Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
"Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:
"Б" корпусы" деген бөлімде:
С санаттарының тобында:
С-1 санаты:
"Шетелдегі мекеменің кеңесшісі - уәкілі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Баспасөз хатшысы";
С-3 санатында:
"Орталық атқарушы органның бірінші басшысының көмекшісі, кеңесшісі, баспасөз хатшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық атқарушы органның бірінші басшысының көмекшісі, кеңесшісі";
D санаттарының тобында:
D-2 санаты:
"Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Баспасөз хатшысы";
D-3 санатында:
"Баспасөз хатшысы" деген жол алып тасталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |