Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 748 қаулысы

      Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін жан-жақты зерделеу және шешу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;

      2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарларынан, Мемлекеттік комиссияның хатшысынан және мүшелерінен тұрады.

      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып табылады.

      5. Мемлекеттік комиссияның құрамы мемлекеттік органдар басшыларының, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, ғалымдардың қатарынан жасақталады.

      6. Төрағаның шешімі бойынша Мемлекеттік комиссияға тиісті салалардың сарапшылары, өзге де адамдар дербес енгізілуі мүмкін.

2-тарау. Мемлекеттік комиссияның міндеті, функциялары мен өкілеттіктері


      7. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті саяси қуғын-сүргін құрбандарын заңдық және саяси тұрғыдан толық ақтау болып табылады.

      8. Мемлекеттік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) саяси қуғын-сүргін және заңсыз қудалаудың құрбандарына қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмысын аяқтау бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;

      2) саяси қуғын-сүргін құрбандарын заңдық және саяси тұрғыдан толық ақтау үшін заң жобалары мен заңға тәуелді актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және Үкіметке енгізу;

      3) жазықсыз сотталған және саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, өмірі мен бас бостандығынан айырылған, психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емдетілген, елден қуылған және саяси нанымы, таптық, әлеуметтік, ұлттық, діни немесе өзге де тиесілігі бойынша құқықтары мен бостандықтары өзгедей шектеуге ұшыраған адамдарды ақтау процестерін ғылыми зерделеу және жүргізу әдіснамасын айқындау бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;

      4) Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының іс жүзінде ақталмаған санаттарының толық тізбесін, оның ішінде: қолданыстағы заңнамада қамтылмаған құрбандар санаттарын; заңнамада аталған, бірақ іс жүзінде ақталмаған құрбандар санаттарын айқындау бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу.

      Қуғын-сүргін құрбандарының құқықтық жағынан ғана емес, саяси тұрғыдан да ақталуға жататын санаттарының толық тізбесін, оның ішінде: Қазақстанның азаттығы, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күрескендерді; өздерінің идеологиялық, ғылыми, шығармашылық, рухани-мәдени құндылықтары мен нанымы үшін қуғын-сүргінге ұшырағандарды айқындау бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, прокуратура органдарының және басқа да мемлекеттік мекемелердің архивтеріндегі жабық қорлардың саяси қуғын-сүргін жөніндегі материалдарының комиссия мүшелеріне, зерттеушілерге және ұрпақтарға қолжетімді болуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;

      6) мемлекеттік органдардың саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;

      7) Қазақстан Республикасында саяси қуғын-сүргіннің ақталған құрбандарының құқықтарын қалпына келтіруде әдістемелік және құқықтық көмек көрсету бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;

      8) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын, оның ішінде Қазақстанның азаттығы, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күресте ерлік көрсеткендерді мәңгі есте қалдыру бойынша мемлекеттік бағдарламаның әзірленуімен қабылдануын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;

      9) ақталғандардың құқықтарын қалпына келтіру мәселелері жөніндегі өтініштер мен шағымдарды қарау бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу.

      9. Мемлекеттік комиссия өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында:

      1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді, саяси қуғын-сүргін құрбандарын заңдық және саяси тұрғыдан ақтауға, оларды мәңгі есте қалдыруға байланысты, сондай-ақ Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескендердің ерлігі мен батырлығы мәселелері бойынша ұсынымдар енгізеді;

      2) қуғын-сүргін құрбандарының түрлі санаттарын ақтау әдіснамасын тұжырымдау үшін кіші комиссияларды және өз қызметінің бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ жиналған материалдарды жинақтау үшін жұмыс топтарын құрады (жұмыс топтары алдына қойылған міндеттер бойынша талдамалық қорытындылар дайындайды және оларды Мемлекеттік комиссияның отырыстарына шығарады);

      3) Мемлекеттік комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, өзге де ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарын қарайды;

      4) Мемлекеттік комиссия қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларын және өзге де лауазымды адамдарды тыңдайды;

      5) мемлекеттік органдар мен өзгеде ұйымдардан мемлекеттік комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті құжаттар мен материалдарды сұратады және алады;

      6) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жабық қорларындағы материалдарды құпиясыздандыру жөнінде қор түзеушілерге ұсынымдар енгізеді. Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жабық қорларындағы материалдарды құпиясыздандыру "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңында (бұдан әрі–Заң) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады;

      7) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жабық қорларындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдарға рұқсат алады. Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жабық қорларындағы материалдарға рұқсат алу Заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі;

      8) Мемлекеттік комиссияның міндеттерінен туындайтын өзге де шараларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      10. Мемлекеттік комиссияның жұмысы оның отырыстарын, кіші комиссиялардың, жұмыс топтарының отырыстарын және өзге де
іс-шараларды өткізу арқылы жүзеге асырылады.

      11. Мемлекеттік комиссияның отырыстары жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.

      12. Мемлекеттік комиссияның отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен шешімдері қабылданады. Мемлекеттік комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.

      13. Мемлекеттік комиссияның отырыстарында Мемлекеттік комиссияның функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында жұмыс топтарының жүргізген жұмысы туралы есептері қаралады.

      14. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына Мемлекеттік комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

      15. Мемлекеттік комиссияның төрағасы:

      1) Мемлекеттік комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның отырыстарында төрағалық етеді;

      2) Мемлекеттік комиссияның міндеттерін орындауға бағытталған шараларды тұжырымдаумен іске асыру бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

      3) Қазақстан Республикасының Президентіне жылына бір рет Мемлекеттік комиссияның атқарылған жұмысы туралы хабардар етеді;

      4) Мемлекеттік комиссия отырысының күн тәртібін айқындайды және хаттамасына қол қояды;

      5) қажет болған кезде Мемлекеттік комиссияның міндеттерін іске асыру үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдайды;

      6) кіші комиссиялардың және жұмыс топтарының басшыларын тағайындайды;

      7) Мемлекеттік комиссияның жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мамандарды, ғалымдар мен сарапшыларды тартады;

      8) Мемлекеттік комиссияның міндеттерінен туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      16. Мемлекеттік комиссияның төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін төраға белгілеген орынбасары атқарады.

      17. Мемлекеттік комиссияның хатшысы:

      1) Мемлекеттік комиссияның отырыстарына материалдар, сондай-ақ хаттамалық шешімдердің жобаларын дайындауды ұйымдастырады;

      2) Мемлекеттік комиссияның мүшелеріне кезекті отырыстың өтетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабар береді, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

      3) Мемлекеттік комиссияның төрағасына ол қабылдаған шешімдерді орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп ұсынады;

      4) Мемлекеттік комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      18. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      19. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы:

      1) Мемлекеттік комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      2) Мемлекеттік комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен қызметтік хат жазысуды жүргізеді;

      3) кіші комиссиялар мен жұмыс топтарының алдына қойылған міндеттерді орындауда олардың қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық және талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      4) Мемлекеттік комиссияның қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      20. Мемлекеттік комиссияның өзіне жүктелген міндеттерді орындауда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар оған өз құзыреті шегінде көмек көрсетеді.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
  2020 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Мемлекеттік комиссияның төрағасы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары

      "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Мемлекеттік комиссия төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, Мемлекеттік комиссия хатшысы

      Мемлекеттік комиссияның мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар​ және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

      Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты

      Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі

      Ашуев Жұмабек – Қазақстанның жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының президенті (келісім бойынша)

      Аяған Бүркітбай Ғелманұлы – Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

      Әбжанов Ханкелді Махмудұлы – "Әділет" Қазақстан тарихи-ағарту қоғамының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің "Рухани жаңғыру" орталығының жетекшісі, ҚР ҰҒА академигі (келісім бойынша)

      Әнес Ғарифолла Қабдулқайырұлы – "Саяси қуғын-сүргін құрбандары" музейінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

      Борчашвили Исидор Шамилович – заң ғылымдарының докторы, "Астана" Халықаралық университетінің Қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-процестік проблемаларды зерттеу институтының директоры (келісім бойынша)

      Гривенная Людмила Александрова – М.Қ. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент (келісім бойынша)

      Калашникова Наталья Павловна – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

      Кан Георгий Васильевич – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

      Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы – "Әділет" Қазақстан тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, жазушы (келісім бойынша)

      Көшім Досмахамбет Қалмаханұлы – "Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қабулдинов Зиябек Ермұханұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

      Қамзабекұлы Дихан – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА академигі (келісім бойынша)

      Қасымов Сабыр Ахметжанұлы – "Қаһармандар" РҚҚ президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)

      Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті "Айтылған тарих" ғылыми зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі (келісім бойынша)

      Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы – "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің басқарма төрағасы, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

      Нұртаев Рамазан Тұяқұлы – заң ғылымдарының докторы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры(келісім бойынша)

      Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы – "Қазақстан қаhармандары" ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы (келісім бойынша)

      Омарбеков Талас Омарбекұлы – Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу жөніндегі республикалық орталықтың директоры, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры,
ҚР ҰҒА құрметті академигі (келісім бойынша)

      Саиров Ерлан Бияхметұлы – Еуразиялық интеграция институтының директоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

      Сәрпеков Рамазан Құмарбекұлы – заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының директоры

      Сарым Айдос Әміроллаұлы – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы (келісім бойынша)

      Федоров Яков Иванович – "Nur Otan" партиясы жанындағы "Мирас" қоғамдық кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, "Алаш" қозғалысы мен партиясын зерттеуші (келісім бойынша).

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 ноября 2020 года № 748

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

О Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий

      В целях всестороннего изучения и решения вопросов реабилитации жертв политических репрессий ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Образовать Государственную комиссию по полной реабилитации жертв политических репрессий (далее – Государственная комиссия).

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) Положение о Государственной комиссии;

      2) состав Государственной комиссии.

      3. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      4. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 2020 года №

ПОЛОЖЕНИЕ
о Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий

Глава 1. Общие положения

      1. Государственная комиссия по полной реабилитации жертв политических репрессий (далее – Государственная комиссия) является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан.

      2. Государственная комиссия руководствуется в своей деятельности Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Государственная комиссия состоит из председателя, заместителей председателя, секретаря и членов Государственной комиссии.

      4. Председателем Государственной комиссии является Государственный секретарь Республики Казахстан.

      5. Состав Государственной комиссии формируется из числа руководителей государственных органов, представителей общественных организаций, ученых.

      6. По решению председателя в Государственную комиссию персонально могут быть включены эксперты соответственных отраслей, иные лица.

Глава 2. Задача, функции и полномочия Государственной комиссии

      7. Основной задачей Государственной комиссии является полная юридическая и политическая реабилитация жертв политических репрессий.

      8. Государственная комиссия осуществляет следующие функции:

      1) выработка предложений по завершению работы по восстановлению исторической справедливости в отношении жертв политических репрессий и незаконного преследования;

      2) выработка и внесение предложений в Правительство по разработке нормативных правовых актов для полной юридической и политической реабилитации жертв политических репрессий;

      3) выработка и внесение предложений по определению методологии научного изучения и проведения процессов реабилитации лиц, невинно осужденных и подвергшихся политическим репрессиям, лишению жизни и свободы, принудительному лечению в психиатрических учреждениях, изгнанию из страны и иным ограничениям прав и свобод по политическим убеждениям, классовой, социальной, национальной, религиозной или иной принадлежности;

      4) выработка и внесение предложений по определению полного перечня категорий фактически не реабилитированных жертв политических репрессий в Казахстане, в том числе: категории жертв, неохваченных действующим законодательством; категории жертв, названных в законодательстве, но фактически не реабилитированных.

      Выработка и внесение предложений по определению полного перечня категорий жертв репрессий, подлежащих не только правовой, но и политической реабилитации, в том числе: борцы за свободу, независимость и территориальную целостность Казахстана; репрессированные за свои идеологические, научные, творческие, духовно-культурные ценности и убеждения.

      5) выработка и внесение предложений по обеспечению доступности для членов комиссии, исследователей и потомков материалов по политическим репрессиям закрытых фондов, находящихся в архивах Президента Республики Казахстан, Министерства внутренних дел, Комитета национальной безопасности, органов прокуратуры и других государственных учреждений;

      6) выработка и внесение предложений по координации деятельности государственных органов по вопросам реабилитации жертв политических репрессий;

      7) выработка и внесение предложений по оказанию методического и правового содействия в восстановлении прав реабилитированных жертв политических репрессий в Республике Казахстан;

      8) выработка и внесение предложений по обеспечению разработки и принятия Государственной программы по увековечению памяти жертв политических репрессий, в том числе проявивших героизм в борьбе за свободу, независимость и территориальную целостность Казахстана;

      9) выработка и внесение предложений по рассмотрению заявлений и жалоб по вопросам восстановления прав реабилитированных.

      9. В целях решения возложенных на нее задач Государственная комиссия:

      1) вносит предложения по разработке проектов нормативных правовых актов, рекомендации по вопросам, связанным с юридической и политической реабилитацией, увековечения памяти о жертвах политических репрессий, а также подвигов и героизма борцов за свободу и независимость Казахстана;

      2) создает подкомиссии для выработки методологии по реабилитации различных категорий жертв репрессий и рабочие группы для внесения предложений по направлениям своей деятельности, а также свода собранных материалов (рабочие группы готовят аналитические заключения по поставленным перед ними задачам и выносят их на заседания Государственной комиссии);

      3) рассматривает предложения государственных органов, общественных объединений, иных организаций и граждан по вопросам, входящим в компетенцию Государственной комиссии;

      4) заслушивает руководителей государственных органов и иных должностных лиц по вопросам деятельности Государственной комиссии;

      5) запрашивает и получает от государственных органов и иных организаций документы и материалы, необходимые для реализации задач Государственной комиссии;

      6) вносит рекомендации фондообразователям по вопросам рассекречивания материалов, находящихся в закрытых фондах государственных органов и организаций. Рассекречивание материалов, находящихся в закрытых фондах государственных органах и организаций, производится в порядке, установленном Законом Республики Казахстан от 15 марта 1999 года "О государственных секретах" (далее-Закон);

      7) получает доступ к материалам о жертвах политических репрессий, находящимся в закрытых фондах государственных органов и организаций. Получение доступа к материалам, находящихся в закрытых фондах государственных органах и организаций, производится в порядке, установленном Законом;

      8) осуществляет иные меры, вытекающие из задач Государственной комиссии.

Глава 3. Организация деятельности Государственной комиссии

      10. Работа Государственной комиссии осуществляется путем проведения ее заседаний, заседаний подкомиссий, рабочих групп и иных мероприятий.

      11. Заседания Государственной комиссии проводятся не менее одного раза в полугодие.

      12. Решения Государственной комиссии принимаются большинством голосов от общего числа ее членов, присутствующих на заседании. При равенстве голосов членов Государственной комиссии голос председательствующего является решающим.

      13. На заседаниях Государственной комиссии рассматриваются отчеты рабочих групп о проводимой ими работе по реализации функций и задач Государственной комиссии.

      14. На заседания Государственной комиссии могут приглашаться должностные лица, не являющиеся членами Государственной комиссии, а также представители общественных организаций и средств массовой информации.

      15. Председатель Государственной комиссии:

      1) осуществляет общее руководство деятельностью Государственной комиссии и председательствует на ее заседаниях;

      2) координирует деятельность государственных органов и иных организаций по выработке и реализации мер, направленных на выполнение задач Государственной комиссии;

      3) информирует Президента Республики Казахстан о проделанной работе Государственной комиссии один раз в год;

      4) определяет повестку дня и подписывает протокол заседания Государственной комиссии;

      5) при необходимости принимает решение о создании рабочей группы для реализации задач Государственной комиссии;

      6) назначает руководителей подкомиссий и рабочих групп;

      7) привлекает к работе Государственной комиссии в установленном законодательством Республики Казахстан порядке специалистов, ученых и экспертов;

      8) осуществляет иные функции, вытекающие из задач Государственной комиссии.

      16. В отсутствие председателя Государственной комиссии его обязанности исполняет заместитель, определенный председателем.

      17. Секретарь Государственной комиссии:

      1) организует подготовку материалов к заседаниям Государственной комиссии, а также проектов протокольных решений;

      2) информирует членов Государственной комиссии о месте, времени проведения и повестке дня очередного заседания, своевременно обеспечивает их необходимыми материалами;

      3) представляет председателю Государственной комиссии отчет о проделанной работе по исполнению принятых ею решений;

      4) осуществляет по поручению председателя Государственной комиссии иные функции.

      18. Рабочим органом Государственной комиссии является Министерство образования и науки Республики Казахстан.

      19. Рабочий орган Государственной комиссии:

      1) осуществляет информационно-аналитическое обеспечение деятельности Государственной комиссии;

      2) ведет с государственными органами, должностными лицами и организациями служебную переписку по вопросам, отнесенным к компетенции Государственной комиссии;

      3) осуществляет организационное, информационное и аналитическое обеспечение деятельности подкомиссий и рабочих групп в выполнении поставленных перед ними задач;

      4) осуществляет иные полномочия, необходимые для обеспечения деятельности Государственной комиссии.

      20. Центральные государственные и местные исполнительные органы в пределах своей компетенции оказывают содействие Государственной комиссии в выполнении возложенных на нее задач.


  УТВЕРЖДЕН
Указом Президента
Республики Казахстан
от 2020 года №

СОСТАВ
Государственной комиссии по полной реабилитации жертв политических репрессий

      Государственный секретарь Республики Казахстан, председатель Государственной комиссии

      Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, заместитель председателя Государственной комиссии

      первый заместитель председателя партии "Nur Otan", заместитель председателя Государственной комиссии (по согласованию)

      первый заместитель Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан, заместитель председателя Государственной комиссии

      вице-министр образования и науки Республики Казахстан, секретарь Государственной комиссии

      члены Государственной комиссии:

      заместитель Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан

      депутат Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

      депутат Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

      депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан, доктор юридических наук (по согласованию)

      депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

      помощник Президента – заведующий Отделом по контролю за рассмотрением обращений граждан Администрации Президента Республики Казахстан

      Министр обороны Республики Казахстан

      Министр внутренних дел Республики Казахстан

      Министр информации и общественного развития Республики Казахстан

      Министр юстиции Республики Казахстан

      Министр образования и науки Республики Казахстан

      Министр культуры и спорта Республики Казахстан

      председатель Судебной коллегии по уголовным делам Верховного Суда Республики Казахстан (по согласованию)

      первый заместитель Генерального прокурора Республики Казахстан (по согласованию)

      заместитель Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию)

      заместитель Министра иностранных дел Республики Казахстан

      вице-министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

      вице-министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

      заместитель Председателя, заведующий Секретариатом Ассамблеи народа Казахстана

      заведующий Отделом внутренней политики Администрации Президента Республики Казахстан

      заместитель акима Кызылординской области, кандидат исторических наук

      аким Улытауского района Карагандинской области

      Абжанов Хангельды Махмудович – председатель историко-просветительского общества Казахстана "Адилет", доктор исторических наук, профессор, руководитель Центра "Рухани жаңғыру" Казахского государственного аграрного университета, академик Национальной академии науки Республики Казахстан (по согласованию)

      Анес Гарифолла Кабдулкаирулы – заведующий музеем "Саяси қуғын-сүргін құрбандары", доктор филологических наук (по согласованию)

      Ашуев Жумабек – президент Казахстанской ассоциации жертв массовых политических репрессий (по согласованию)

      Аяган Буркитбай Гельманулы – заместитель директора Института истории государства, доктор исторических наук, профессор (по согласованию)

      Борчашвили Исидор Шамилович – доктор юридических наук, директор Института по исследованию уголовно-правовых и уголовно-процессуальных проблем Международного университета "Астана" (по согласованию)

      Гривенная Людмила Александровна – заведующий кафедрой Ассамблеи народа Казахстана Северо-Казахстанского государственного университета имени М.К. Козыбаева, кандидат исторических наук, доцент (по согласованию)

      Кабульдинов Зиябек Ермуханович – директор Института истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан, доктор исторических наук (по согласованию)

      Калашникова Наталья Павловна – профессор Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева, доктор политологии (по согласованию)

      Камзабекулы Дихан – проректор Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева, академик Национальной академии науки Республики Казахстан (по согласованию)

      Кан Георгий Васильевич – профессор кафедры Ассамблеи народа Казахстана Казахского национального педагогического университета имени Абая, доктор исторических наук (по согласованию)

      Касымов Сабыр Ахметжанулы – президент Республиканский общественный фонд "Қаһармандар", заслуженный деятель Республики Казахстан, кандидат юридических наук (по согласованию)

      Койгельдиев Мамбет Кулжабаевич – директор Научный исследовательский центр "Айтылған тарих" Казахского национального педагогического университета имени Абая, доктор исторических наук, профессор, академик Национальной академии науки Республики Казахстан (по согласованию)

      Койшибаев Бейбит Орынбекулы – заместитель председателя историко-просветительского общества Казахстана "Адилет", кандидат исторических наук, писатель (по согласованию)

      Кошим Досмахамбет Калмаханович – председатель общественного объединения "Ұлт тағдыры" (по согласованию)

      Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы – председатель правления Республиканской газеты "Егемен Қазақстан", доктор исторических наук (по согласованию)

      Нуртаев Рамазан Туякович– доктор юридических наук, профессор Казахского гуманитарного юридического университета (по согласованию)

      Озгамбаев Омирзак Озгамбаевич – заместитель председателя совета ветеранов "Қазақстан қаhармандары", доктор исторических наук (по согласованию)

      Омарбеков Талас Омарбекулы – директор Республиканского центра по изучению традиционных цивилизаций Центральной Азии, доктор исторических наук, профессор Казахского национального университета имени аль-Фараби, почетный академик Национальной академии науки Республики Казахстан (по согласованию)

      Саиров Ерлан Бияхметович – директор Института евразийской интеграции, член Национального совета общественного доверия при Президенте Республики Казахстан (по согласованию)

      Сарпеков Рамазан Кумарбекович – кандидат юридических наук, директор Республиканского государственного предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан (по согласованию)

      Сарым Айдос Амироллаевич – член Национального совета общественного доверия при Президенте Республики Казахстан, политолог (по согласованию)

      Федоров Яков Иванович – член Общественного совета "Мирас" при партии "Nur Otan", общественный деятель, исследователь движения и партии "Алаш" (по согласованию).