"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай білім беру ұйымдарына:
1) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің № 2 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шапық Шөкиннің есімі;
2) "Железин ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 3 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Міржақып Дулатұлының есімі берілсін.
2. Мынадай білім беру ұйымдарының атауы:
1) "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының Северный жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ертіс ауданы әкімдігінің "Ертіс ауданының Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |