Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Латвия Республикасының Үкіметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 қарашада Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы хабардар етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |