"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2021 жылы екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 191 қаулысына қосымша |
2021 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердің саны
Р/с | Әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлер | Саны |
1. | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері | 150 |
2. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі | 40 |
БАРЛЫҒЫ | 190 |