"Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 қарашадағы № 760 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 37, 508-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының азаматтарына "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелге кетуі мемлекеттік құпияларға рұқсатты ресімдеу кезінде еңбек шартында (келісімшартта) көзделген мерзімге уақытша шектелуі мүмкін.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, атқарушылық құжатты беруге негіз болған тиісті орган шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 361 "Об утверждении Правил оформления документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 ноября 2020 года № 760. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2023 года № 758.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.09.2023 № 758 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 361 "Об утверждении Правил оформления документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 37, ст. 508) следующие изменение и дополнение:

      в Правилах оформления документов на выезд за пределы Республики Казахстан на постоянное место жительства, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Гражданам Республики Казахстан временно отказывается в выезде из Республики Казахстан по основаниям, предусмотренным статьей 56 Закона Республики Казахстан от 22 июля 2011 года "О миграции населения".

      Выезд гражданина Республики Казахстан за границу может быть временно ограничен на срок, предусмотренный трудовым договором (контрактом), при оформлении допуска к государственным секретам.";

      пункт 7 дополнить подпунктом 3-1) следующего содержания:

      "3-1) заключенное со взыскателем мировое соглашение, утвержденное судом; соглашение об урегулировании спора со взыскателем в порядке медиации; документы, подтверждающие исполнение взыскания или иного требования исполнительного документа; документы, подтверждающие отмену решения соответствующего органа, на основании которого выдан исполнительный документ, если гражданин Республики Казахстан является должником по исполнительному производству;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин