"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 49 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 772 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2023 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде республикалық комиссия отырысының мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ЖАО комиссиясы отырысының мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижелеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті береді.

      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖОКБҰ-ның тілдік даярлықты күшейтуге арналған даярлық бөлімдерін бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ-ның ректоры қол қойған бітіргені туралы транскрипт ұсынады.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.

      Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.

      Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.

      Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 13 – 20 шілде аралығында қабылданады.

      Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ЖАО комиссиясы отырысының мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы таңдаған мамандығы бойынша білім алуға қарсы айғақтардың жоқ екені туралы медициналық қорытындыны береді.";

      13-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар.";

      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.";

      19-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде білім беру грантын тағайындау, білім беру грантын беру туралы куәлікті беру, білім беру грантын қайтару мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. "Магистр" дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу үшін білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламаларының бір тобы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) нәтижелеріне сәйкес конкурстық негізде беріледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші 20 тамызға дейін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті береді.

      Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламасының тобын және үш ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.

      Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.";

      23-тармақ мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлікті беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын қайтару мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.";

      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. ЖАО білім беру гранттары өңірдің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі есебімен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріліп, ҰБТ немесе КТ нәтижелеріне сәйкес беріледі.

      28. ЖАО білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына жоғары білім алуға ақы төлеу үшін 5-10 тамыз аралығында осы Қағидалардың 7-10-тармақтарына сәйкес немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін 24-25 тамыз аралығында осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.

      Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      Мерзімнің өзгеруі туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.

      ЖАО білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурс осы Қағидалардың 13-16, 21 және 23-тармақтарында көзделген тәртіппен өткізіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 58 "Об утверждении Правил присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 февраля 2021 года № 49. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 сентября 2023 года № 772.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.09.2023 № 772 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 58 "Об утверждении Правил присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 2, ст. 24) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах присуждения образовательного гранта для оплаты высшего или послевузовского образования с присуждением степени "бакалавр" или "магистр", утвержденных указанным постановлением:

      пункт 4 дополнить частями четвертой и пятой следующего содержания:

      "В случаях введения чрезвычайного положения, возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, глобального или регионального, а также местного масштабов, сроки проведения заседаний республиканской комиссии определяются уполномоченным органом в области образования.

      Информация об изменении сроков публикуется на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа в области образования, в средствах массовой информации, на соответствующих компонентах веб-портала "электронного правительства".";

      пункт 5 дополнить частями шестой и седьмой следующего содержания:

      "В случаях введения чрезвычайного положения, возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, глобального или регионального, а также местного масштабов, сроки проведения заседаний комиссии МИО определяются уполномоченным органом в области образования.

      Информация об изменении сроков публикуется на официальном интернет- ресурсе уполномоченного органа в области образования, в средствах массовой информации, на соответствующих компонентах веб-портала "электронного правительства".";

      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Образовательные гранты для оплаты высшего образования с присуждением степени "бакалавр" за счет средств республиканского бюджета (далее – образовательные гранты высшего образования) присуждаются на конкурсной основе по конкретным группам образовательных программ в соответствии с результатами Единого национального тестирования (далее – ЕНТ) согласно очередности групп образовательных программ, заявленных поступающими, с выдачей свидетельства о присуждении образовательного гранта.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования поступающий подает в приемную комиссию организации высшего и (или) послевузовского образования (далее – ОВПО) и (или) через веб-портал "электронного правительства" заявление на бланке установленного образца.

      Лица, окончившие подготовительные отделения ОВПО на основе государственного образовательного заказа с усиленной языковой подготовкой, представляют транскрипт об окончании, подписанный ректором ОВПО.

      Лица, имеющие документы об образовании организаций образования, реализующих образовательные программы технического и профессионального, послесреднего образования, подтвердившие квалификацию и имеющие стаж работы по соответствующей специальности не менее одного года, дополнительно подают один из документов, предусмотренных в статье 35 Трудового кодекса Республики Казахстан.

      В заявлении для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта высшего образования поступающий указывает выбранную им группу образовательных программ высшего образования и ОВПО.

      При совпадении профильных предметов поступающий может указать до четырех групп образовательных программ.

      Заявления для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов за счет средств республиканского бюджета принимаются с 13 по 20 июля.

      В случаях введения чрезвычайного положения, возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, глобального или регионального, а также местного масштабов, сроки приема заявлений для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов за счет республиканского бюджета определяются уполномоченным органом в области образования.

      Информация об изменении сроков публикуется на официальном интернет- ресурсе уполномоченного органа в области образования, в средствах массовой информации, на соответствующих компонентах веб-портала "электронного правительства".";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Граждане, имеющие инвалидность первой и второй групп, дети-инвалиды, а также инвалиды с детства представляют в приемную комиссию ОВПО и (или) через информационную систему медицинское заключение об отсутствии противопоказаний для обучения по выбранной специальности.";

      подпункт 5) пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "5) дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, а также граждане Республики Казахстан из числа молодежи, потерявшие или оставшиеся без попечения родителей до совершеннолетия, инвалиды первой и второй групп, ветераны боевых действий на территории других государств, ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, инвалиды с детства, дети-инвалиды, которым согласно медицинскому заключению не противопоказано обучение в соответствующих организациях образования, и лица, имеющие документы об образовании (свидетельства, аттестаты, дипломы) с отличием.";

      часть первую пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Конкурс для лиц казахской национальности, не являющихся гражданами Республики Казахстан, детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, а также граждан Республики Казахстан из числа молодежи, потерявших или оставшихся без попечения родителей до совершеннолетия, инвалидов первой и второй групп, ветеранов боевых действий на территории других государств, ветеранов, приравненных по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны, инвалидов с детства, детей-инвалидов, которым согласно медицинскому заключению не противопоказано обучение в соответствующих организациях образования, проводится по утвержденным квотам от общего объема утвержденного государственного образовательного заказа среди указанных категорий.";

      пункт 19 дополнить частями восьмой и девятой следующего содержания:

      "В случаях введения чрезвычайного положения, возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, глобального или регионального, а также местного масштабов, сроки присуждения образовательного гранта, выдачи свидетельства о присуждении образовательного гранта, возврата образовательных грантов определяются уполномоченным органом в области образования.

      Информация об изменении сроков публикуется на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа в области образования, в средствах массовой информации, на соответствующих компонентах веб-портала "электронного правительства".";

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Образовательные гранты для оплаты послевузовского образования с присуждением степени "магистр" за счет средств республиканского бюджета (далее – образовательные гранты послевузовского образования) присуждаются на конкурсной основе в соответствии с результатами комплексного тестирования (далее – КТ) по одной группе образовательных программ, заявленных поступающими, с выдачей свидетельства о присуждении образовательного гранта послевузовского образования.";

      пункт 22 изложить в следующей редакции:

      "22. Для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта послевузовского образования поступающий до 20 августа подает в приемную комиссию ОВПО или через информационную систему заявление на бланке установленного образца.

      Поступающий в магистратуру в заявлении указывает группу образовательных программ и три ОВПО.

      В случаях введения чрезвычайного положения, возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, глобального или регионального, а также местного масштабов, сроки приема документов для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта послевузовского образования определяются уполномоченным органом в области образования.

      Информация об изменении сроков публикуется на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа в области образования, в средствах массовой информации, на соответствующих компонентах веб-портала "электронного правительства".";

      пункт 23 дополнить частями восьмой и девятой следующего содержания:

      "В случаях введения чрезвычайного положения, возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, глобального или регионального, а также местного масштабов, сроки выдачи свидетельств о присуждении образовательного гранта послевузовского образования, возврата образовательных грантов послевузовского образования определяются уполномоченным органом в области образования.

      Информация об изменении сроков публикуется на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа в области образования, в средствах массовой информации, на соответствующих компонентах веб-портала "электронного правительства".";

      пункты 27 и 28 изложить в следующей редакции:

      "27. Образовательные гранты МИО присуждаются на конкурсной основе с учетом потребности региона в кадрах с высшим и послевузовским образованием по группам образовательных программ в соответствии с результатами ЕНТ или КТ согласно очередности групп образовательных программ, заявленных поступающими, с выдачей свидетельства о присуждении образовательного гранта.

      28. Для участия в конкурсе на присуждение образовательного гранта МИО поступающий подает в приемную комиссию ОВПО документы в соответствии с пунктами 7 - 10 настоящих Правил для оплаты высшего образования с 5 по 10 августа или пунктом 22 настоящих Правил для оплаты послевузовского образования – с 24 по 25 августа.

      В случаях введения чрезвычайного положения, возникновения чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, глобального или регионального, а также местного масштабов, сроки приема заявлений для участия в конкурсе на присуждение образовательных грантов за счет местного бюджета определяются уполномоченным органом в области образования.

      Информация об изменении сроков публикуется на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа в области образования, в средствах массовой информации, на соответствующих компонентах веб-портала "электронного правительства".

      Конкурс по присуждению образовательных грантов МИО проводится в порядке, предусмотренном пунктами 13 16, 21 и 23 настоящих Правил.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин