаса;
3) энергетикалық ресурстарды көлік құралдарын пайдалану мақсатында тұтынса;
4) егер тарихи-мәдени мұра объектісі немесе ғибадат үйі, ғимараты және құрылысы болып табылса.";
11) 20-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты:";
6) тармақшада:
"Мемлекеттік" деген сөздің алдынан "іс-шаралар жоспарларының тиімділігін бағалау мен талдауды," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынуына мониторинг жүргізеді;
6-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу кезінде және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптарға қатысты тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін өзекті ету бойынша ұсынымдарды дайындауға уәкілетті органға жәрдемдеседі;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы акпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетуге жәрдемдеседі;";
12) 21-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасында:
"өндіруді және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
", суды" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Тапсырыс берушілер болып табылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды олардың энергия тиімділігі жөніндегі талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.";
3-тармақта "мен судың" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру бойынша жауапты тұлғаны тағайындауға міндетті.";
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Энергия аудиторлық ұйымдар және дара кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторлары:";
13) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Уәкілетті органның лауазымды тұлғасының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
Дара және (немесе) заңды тұлғалар уәкілетті органның лауазымды тұлғасының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.".
5. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжаттар; №11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат, 158-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2-қосымшадағы 369-2-жол алып тасталсын;
3-қосымшадағы 49-тармақ "Энергия аудиті мен" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап 12 ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының он алтыншы абзацын, 9) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 12) тармақшасының он бірінші абзацын, 5-тармағының екінші абзацын;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 7) тармақшасын;
ұлттық стандарттар қабылданған күннен, бірақ ерте дегенде 2022 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының он үшінші абзацын, 2) тармақшасының жетінші абзацын, 8) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарын, 10) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші және алтынша абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Энергия аудиторларының аттестаттары ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап 12 ай өткен соң кейін жарамсыз деп танылады.
Қазақстан Республикасының Президенті |