Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 71, 643-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Мемлекеттік өртке қарсы қызмет | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
". |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |