"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі" республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен заңнамада белгіленген тәртіппен "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 781 қаулысына қосымша |
"Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілетін республикалық мүліктің тізбесі
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Құрастырылған компьютер | дана | 2 |
2 | Монитор (Acer) | дана | 7 |
3 | Qmax жүйелі блогы | дана | 4 |
4 | Lenovo Thi компьютері | дана | 3 |
5 | Дербес компьютер | дана | 1 |
6 | Жиынтық компьютер | дана | 2 |
7 | Lenovo 17 TF мониторы | дана | 1 |
8 | Принтер | дана | 4 |
9 | Жиынтық компьютер (монитор, жүйелік блог) | дана | 1 |
10 | Эргономикалық үстел (9001ST) | дана | 1 |
11 | Жазу үстелі (0160ST) | дана | 2 |
12 | HOKS үстелі | дана | 3 |
13 | Үстел | дана | 3 |
14 | ИЗО орындық | дана | 9 |
15 | Құжаттарға арналған шкаф 800*400*2100 | дана | 2 |
16 | Киімдерге арналған шкаф 800*400*2100 | дана | 2 |