Маңғыстау облысының кейбір мәдениет және спорт ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 768 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шоқыр Бөлтекұлының есімі берілсін.

      2. Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Мұнайлы аудандық орталық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О присвоении наименования и переименовании некоторых организаций культуры и спорта Мангистауской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 ноября 2020 года № 768.

      В соответствии с подпунктом 4-1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 1996 года № 281 "Об утверждении Правил присвоения наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическими другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан, а также переименования, уточнения и изменения транскрипции их наименований и присвоения собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Присвоить коммунальному государственному учреждению "Мангистауская районная детско-юношеская спортивная школа" Мангистауского районного отдела культуры, физической культуры и спорта имя Шокыра Болтекулы.

      2. Переименовать государственное коммунальное казенное предприятие "Мунайлинский районный центральный дом культуры" Мунайлинского районного отдела культуры, физической культуры и спорта в государственное коммунальное казенное предприятие "Районный центральный дом культуры имени Фаризы Онгарсыновой" Мунайлинского районного отдела культуры, физической культуры и спорта.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин