Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 19 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының азаматтық алуының оңайлатылған тәртібі туралы конвенцияға қатысушы болмау ниеті туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 19 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының азаматтық алуының оңайлатылған тәртібі туралы конвенцинға қатысушы болмау ниеті туралы
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастыгының Атқарушы комитетін Қазақстан Ресгіубликасының 1996 жылғы 19 қаңтарда Мәскеуде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының азаматтық алуының оңайлатылған тәртібі туралы конвенцияға қатысушы болмау ниеті туралы хабардар етсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |