"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функциялары:

      мынадай мазмұндағы 38-1) және 38-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "38-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдері жөнінде ұсыныстар енгізу;

      38-2) жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайларда броньнан шығару тәртібімен оларды шығару бойынша тапсырыс берушінің көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 "О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 января 2021 года № 21.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 71 "О некоторых вопросах министерств здравоохранения и национальной экономики Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2017 г., № 6, ст. 41) следующие дополнения:

      в Положении о Министерстве здравоохранения Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 16:

      функции центрального аппарата:

      дополнить подпунктами 38-1) и 38-2) следующего содержания:

      "38-1) внесение предложений по номенклатуре и объемам хранения материальных ценностей государственного резерва;

      38-2) осуществление функций заказчика по приобретению услуг по поставке, хранению лекарственных средств и медицинских изделий мобилизационного резерва и их выпуску в порядке освежения и разбронирования в случаях изменения номенклатуры;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин