"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай білім беру ұйымдарына:
1) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 14 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Хиуаз Доспанованың есімі;
2) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 15 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ілияс Есенберлиннің есімі;
3) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 23 орта мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлімхан Ермековтің есімі;
4) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе қаласының № 25 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұзафар Әлімбаевтың есімі;
5) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 35 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Халел Досмұхамедұлының есімі;
6) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 70 жалпы білім беретін орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мәлік Ғабдуллиннің есімі;
7) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 71 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлкей Марғұланның есімі;
8) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 73 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұқағали Мақатаевтың есімі;
9) "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үш тілде оқытатын № 21 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әл-Фарабидің есімі берілсін.
2. Мынадай білім беру ұйымдары:
1) "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобда гимназиясы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі – "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Исатай Тайманов атындағы гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобда орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі "Қобда аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қобыланды батыр атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |