Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Өкілетті Кеңесінің құрамына:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |